Юньнань өлкесінің Гуншан ауданы Дулунцзян ауылындағы кедей бұқараны экологиялық жолмен сүйемелдеу
Юньнань өлкесінің Гуншань Дулун-Нузу автономиялы ауданына қарасты Дулунцзян ауылы Қытай мен Мьянманың шекарасына, Юньнань өлкесі мен Тибет автономиялы регионының түйіліскен жеріне орналасқан, еліміздегі бірден-бір Дулун ұлты шоғырлы қоныстанған өңір, шекара желісінің ұзындығы 97,30 километр, бүкіл ауылдың жалпы халық саны 4272 адам, 99%-ы Дулундар. Дулунцзян ауылының жаратылыстық ортасы тамаша, онда мол хайуанаттар мен өсімдіктер байлығы бар. Қазіргі уақытта Дулунцзян ауылының орманмен көмкерілу мөлшері 93,10%-дан асады, Дулун дариясы алабынан жоғары санаттағы өсімдіктердің 1000 нан астам түрі мен жабайы жануарлардың 1151 түрі байқалған, бұл ара аты затына сай табиғи геоморфологиялық мұражай, биоорганизмдер гендік қоры, “Юньнань туризмiнiң ең соңғы бір байырғы сырлы өңір” .
Ерекше табиғи шарт-жағдайдың, әлеуметтік өсіп-жетілу деңгейінің шектемесіне ұшырауға байланысты, бұрындары Юньнаньның Дулунцзян ауылындағы Дулун бұқарасы “ауыспалы егіс егу, егістікті ақ қалдыру, өртеңге егін салу, көп егіп, аз өнім алу” сияқты өндіріс, тұрмыс тәсіліне сүйеніп бейнетті күн кешкен. Дәстүрлі өндіріс, тұрмыс тәсілі Дулундықтарды “ауылдағы ағаш кесіле-кесіле азайған, тау өртей-өртей тазығырланған, бұқара “кедейлік шегінде” жанталасқан ауыр халге алып келді. 2011 жылғы Дулун бұқарасының жан басындық таза кірісі 1255 юань ғана болды. Мемлекет табиғи орманды қорғау, егістік жерлерге қайтадан орман өсіру саясатын атқарғаннан кейін, тауы жасыл түске еніп, суы тұнып тазарды, бірақ экологияны қорғау мен Дулун ұлты бұқарасының өмір сүру қайшылығы әлі де көрнекті болды. Экологиялық ортаны қорғау мен бұқараның кедейліктен арылып, баюы арасындағы қатынасты дұрыс шешу жергілікті үкіметтің ежелден баса мән беріп келе жатқан қызмет.
Дулунцзян ауылының экологиясын қорғау мен бұқараның кедейліктен құтылып, байюы арасындағы қайшылықты дұрыс шешудің негізгі ойы – қорғау барысында дамыту, дамыту барысында кедейліктен арылту. Жергілікті үкімет ауыл жағдайын тиянақ етіп, кең көлемде дәлелдеме жүргізіп, “экологиялық ауыл құру, кәсіп саласы арқылы ауылды байыту, ғылым-техника, оқу-ағарту арқылы ауылды көркейту, шекарадағы ұлттық мәдени саяхат арқылы ауылды жандандыру” сынды даму ой желісін алға қойды, қорғауды алдыңғы орынға қою алғышартында, ормандық жерлерге бағытталған ерекше шаруашылықты дамыту, экологиялық өтемақы беру саясатын атқару, сыртқы күштердің көмегімен жергілікті бұқараның ішкі қозғаушы күшін қаулату арқылы сол жердің өзінде бір тобын кедейліктен арылтты. Экологиялық өтемақы беру саясатын атқарып, еңбек қабілеті бар кедейлерді сол жердің өзінде орман қорғаушысы немесе экологияны қорғау қызметкері етіп, еңбекақы сипатты тұрақты кірісті жүзеге асырды; “Отын орнына электр істету” нысанын атқарып, дәстүрлі өндіріс, өмір салтын өзгертті; экологиялық кәсіп саласы кооперативін құрып, бұқараның экологияны қалпына келтіру инженериясы мен экологиялық шаруашылық нысандарына қатынасу арқылы сол жердің өзінде табыс көзін жүзеге асырды. 2018 жылдың соңында Дулунцзян ауылы Дулун ұлты тұтасымен кедейліктен арылды. Бұл Си Цзиньпиннің экологиялық өркениет идеясының жанды практикасы.
云南贡山县独龙江生态扶贫
云南省贡山独龙族怒族自治县独龙江乡地处中缅和滇藏结合部,是全国唯一的独龙族聚居地,国境线长达97.30千米,全乡总人口4272人,99%为“直过民族”独龙族。独龙江乡具有独特的自然地理环境和丰富的动植物资源。目前,森林覆盖率高达93.10%,独龙江流域已发现高等植物1000多种、野生动物1151种,是名副其实的自然地貌博物馆、生物物种基因库、“云南旅游的最后一片原始秘境”。
受特殊的自然条件和社会发育程度制约,过去,云南独龙江乡独龙族群众靠“轮歇烧荒、刀耕火种、广种薄收”等生产生活方式艰难度日。传统的生产生活方式导致独龙江乡的“树越砍越少,山越烧越秃”,群众却一直在“贫困线”上挣扎,到2011年独龙族群众人均纯收入仅为1255元。国家实施天然林保护、退耕还林政策后,山绿了、水清了,而生态保护和独龙族群众生存的矛盾依然突出。正确处理好生态环境保护与群众脱贫致富之间的关系,是当地党委、政府历来高度重视的工作。
破解独龙江乡生态保护与群众脱贫致富矛盾的基本思路,是在保护中发展,在发展中脱贫。当地党委、政府立足乡情、广泛论证,提出“生态立乡、产业富乡、科教兴乡、边境民族文化旅游活乡”的发展思路,在保护优先的前提下发展林下特色产业和实施生态补偿政策,并通过外部力量的帮助,激发当地群众的内生动力,实现就地脱贫一批。实施生态补偿政策,让有劳动能力的贫困人口就地转成护林员或生态保护人员,实现工资性的稳定收入;实施“以电代柴”项目,改变传统的生产生活方式;成立生态产业合作社,让群众通过参与生态修复工程和生态产业项目,就地实现劳务收入。2018年年底,独龙江乡独龙族实现整族脱贫,这是习近平生态文明思想的生动实践。