Фуцзянь өлкесі Чантин ауданында судың зая болуы мен топырақтың шайылуын жөнге салу
Чантин ауданы Фуцзянь өлкесінің батыс бөлегіне, У-и тауының оңтүстік баурайына орналасқан, Фуцзянь, Гуандун және Цзянси өлкелерімен шекараласады, жер ауданы 3099 шаршы километр, мұның ішінде шамамен 85%-ға жуығы таулы аймақты құрайды, “тауы көп, суы мен егінжайы аз” таулы аудан есептеледі. Таяу заманнан бері табиғи апат, халық санының артуы және соғыс зобалаңы сияқты факторларға байланысты, Чантин ауданында судың зая болуы мен топырақтың шайылуы мәселесі барған сайын ауырлады. “Тауы тазығыр, суы лай, егінжайының топырақ қабаты жұқа, халқы кедей күй кешу” бір кездегі жергілікті жердің табиғи ортасының нашарлауының, бұқараның тұрмысындағы кедейліктің нақты бейнесі саналатын. Судың зая болуы мен топырақтың шайылуын жөнге салу Чантинның экономикалық, әлеуметтік дамуды ілгерілетудегі маңдай алды әрі жапалы міндетіне айналды.
1983 жылы Чантин ауданы судың зая болуы мен топырақтың шайылуын көлемді тізгіндеуге кірісті. Осыдан кейінгі 10 неше жылда ағаш отырғызып, шөп өсіру, тауды қорып, орман өсіру сияқты шаралар арқылы жергілікті орынның судың зая болуы мен топырақтың шайылу жағдайы алғашқы адымда тізгінделді. XXI ғасырдың басында Си Цзиньпин Фуцзянь өлкесінде қызмет істеген кезінде ілгерінді-кейінді 5 рет Чантин ауданына барып тексеріп-зерттеп, жетекшілік етіп, қағыр тауларды түбегейлі жоюға аттанысқа келтіру бұйрығын шығарды, Чантин ауданының судың зая болуы мен топырақтың шайылуын жөнге салу Фуцзянь өлкесінің халық үшін нақты істер істеу нысанына енгізіліп, судың зая болуы мен топырақтың шайылуын жөнге салу мен экологиялық құрылыстың жүйелі, ғылыми, өнімді жолға түсуін ілгерілетті. 2011 жылдың желтоқсан айы мен 2012 жылдың қаңтар айында Си Цзиньпин Чантин ауданының судың зая болуы мен топырақтың шайылуын жөнге салу жөнінде арт-артынан екі рет маңызды нұсқау жасап: Чантин ауданының қазіргі кезде судың зая болуы мен топырақтың шайылуын жөнге салудың төтенше маңызды кезеңінде тұрғанын, егерде алға ұмтылса толық жеңіске жететінін, алға баспаса кері кететінін, сол үшін қолдау тебінін арттыра түсу керектігін, сонымен қатар, Чантинның тәжірибелерін қорытындылап, бүкіл ел көлемінде судың зая болуы мен топырақтың шайылуын жөнге салу қызметін ілгерілету керектігін атап көрсетті.
Осы талаптар бойынша Чантин халқы “мөлдір су, жасыл тау – баға жетпес байлық” дейтін ұстанымды берік орнатып, судың зая болуы мен топырақтың шайылуын жөнге салуды үздіксіз өрістетті. Мұның басты әдістері: парткомның басшылығына, үкіметтің жетекшілігіне табанды болу, партия мен үкімет басшыларын байланыстыратын жауапкершілік жүйесін орнату. Жөнге салу ұстанымын, техниканы иновациялау, инженериялық, биологиялық шаралар мен агротехникалық шараларды органикалы ұштастыру, жасанды жолмен жөнге салу мен экологияны қалпына келтіруді органикалы ұштастыру. Бұқараның негіздік рөлін толық сәулелендіру, жөнге салу бойынша ірі отбасыларын жетектеу, шаруаларды мердігерлікке шақыру, кәсіпорындарды белсене қатысуға жетектеу, судың зая болуы мен топырақтың шайылуын жөнге салудың құдіретті күш бірлігін қалыптастыру. Чантин халқы: “партком басшылық ететін, үкімет жетекшілік ететін, бұқара негіз болатын, қоғам ат салысатын, көп шараны қатар атқаратын, адамды негіз ететін”, судың зая болуы мен топырақтың шайылуын табандылықпен тізгіндейтін, табысты тәжірибелерді қорытындылай отырып, “қағыр тау – жасыл алқап – экологиялық мекен” сынды тарихи бұрылысты жүзеге асырды, экологиялық өркениет құрылысында тамаша нәтижелер жаратты, экономикалық, әлеуметтік дамудың көп жақты әсерін жарыққа шығарды. 2018 жылы Чантин ауданы кедейлік қалпағын алып тастады. Чантин ауданының судың зая болуы мен топырақтың шайылуын жөнге салу барысы Қытайдың экологиялық өркениет құрылысы жөнінде ізденістер жасауының жанды ықшам көрінісі, ол бүкіл елге су мен топырақты сақтау және экологияны қорғау, қалпына келтіру үшін өнеге болатын үлгі әзірледі.
福建长汀县水土流失治理
长汀县,地处福建省西部、武夷山南麓,是闽、粤、赣三省边陲要冲,土地面积3099平方公里,其中山地面积约占85%,是典型的“八山一水一分田”山区县。近代以来,受到自然灾害、人口增长和战乱频发等因素的影响,长汀县水土流失问题愈发严峻。“山光、水浊、田瘦、人穷”,曾是当地自然生态恶化、群众生活贫困的真实写照。治理水土流失,成为长汀推动经济社会发展的首要而艰巨的任务。
1983年,长汀县开始水土流失规模化治理。此后十余年间,通过人工植树种草、封山育林等措施,当地水土流失势头得到初步控制。21世纪初,习近平在福建工作期间,曾先后5次深入长汀调研指导,发出了彻底消灭荒山的动员令,长汀县水土流失治理被列为福建省为民办实事项目,推动水土流失治理和生态建设迈上规范、科学、有效的道路。2011年12月、2012年1月,习近平连续两次对长汀县水土流失治理作出重要批示,指出长汀县水土流失治理正处在一个十分重要的节点上,进则全胜,不进则退,应进一步加大支持力度。要总结长汀经验,推动全国水土流失治理工作。
按照这一要求,长汀人民牢固树立“绿水青山就是金山银山”的理念,持续开展水土流失治理。主要做法包括:坚持党委领导、政府主导,建立党政领导挂钩责任制。创新治理理念和技术,实行工程措施、生物措施和农业技术措施有机结合,人工治理与生态修复有机结合。充分发挥群众主体作用,培育大户引导治理、组织农民承包治理、引导企业积极参与治理,形成水土流失治理的强大合力。长汀人民用成功实践总结出“党委领导、政府主导、群众主体、社会参与、多策并举、以人为本、持之以恒”的水土流失治理经验,实现了“荒山—绿洲—生态家园”的历史性转变,创造了生态文明建设的佳绩,释放出经济社会发展的多重效应。2018年,长汀县摘帽脱贫。长汀县水土流失治理是中国探索生态文明建设的一个生动缩影,为全国水土保持和生态保护修复提供了样本与借鉴。