Сайханба экологиясын қалпына келтіру құрылысы
Сайханба Моңғол тілінде “көрікті жон” деген мағынада, Хэбей өлкесінің ең солтүстігіндегі Башаң өңіріне1 орналасқан. Тарихта бұл араның суы мол, шөбі шүйгін, орманы бітік, аң-құстары мол болған, Цин әулетінің Мулань шахналық қорығының бір бөлігі еді. XIX ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап, бұл арадан қорық ашылып, тың көтерілді, ағаштары беталды кесілді, сонымен қатар, соғыстың және дала өртінің салдарынан XX ғасырдың 50-ші жылдарының бас шеніне жеткенде, байырғы ормандар жойылып, ауа райы нашарлады, құмайттануы ауыр, шалғайдағы тұйықталған ұшы-қиырсыз шөл далаға айналды.
Жаңа Қытай құрылғаннан кейін мемлекет жерін жасылдандыруға төтенше мән берді. XX ғасырдың 50-ші жылдарының орта шенінде Мао Цзэдун “отанды жасылдандыру” ұлы үндеуін жариялады. 1961 жылы мемлекеттік орман министрлігі Хэбейдың солтүстігінен ірі механикалық орман алаңын құруды әрі Сайханбаны таңдау жөнінде шешім қабылдады. 1962 жылы Сайханба механикалы орман алаңы ресми құрылды. Бүкіл елдегі 18 өлке, қаладан келген 127 ЖОО мен техникумдардың түлектері жергілікті орындағы кадрлармен, жұмысшы-қызметкерлермен бірге 369 адамдық кәсіпкерлік ұжымын құрды, Сайханбада орман отырғызу мен көгалдандырудың тарихи шымылдығы ашылды.
Жарты ғасырдан астам уақыт үздіксіз күрес жүргізу арқылы үш ұрпақ Сайханбалықтар осы боранды, қақаған аязды, адам аяғы аз терістік үстіртте жалпы жер ауданы 1,12 миллион му, орманмен көмкерілу мөлшері 80%-ға жеткен дүниежүзіндегі ең үлкен жасанды орманды алапты қалыптастырып, Ішкі Моңғол автономиялы регионындағы Хуньшаньдакэ құмының оңтүстікке ағуын өнімді түрде бөгеді. Экономикалық даму мен экологиялық ортаны қорғаудың қатынасын ойдағыдай біржақты ету үшін, орман алаңы қатаң басқару, қорғау, ғылыми орман өсіру арқылы орман байлығының қауіпсіздігіне шынайы кепілдік етті әрі ең үлкен экологиялық пайда жеткізді; өздері топтаған қаржыны молайтып, озық техникаларды қолданып, қағыр, құмайт, құнарсыз жерлерде орман өсіруден қамал алып, ресурстардың запас қорын арттырды; кәсіп құрылымын сапалыландырып, ағаш кесу квотасын барынша азайтты, орман саяхат кәсібін, жасылдандыру ағаш кәсібін, сондай-ақ орман көміртек жинақтағышы нысанын ресурс абзалдылығына сүйеніп, тәртіпті, үнемді дамытып, осы орман аумағын біртіндеп орман алаңының өндірісі дамыған, жұмысшы-қызметкерлердің тұрмысы жақсарған, төңіректегі бұқараның кедейліктен арылып, баюындағы “ жасыл банкке” айналдырды.
2021 жылы тамызда Си Цзиньпин Сайханба механикалық орман алаңында қызмет тексергенде: Сайханба орман алаңы құрылысының тарихы жан тебірентерлік жапалы күрес тарихы. Сайханбалықтар іс жүзіндік әрекеттері арқылы миссияны естерінде берік сақтап, машақатпен кәсіп ашып, жасыл даму сынды Сайханба рухын сомдады, бұл бүкіл елдің экологиялық өркениет құрылысында маңызды үлгілік мәнге ие екенін атап көрсетті.
Сайханба миллион мулық жасанды орман аумағын қалыптастырып, дүниежүзінің экологиялық өркениет құрылысы тарихындағы типтік орман алаңын құрушылар БҰҰ-ның экологиялық ортаны қорғаудағы ең жоғары даңқ атағы “Жер шары қорғаушысы” силығын еншіледі, механикалық орман алаңы мемлекеттік кедейліктен арылтудан қамал алу күресінің үлгісі атағына ие болды. Сайханба орман алаңының практикасы экологиясы нәзік, экологиясы бұзылған өңірлерді ғылыми тұрақтандырып, ұзақ уақыт еңбек еткенде, табиғи экожүйені қалпына келтіруге, қайта құруға, құмды жер, қағыр тауларды мөлдір су, жасыл тауға айналдыруға болатынын; жасыл дамуға табанды болғанда ғана, экологиялық абзалдықты экономикалық абзалдыққа айналдырып, тұнық су мен жасыл тауды баға жетпес байлыққа айналдыруға болатынын дәлелдеді.
塞罕坝生态修复建设
塞罕坝,蒙古语中意为“美丽的山岭水源之地”,位于河北省最北部的坝上地区。历史上,这里水草丰美、森林茂密、鸟兽繁多,曾是清朝木兰围场的一部分。从19世纪60年代起,这里开围放垦,树木被大肆砍伐,加之战争和山火等原因,到20世纪50年代初期,原始森林荡然无存,退变为气候恶劣、沙化严重、偏远闭塞的茫茫荒原。
新中国成立后,国家十分重视国土绿化。20世纪50年代中期,毛泽东发出“绿化祖国”的伟大号召。1961年,国家林业部决定在河北北部建立大型机械林场,并选址塞罕坝。1962年,塞罕坝机械林场正式组建。来自全国18个省市的127名大中专毕业生,与当地干部职工一起组成了一支369人的创业队伍,拉开了塞罕坝造林绿化的历史帷幕。
经过半个多世纪的接力奋斗,三代塞罕坝人在这片风大寒冷、人迹罕至的塞外高原上,成功营造出总面积112万亩、森林覆盖率达到80%的世界上最大的人工林海,有效地阻滞了内蒙古浑善达克沙地南侵。为处理好经济发展与环境保护的关系,林场通过严格管护、科学营林,确保森林资源安全,并释放其最大生态红利;追加自筹资金,采用先进技术在荒山沙地、贫瘠山地开展攻坚造林,增加资源储备;优化产业结构,大幅压缩木材采伐限额,依靠资源优势有序有节地发展森林旅游观光业、绿化苗木产业及森林碳汇项目,使这片林海逐步成为林场生产发展、职工生活改善、周边群众脱贫致富的“绿色银行”。
2021年8月,习近平在塞罕坝机械林场考察时指出,塞罕坝林场建设史是一部可歌可泣的艰苦奋斗史。塞罕坝人用实际行动铸就了牢记使命、艰苦创业、绿色发展的塞罕坝精神,这对全国生态文明建设具有重要示范意义。
塞罕坝成功营造起百万亩人工林海,创造了世界生态文明建设史上的典型,林场建设者获得联合国环保最高荣誉——地球卫士奖,机械林场荣获全国脱贫攻坚楷模称号。塞罕坝林场的实践证明,对于生态脆弱、生态退化地区,只要科学定位,久久为功,自然生态系统就可以得到修复重建,让沙地荒山变成绿水青山;只要坚持绿色发展,就可以将生态优势转化为经济优势,让绿水青山成为金山银山。