Бейжің астананың көк аспанын қорғау шайқасының жеңісіне қол жеткізді
Қытайдың астанасы Бейжің тез қарқынмен дамыған мегақала. ұзақ уақыттан бері, Бейжің қаласының қала экономикасы тез қарқынмен дамып, қоғамдық өндіріс пен тұрмыстың жоғары деңгейде айналымы мен тиімсіз жер бедері климаты, атмосфераның ластануынан сақтану және оны жөнге салу істеріне орасан зор қиындықтар мен қысымдар ала келді. 2013 жылы қаңтарда Бейжің қаласында толассыз жалғасқан, кең аумақтағы, жоғары концентрациялды (қоюлығы) ауаның ауыр ластану жағдайы орын алды, Осы айдағы PM2.5–ның орташа массалық концентрациясы 160μg/m3-ге жақындап, ел іші-сыртындағылардың назарын айрықша аударды. Тараптар жан-жақты талдау жасай келе Бейжіңнің ауа сапасына әсер етіп отырған басты фактор көмірдің, автокөліктің, өнеркәсіптің және шаңның шамадан тыс шығарылғандығынан болып отыр деген қорытынды шығарды. Бейжіңнің ауа сапасы мемлекеттік стандарттан, қала тұрғындарының күткен үмітінен, астананың тұрақты функциялық орнынан әлі де алшақ жатыр, әсіресе, күз, қыс маусымдарында ауыр ластану жағдайы тұрлаусыз, жиі орын алып тұрады, бұл астананың халықаралық имиджіне және қала тұрғындарының бақыт көрсеткішіне ауыр ықпал жасайды.
2013 жылдан бері Бейжің қаласы Си Цзиньпиннің экологиялық өркениет идеясын басшылыққа ала отырып, көгілдір аспанды қала тұрғындарының бақытты өмірінің маңызды символы ретінде қарап, қоршаған ортаның ластануын жөнге салуда PM2.5 –ге барынша ден қойып, шығарындыларды азайтудың көмескі мүмкіндіктерін барынша ашып, атмосфераның ластануын бұрын-соңды болмаған күш-жігермен жөнге салды: ауаны тазарту іс-шаралар жоспарын атқарды, атмосфераның ластануын жөнге салу шаралары біртіндеп соңғы буындағы жөнге салудан тұтас барыстық басқаруға ойысты, концентрацияны бақылауға назар аударудан концентрация мен жалпы көлемге бірдей назар аударуға, кәсіпорындарды жөнге салуға мән беруден кәсіпорындарды жөнге салу мен өңірлерді және салаларды жөнге салуға тең мән беруге бұрылыс жасады, үкіметтің басқару-меңгеруіне мән беруден бүкіл қоғам бірге жөнге салуға ойысты, “көмір жағуды азайту, көліктерді тежеп істету, жанар майды аз тұтыну, шығарындыларды азайту, шаң-тозаңды тазарту” т.б. тараптарды өзек етіп, жүйелі жоспар жасау, өңірлер ынтымақтаса жөнге салу, энергетика мен шаруашылық құрылымына реттеу жүргізу, әлеуметті қатысуға ынталандыру сияқты тәсілдер арқылы, атмосфераның ластануын жөнге салу көп жақты, тұтас барыс бойынша өрістетіліп, ауа сапасын жақсартуа көрнекті нәтижеге қол жеткізді.
Бейжің қаласы қорытындылаған атмосфераның ластануын жөнге салу тәжірибелері басқа қалалар үшін үлгі болды. Жергілікті орындардың атмосфера сапасының жақсаруына қол жеткізе алуының тетігі әр дәрежелі парткомдар мен үкіметтердің пәрменді басшылық етуі мен бекімге келуінде, айқын нысана белгілеп, тірек болатын өнімді заң-ережелер мен саясат, жүйелер әзірлеп, дәлме-дәл, ұтымды шаралар қолданып жаппай, пәрменді тиянақтандыруында. Сонымен қатар, бұқараның белсене қатысуы да атмосфера ортасын жақсарту мен қоғамның жарасымдылығын жебеу жөнінен маңызы айырықша зор.
北京打赢首都蓝天保卫战
中国首都北京,是一座快速发展的特大型城市。长期以来,由于北京市城市经济快速发展,社会生产生活高位运行和不利的地形气候,大气污染防治面临巨大困难和压力。2013年1月,北京市发生了持续性、大范围、高浓度的空气重污染,当月PM2.5平均质量浓度接近160µg/m3,引起了国内外的高度关注。经过多方分析认为,影响北京空气质量的主因是燃煤、机动车、工业和扬尘等污染排放量过大。北京空气质量距离国家标准、市民期盼、首都功能定位还有很大差距,尤其在秋冬季,重污染易发、多发,严重影响首都国际形象和市民幸福指数。
自2013年以来,北京市以习近平生态文明思想为指导,将蓝天作为市民幸福生活重要标志,聚焦PM2.5污染治理,深挖减排潜力,以前所未有的力度治理大气污染:实施清洁空气行动计划,大气污染治理对策逐渐从末端治理转向全过程管控,从以浓度控制为主转向浓度与总量并重,从注重企业治理转向企业治理与区域和行业治理并重,从注重政府管控转向全社会共治,围绕“压减燃煤、控车减油、污染减排、清洁降尘”等方面,采取体系规划、区域协同治理、能源和产业结构调整、激励公众参与等方式,多方位、全过程地开展大气污染治理,空气质量改善成效显著。
北京市大气污染治理,为其他城市提供了值得借鉴的经验。实现地方大气环境质量改善关键在于各级党委、政府坚强领导和决心,制定清晰明确的目标,提供有效支撑的法规、制度和政策,以及精准有效的措施和全面有力的落实。同时,公众的积极参与对于推动大气环境改善和促进社会和谐至关重要。