Бас бет> Экологиялық Өркениет

“Мөлдір су, жасыл тау ― баға жетпес байлық” аньцзи үлгісі

(Экологиялық Өркениет)

09-01-2023 | russian.china.org.cn

“Мөлдір су, жасыл тау ― баға жетпес байлық” аньцзи үлгісі

Чжэцзян өлкесінің солтүстік-батысына орналасқан, Чанцзян дариясы атырауының географиялық орталығын алып жатқан Аньцзи ауданы Шаңхайдың Хуанпу дариясы бастау алатын, Ханчжоу қала шеңберінің солтүстік-батысындағы маңызды түйін саналады, Аньцзи ауданының жалпы аумағы 1886 шаршы километр, тіркелген халық саны 470 мың. Сонау жаңа ераның 185 жылы аудан болып құрылған, аудан есімі «Жырнамадағы» “Аньце Цзиси” (жайлы да әдемі) деген өлең тармағынан алынған, ежелден “Қытайдың нарқамыс мекені”, “Қытай айналмалы орындығының мекені”, “Қытайдың байча шайының мекені” сияқты тамаша аты бар.

Даму жолын таңдаған кезде Аньцзи бұраң жолдарды басып өтті. XX ғасырдың соңында Чжэцзяндағы кедей аудандардың бірі болған Аньцзи кедейліктен арылтып, баю үшін “өнеркәсіпте қуатты аудан” жолына түсті, қағаз жасау, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары, гүл басу, бояу сияқты кәсіпорындар іркес-тіркес еңсе көтерді, ЖІӨ жоғары қарқынмен артқанымен, экологиялық ортаны орасан зор дәрежеде бүлдірді. 2001 жылы Аньцзи ауданы “экологиялық аудан құру” сынды даму стратегиясын орнатып, алдымен бүлдіру, онан соң қалпына келтіру сынды дәстүрлі даму үлгісін өзгертуге бел байлап, жаңа даму тәсілі жөнінде ізденіс жасады және практикадан өткізді әрі қыстақ ортасын оңау қимылын өрістетті. Өнімді жөнге салу арқылы Аньцзидың экологиялық ортасы барынша жақсарды, бірақ экономиканың даму қарқыны әлі де төңіректегі өңірлермен салыстырғанда көрнекті түрде артта қалып, Чжэцзяндағы кедей аудандар мен дамымаған аудандардың бірі болды.

Си Цзиньпин Чжэцзян өлкелік парткомның хатшысы болып тұрған кезінде ілгерінді-кейінді Аньцзиға 2 рет тексеруге келді. 2003 жылы сәуірде Си Цзиньпин Аньцзи ауданында экологиялық құрылыс қызметіне тексеру жүргізгенде  Аньцзи жөнінен алғанда, “экологиялық аудан құрудай” дұрыс даму жолын тапты деп баса көрсетті. 2005 жылы тамызда Си Цзиньпин Аньцзи ауданының Юйцунь қыстағында тұңғыш рет “мөлдір су, жасыл тау– баға жетпес байлық” деген ғылыми тұжырымды ортаға қойды. 10 неше жылдан бері Аньцзи “мөлдір су, жасыл тау– баға жетпес байлық” ұстанымын практикада батыл әйгілеп, экологиясы көркем, шаруашылығы көркейген, бұқара байыған баянды даму жолымен жүрді, көрікті ауыл-қыстақ құрылысы Юйцунь қыстағында реалдыққа айналды. 

2008 жылдың басында Аньцзи аудандық партком мен үкімет “Қытайдың көрікті ауыл-қыстақ құру” нысанасын ұсынды. ҚКП XVIII құрылтайынан бері, ауыл-қыстақтарды көркейту стратегиясының жетекшілігінде, Аньцзи ауыл-қыстақтың қоныс ортасын жақсартудан бастап кірісіп, жоспарлауды, құруды, басқаруды, пайдалануды біртұлғаландыруға табанды болып, механизмде жаңалық ашуға мән беріп, қоршаған ортаны жөнге салу мен шаруашылықты дамыту сынды екі шешуші түйінді мықты игерді, ауыл-қыстақты көріктендіруді, байытуды, құдіреттендіруді үздіксіз ілгерілетті. 2019 жылы 1 маусымда БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасының атқарушы директорының міндетін атқарушы Джойс Мсуйя үйірме бастап Аньцзиде экологиялық өркениет құрылысын тексергенде: Аньцзида көпшілік “мөлдір су, жасыл тау – баға жетпес байлық”дейтін ұстанымның терең мәнін жақын аралықтан сезініп, үкіметтің жетекшілік етуіне куә болды әрі қоғамданған күштермен тізе қоса ынтымақтасып қоршаған ортаны жөнге салуды өрістетті, экономиканың ұтымсыз дамудан егжей-тегжейлі жасыл дамуға бұрылыс жасауын жүзеге асырды деді.

Аньцзидың көрікті ауыл-қыстақ құрылысы практикасы таулы өңірдегі аудандардың байлығының мөлдір су, жасыл тау екенін, көмескі күшінің де мөлдір су, жасыл тау екенін әйгіледі. Таулы өңірдегі аудандардың дамуы дағдылы үлгіні бұзып, мөлдір су, жасыл тауды баға жетпес байлыққа айналдырып, экологиялық ортаны сапалыландыру арқылы экономиканың дамуына жетекшілік ететін шыт жаңа жолымен жүріп, экологиялық ортаны қорғау мен экономиканың дамуында тең игілікке кенелу нысанасын жүзеге асыруға болатынын көрсетті.


“绿水青山就是金山银山”的安吉模式

安吉县,位于浙江省西北部,地处长三角地理中心,是上海黄浦江的源头、杭州都市圈重要的西北节点,县域面积1886平方公里,户籍人口47万。安吉建县于公元185年,县名取自《诗经》“安且吉兮”,素有“中国竹乡”“中国转椅之乡”“中国白茶之乡”等美誉。

在选择发展道路时,安吉曾走过弯路。20世纪末,作为浙江贫困县之一的安吉,为脱贫致富走上了“工业强县”之路,造纸、化工、建材、印染等企业相继崛起,尽管GDP一路高速增长,但对生态环境造成了巨大破坏。2001年,安吉确立了“生态立县”的发展战略,下决心改变先破坏后修复的传统发展模式,开始对新的发展方式进行探索和实践,并开展了村庄环境整治活动。通过有效整治,安吉的生态环境有了极大的改善,但经济发展速度还是明显落后于周边地区,依然是浙江贫困县和欠发达县之一。

习近平在担任浙江省省委书记期间,先后两次来到安吉调研。2003年4月,习近平在安吉调研生态建设工作时指出,对安吉来说,“生态立县”是找到了一条正确的发展道路。2005年8月,习近平在安吉县余村首次提出了“绿水青山就是金山银山”的科学论断。十余年来,安吉坚定践行“绿水青山就是金山银山”理念,走出了一条生态美、产业兴、百姓富的可持续发展之路,美丽乡村建设在余村变成了现实。

2008年年初,安吉县委、县政府提出建设“中国美丽乡村”的目标。中共十八大以来,在乡村振兴战略的引领下,安吉从改善农村人居环境入手,坚持规划、建设、管理、经营于一体,注重机制创新,抓住环境治理和产业发展两个关键点,不断推动乡村美起来、富起来、强起来。2019年6月1日,联合国助理秘书长、联合国环境署代理执行主任乔伊斯·姆苏亚率团队在安吉考察生态文明建设时表示,在安吉,大家近距离感受“绿水青山就是金山银山”理念的深刻内涵,亲眼见证政府主导,并与社会化力量通力合作开展环境治理,实现经济从粗放式发展向精细化绿色发展的转变。

安吉的美丽乡村建设实践表明,山区县的资源在绿水青山,潜力在绿水青山。山区县的发展可以突破常规模式,即让绿水青山变成金山银山,走出一条通过优化生态环境带动经济发展的全新道路,实现环境保护与经济发展双赢的目标。