Экологиялық ақпаратты жария ұстау жүйесі
Экологиялық ақпараттарды жария ұстау жүйесі, атап айтқанда, бұқараның жағдайдан хабардар болу құқығына құрмет ету негізінде, әлеуметтің қатысуы мен бақылауына тиімді болу үшін, үкімет пен кәсіпорынның және басқа да қоғамдық әрекет субъектілерінің қоршаған ортаға байланысты өз әрекеттерін бұқараға хабарландыру және жарялауын меңзейді. 2008 жылы мамырдан бастап атқарылған «Қоршаған орта ақпараттарын жария ұстау әдісі(сынақ ретінде атқарылады)» Қытайдың қоршаған орта ақпараттарын жария ұстау жүйесі жөніндегі тұңғыш тараулық ереже жүйесі болып, ол қоршаған ортаны қорғау тарауларының, сондай-ақ кәсіпорындардың қоршаған орта ақпараттарын жария ұстауын ілгерілетуге және арнаға түсіруге, азаматтардың, заңдық иелердің және басқа да ұйымдардың қоршаған орта ақпараттарын алу құқық-мүддесін қорғауға, бұқараның ортаны қорғауға ат салысуын ілгерілетуге заңдық және заң-ережелік негіз әзірледі.
Бұл жүйе әрі қоршаған орта сапасы жөніндегі ақпараттарды жария ұстауды талап етеді, әрі үкімет пен кәсіпорынның қоршаған ортаға байланысты әрекеттерін жария ұстап, бұқараның ортаны қорғау қызметін түсінуіне, қатысуына, бақылауына алғышарт әзірлеуді талап етеді, бұл азаматтардың қоршаған орта жағдайынан хабардар болу құқығын қамтамасыздандыруға, қоғамдағы әр тараптың ортаны қорғауға қатысуын жебеуге, үкіметтің заңда белгіленген миссиясын өтеуін бақылауға, тамаша ортаны жөнге салуды жүзеге асыруға тиімді.
环境信息公开制度
环境信息公开制度,即依据和尊重公众知情权,政府和企业以及其他社会行为主体向公众通报和公开各自的环境行为以利于公众参与和监督。2008年5月开始施行的《环境信息公开办法(试行)》是中国首部关于环境信息公开制度的部门规章制度,为推进和规范环保部门以及企业公开环境信息,维护公民、法人和其他组织获取环境信息的权益,推动公众参与环境保护提供了法律法规依据。
这一制度既要求公开环境质量信息,也要求公开政府和企业的环境行为,为公众了解、参与、监督环保工作提供前提条件,有利于保障公民环境知情权,促进社会各方参与环境保护,监督政府履行法定义务,实现良好环境治理。