Бас бет> Экологиялық Өркениет

Қоршаған ортаға әсерін бағалау

(Экологиялық Өркениет)

09-01-2023 | russian.china.org.cn

Қоршаған ортаға әсерін бағалау

Қоршаған ортаға әсерін бағалау дегеніміз жоспар мен құрылыс объектілері атқарылғаннан кейін ортаға тигізетін ықтимал әсерлерді талдау, болжау және бағалау, қоршаған ортаға қолайсыз әсерлердің алдын алу немесе азайту бойынша қарсы шаралар мен амалдар ұсыну, ізіне түсіп мониторинг жүргiзу әдісі мен жүйесін меңзейді.

1998 жылы қарашада Мемлекеттік кеңес «Құрылыс нысандарының қоршаған ортаны қорғауды басқару ережесін» мақұлдап, қоршаған ортаға жасайтын ықпалын бағалаудың мазмұнын, тәртібін және заңдық жауапкершілігін жан-жақты арнаға түсірді. 2002 жылы қазанда Мемлекеттік халық құрылтайының тұрақты комитеті «Қытай Халық Республикасының қоршаған ортаға әсерін бағалау заңын» мақұлдап, қоршаған ортаға әсерін бағалаудың заңдық орнын онан ары күшейтті. 2009 жылы тамызда Мемлекеттік кеңес «Қоршаған ортаға жасайтын әсері жөнінде жоспарлау және бағалау ережесін» мақұлдады, қоршаған ортаға әсерін бағалау жүйесінің “бір заң, екі ережесі” қалыптасты. 2016 жылы шілдеде және 2018 жылы желтоқсанда Мемлекеттік халық құрылтайының тұрақты комитеті «Қоршаған ортаға әсерін бағалау заңына» 2 рет өзгеріс енгізіп, қоршаған ортаға жасайтын әсерді бағалау бойынша “үкімет құрылымдарын ықшамдау, билікті төменге беру мен басқаруды ұштастыру, қызмет өтеуді сапалыландыру” реформасын үздіксіз ілгерілетті.


环境影响评价

环境影响评价,是指对规划和建设项目实施后可能造成的环境影响进行分析、预测和评估,提出预防或者减轻不良环境影响的对策和措施,进行跟踪监测的方法与制度。

1998年11月,国务院通过《建设项目环境保护管理条例》,全面规范了环境影响评价的内容、程序和法律责任。2002年10月,全国人大常委会通过《中华人民共和国环境影响评价法》,进一步强化了环境影响评价的法律地位。2009年8月,国务院通过《规划环境影响评价条例》,环境影响评价制度形成“一法两条例”。2016年7月和2018年12月,全国人大常委会两次修正《环境影响评价法》,环境影响评价“放管服”改革不断推进。