Ластанудан бірлесіп сақтану және оны бірлесіп тізгіндеу
2013 жылы қарашада ҚКП XVIII кезекті ОК-нің үшінші пленумының «Шешімінде» құрлық пен теңіз біртұтас жоспарланған экожүйені қорғау, қалпына келтіру және ластанудан сақтану және оны жөнге салудың өңірлік ықпалдастық механизмін орнату ортаға қойылды. 2015 жылы қаңтарда атқарылған «Қытай Халық Республикасының экологиялық ортаны қорғау туралы заңында» тұңғыш рет заң формасымен мемлекет әкімшілік аймақтар ара түйінді өңірлердің, ағарлардың ортасының ластануы мен экологияның бүлінуінен бірлесіп сақтануды сәйкестіру механизмін орнатып, бірыңғай жоспарлауды, бірыңғай стандарттарды, бірыңғай бақылау, бірыңғай сақтану-жөнге салу шараларын атқарады деп айқын белгіленген. 2020 жылы наурызда ҚКП ОК кеңсесі, Мемлекеттік кеңес кеңсесі «Қоршаған ортаны басқарудың заманави жүйесін құру жөніндегі жетекші пікірді» басып таратып, трансаймақтық, трансағарлық ластанудан бірлесіп сақтануды, бірлесіп тізгіндеуді ілгерілетуді айқын ұсынды. Қытай ластанудан сақтану және оны жөнге салу бойынша бірлесіп тізгіндеуді қоршаған ортаны жөнге салуды бақылау-басқаруды ақаусыздандырудың маңызды тәсілі етіп, қоршаған ортаны жөнге салудың заманауи жүйесін орнатуды ілгерілетті.
污染防治联防联控
2013年11月,中共十八届三中全会《决定》提出,建立陆海统筹的生态系统保护修复和污染防治区域联动机制。2015年1月施行的新修订的《中华人民共和国环境保护法》,第一次以法律的形式明确规定,国家建立跨行政区域的重点区域、流域环境污染与生态破坏联合防治协调机制,实行统一规划、统一标准、统一监测、统一防治的措施。2020年3月,中共中央办公厅、国务院办公厅印发《关于构建现代环境治理体系的指导意见》,明确提出推动跨区域跨流域污染防治联防联控。中国将污染防治联防联控作为健全环境治理监管的重要方式,推动构建现代环境治理体系。