Экологиялық ортаға келтірілген зиянға төлем төлеу жүйесі
Экологиялық ортаға келтірілген зиянға төлем төлеу жүйесі экологиялық өркениеттің институциональдық жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі. ҚКП ОК, Мемлекеттік кеңес экологиялық ортаға келтірілген зиянға төлем төлеу қызметіне баса мән берді. 2013 жылы қарашада ҚКП XVIII кезекті ОК-нің үшінші пленумының «Шешімінде» экологиялық ортаны зияндаған жауапкерлерге төлем төлеу жүйесін қатаң атқарып, оларға заң бойынша қылмыстық істер жауапкершілігін тектеу ортаға қойылды. 2015 жылы қарашада ҚКП ОК кеңсесі, Мемлекеттік кеңес кеңсесі «Экологиялық ортаға келтірілген зиянға төлем төлеу жүйесін реформалаудың пилоттық жобасын» басып таратып, экологиялық ортаға келтірілген зиянға төлем төлеу жүйесі реформасының қызметтерін орналастырды. Осы негізде 2017 жылы желтоқсанда ҚКП ОК кеңсесі, Мемлекеттік кеңес кеңсесі «Экологиялық ортаға келтірілген зиянға төлем төлеу жүйесінің реформа жобасын» басып таратты. Бұл экологиялық ортаға келтірілген зиянға төлем төлеу жүйесін реформалаудың пилоттық жобадан мемлекеттік сынақтың жаңа кезеңіне аяқ басқанын білдіреді. 2019 жылы қазанда ҚКП XIX кезекті ОК-нің төртінші пленумының «Шешімінде» экологиялық өтемақы беру мен экологиялық ортаға келтірілген зиянға төлем төлеу жүйесін тиянақтандырып, экологиялық ортаны зияндау жауапкершілігін өмір бойы тектеу жүйесін атқаруды ішкерілей ұсынды.
Экологиялық ортаға келтірілген зиянға төлем төлеу жүйесі экологиялық ортаға келтірген зиянға төлем төлеу көлемін, жауапкершілік субъектін, төлем алу субъектін және зиян төлемін шешу жолын айқындап, сәйкесті сараптау, бағалау және басқару, техникалық жүйе, қаржымен қамтамасыздандыру және айналым механизмін қалыптастырып, экологиялық ортаға келтірілген зиянға төлем төлеу және қалпына келтіру өнімділігін үздіксіз жоғарылатып, “кәсіпорындар ластайтын, бұқара зиянға ұшырайтын, үкімет төлемге жығылатын” үйлесімсіз жағдайды шешіп, халық бұқарасының экологиялық құқық-мүдделері шынайы қорғалды, халықтың экологиялық орта жөніндегі күн сайын артып отырған тамаша қажеттіліктерін қанағаттандыруды берік жүйелік кепілмен қамдады. Экологиялық ортаға келтірілген зиянға төлем төлеу жүйесін орнату және кемелдендіру экологиялық өркениет түзілісі реформасының маңызды мазмұны, экологиялық ортаны қорғаудың ең қатаң жүйесін атқарудың нақты тәжірибесі болып табылады.
生态环境损害赔偿制度
生态环境损害赔偿制度是生态文明制度体系的重要组成部分。中共中央、国务院高度重视生态环境损害赔偿工作。2013年11月,中共十八届三中全会《决定》提出,对造成生态环境损害的责任者严格实行赔偿制度,依法追究刑事责任。2015年11月,中共中央办公厅、国务院办公厅印发《生态环境损害赔偿制度改革试点方案》,部署生态环境损害赔偿制度改革工作。在此基础上,2017年12月,中共中央办公厅、国务院办公厅印发《生态环境损害赔偿制度改革方案》,标志着生态环境损害赔偿制度改革从先行试点进入全国试行的新阶段。2019年10月,中共十九届四中全会《决定》进一步提出,落实生态补偿和生态环境损害赔偿制度,实行生态环境损害责任终身追究制。
生态环境损害赔偿制度,明确生态环境损害赔偿范围、责任主体、索赔主体和损害赔偿解决途径,形成相应的鉴定评估管理和技术体系、资金保障和运行机制,不断提高生态环境损害赔偿和修复的效率,为破解“企业污染、群众受害、政府买单”的不合理局面,切实维护人民群众环境权益,满足人民日益增长的优美生态环境需要提供坚实制度保障。建立健全生态环境损害赔偿制度,是生态文明体制改革的重要内容,是实行最严格的生态环境保护制度的具体实践。