Экологияны қорғаудың қызыл сызығы
Экологияны қорғаудың қызыл сызығы, яғни экологиялық кеңістік көлемінде ерекше маңызды экологиялық функциялары бар қатаң түрде қорғалатын өңір, әдетте маңызды су қайнарын сақтау, биоәртүрлілікті қорғау, су мен топырақты сақтау, бораннан сақтанып, құмды тізгіндеу, теңіз жағалауының экологиялық тұрақтылығын сақтау сияқты функцияға ие экологиялық функциялық маңызды өңірлерді, сондай-ақ судың зая болуы мен топырақтың шайылуы, жердің құмайттануы, тастақтануы, сортаңдануы сияқты экологиялық ортаның сезімтал, әлсіз өңірлерін қамтиды. Экологияны қорғаудың қызыл сызығы мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және қорғаудың төменгі шегі мен жан арқауы әрі мемлекеттің жер кеңістігін орналастыру жүйесін орнатудың негізі болып табылады. Экологияны қорғаудың қызыл сызығын белгілеу және оған қатаң бойсұну негізгі функционалдық аймақ жүйесін дәйекті тиянақтандырудың, экологиялық кеңістікті пайдалану, басқарудың маңызды шарасы, экологиялық өнімдермен қамдау қуаты мен экожүйенің қызмет өтеу функциясын жоғарылатудың, мемлекеттің экологиялық қауіпсіздік жүйесін орнатудың өнімді тәсілі, экологиялық өркениеттің институциональдық жүйесін ақаусыздандырудың, жасыл дамуды ілгерілетудің қарқынды кепілі, сондай-ақ Қытайдың экологияны қорғаудағы жүйелік жасампаздығы.
2017 жылы ақпанда ҚКП ОК кеңсесі, Мемлекеттік кеңес кеңсесі «Экологияны қорғаудың қызыл сызығын белгілеу және қатаң сақтау туралы бірнеше пікірді» басып таратып, тау-өзендер, орман-тоғайлар, егінжайлар, көлдер жүйесін қорғау талабына сай, экологияны қорғаудың қызыл сызығын белгілеуді және оны қатаң сақтауды, қызыл сызықты басқарудың маңызды экологиялық кеңістігін жүзеге асыруды ұсынды. Сол жылы мамыр айында Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің кеңсесі, Мемлекеттік даму және реформа комитеті кеңсесі «Экологияны қорғаудың қызыл сызығын белгілеу жөніндегі бағдарнаманы» басып таратып, бүкіл ел және өлкелердің (автономиялы региондар мен төте қарасты қалалардың) экологияны қорғаудың қызыл сызығын белгілеуге жетекшілік етті. ҚКП XIX құрылтайының баяндамасында экологияны қорғаудың қызыл сызығын белгілеу қызметін орындау айқын талап етілді.
2020 жылға қарай бүкіл ел бойынша экологияны қорғаудың қызыл сызығын белгілеу қызметі негізінен орындалды, алғашқы адымда белгіленген бүкіл ел бойынша экологияны қорғау қызыл сызығының салыстырмасы құрлықтағы аумақтың 25%-ынан төмен болмады, ол түйінді экологиялық функциялық аймақтарды, экологиялық ортаға сезімтал аймақтарды, нәзік аймақтарды және бүкіл елдегі биоәртүрлілік сипат алатын шешуші өңірлерді қамтыды.
生态保护红线
生态保护红线,即在生态空间范围内具有特殊重要生态功能、必须强制性严格保护的区域,通常包括具有重要水源涵养、生物多样性维护、水土保持、防风固沙、海岸生态稳定等功能的生态功能重要区域,以及水土流失、土地沙化、石漠化、盐渍化等生态环境敏感脆弱区域。生态保护红线是保障和维护国家生态安全的底线和生命线,也是构建国土空间布局体系的基础。划定并严守生态保护红线,是贯彻落实主体功能区制度、实施生态空间用途管制的重要举措,是提高生态产品供给能力和生态系统服务功能、构建国家生态安全格局的有效手段,是健全生态文明制度体系、推动绿色发展的有力保障,也是中国生态保护的制度创新。
2017年2月,中共中央办公厅、国务院办公厅印发《关于划定并严守生态保护红线的若干意见》,提出按照山水林田湖系统保护的要求,划定并严守生态保护红线,实现一条红线管控重要生态空间。同年5月,环境保护部办公厅、国家发展和改革委员会办公厅印发《生态保护红线划定指南》,指导划定全国和各省(区、市)生态保护红线。中共十九大报告进一步明确要求,完成生态保护红线划定工作。
到2020年,全国生态保护红线划定工作基本完成,初步划定的全国生态保护红线面积比例不低于陆域国土面积的25%,覆盖了重点生态功能区、生态环境敏感区和脆弱区,覆盖了全国生物多样性分布的关键区域。