Бас бет> Экологиялық Өркениет

Экологиялық өркениеттің институционалдық жүйесі

(Экологиялық Өркениет)

09-01-2023 | russian.china.org.cn

Экологиялық өркениеттің институционалдық жүйесі

Экологиялық өркениеттің институциональдық жүйесіне табанды болу және оны кемелдендіру Си Цзиньпиннің экологиялық өркениет идеясының маңызды мазмұны. 2015 жылы қыркүйекте ҚКП ОК, Мемлекеттік кеңес «Экологиялық өркениет түзілісі реформасының жалпы тұлғалық жобасын» басып таратып, экологиялық өркениет түзілісі реформасының нысанасы 2020 жылға барғанда меншік құқығы айқын, көп негізді ат салысатын, ынталандыру мен шектеулерге бірдей мән беретін, жүйесі кемелді экологиялық өркениеттің институциональдық жүйесін орнату екенін айқындады.

Экологиялық өркениеттің институциональдық жүйесін орнату негізінен мынадай 8 тарапты қамтиды: қарастылығы айқын, құқығы мен жауапкершіліктері айқын, қадағалауы өнімді табиғи ресурс активтерінің құқық жүйесін қалыптастыру, табиғи ресурстарды меншіктенуші тиянақтанбау, меншік шекараларының анық еместігі сияқты мәселелерді қарқынды шешу. Кеңістіктік жоспарды негіз, пайдалануды басқаруды негізгі тәсіл еткен аумақтық кеңістікті игеру, қорғау жүйесін орнатып, тәртіпсіз ашу, шектен тыс ашу, бытыранды ашу себебінен туылған сапалы егістік жер мен экологиялық кеңістікті тым көп иемдену, экологияны бүлдіру, ортаны ластау сияқты мәселелерді қарқынды шешу. Кеңістікті жөнге салу мен кеңістік құрылымын сапалыландыруды басты мазмұн еткен, бүкіл ел бойынша бірлікке келген, өзара ұштасқан, дәрежеге бөліп басқарылатын кеңістіктік жоспар жүйесін орнатып, кеңістіктік жоспардың қабаттасу, қақтығысу, тараулардың қызмет жауапкершілігінің айқасуы, қайталануы, жергілікті орындардың жоспарын үздіксіз өзгерту сияқты мәселелерді қарқынды шешу. Жан-жақты қамтыған, ғылыми арнаға түскен, қатаң басқарылатын ресурстардың жалпы мөлшерін басқару және жаппай үнемдеу жүйесін орнатып, ресурстарды пайдалануда ысырапшылдық ауыр болу, пайдалану өнімділігі жоғары болмау сияқты мәселелерді күш сала шешу. Нарықтық сұраныс пен ұсынысты, ресурстардың тапшылық дәрежесін бейнелейтін, табиғи құн мен ұрпақтар ара өтемақы беруді әйгілейтін ресурстарды ақылы пайдалану және экологиялық өтемақы беру жүйесін орнатып, табиғи ресурстар пен оның өнімдерінің бағасы төмен болу, өндіріс ашу өзіндік құны қоғамдық өзіндік құннан төмен болу, экологияны қорғау үйлесімді қарымжыға ие болмау сияқты мәселелерді қарқынды шешу. Орта сапасын жақсартуды бағдар еткен, қадағалау бірлікке келген, заң атқару қатаң, көп тарап қатынасқан ортаны жөнге салу жүйесін орнатып, ластанудан сақтану және оны жөнге салу қабілеті әлсіз, қадағалау функциясы айқасу, құқық пен жауапкершілік біркелкі болмау, заңға қайшылық жасаудың өзіндік құны тым төмен болу сияқты мәселелерді қарқынды шешу. Экономикалық сүйменнен анағұрлым көп пайдаланып ортаны жөнге салу және экологияны қорғаудың нарықтық жүйесін орнатып, нарық субъектілері мен нарық жүйесінің жетілуі артта қалу, қоғамның ат салысу дәрежесі жоғары болмау сияқты мәселелерді қарқынды шешу. Ресурстардың сарып етілуін, ортаның бүлінуін және экологиялық өнімділікті толық бейнелейтін экологиялық өркениет нәтижесін бағалау және жауапкершілігін тектеу жүйесін орнатып, даму нәтижесін бағалаудың жан-жақты болмауы, жауапкершілікті тиянақтандырудың тыңғылықты болмауы, зиян жауапкершілігін тектеудің жетерсіз болуы сияқты мәселелерді қарқынды шешу керек.


生态文明制度体系

坚持和完善生态文明制度体系,是习近平生态文明思想的重要内容。2015年9月,中共中央、国务院印发《生态文明体制改革总体方案》,明确生态文明体制改革的目标是,到2020年,构建起产权清晰、多元参与、激励约束并重、系统完整的生态文明制度体系。

构建生态文明制度体系主要涵盖八个方面:构建归属清晰、权责明确、监管有效的自然资源资产产权制度,着力解决自然资源所有者不到位、所有权边界模糊等问题。构建以空间规划为基础、以用途管制为主要手段的国土空间开发保护制度,着力解决因无序开发、过度开发、分散开发导致的优质耕地和生态空间占用过多、生态破坏、环境污染等问题。构建以空间治理和空间结构优化为主要内容,全国统一、相互衔接、分级管理的空间规划体系,着力解决空间性规划重叠冲突、部门职责交叉重复、地方规划朝令夕改等问题。构建覆盖全面、科学规范、管理严格的资源总量管理和全面节约制度,着力解决资源使用浪费严重、利用效率不高等问题。构建反映市场供求和资源稀缺程度、体现自然价值和代际补偿的资源有偿使用和生态补偿制度,着力解决自然资源及其产品价格偏低、生产开发成本低于社会成本、保护生态得不到合理回报等问题。构建以改善环境质量为导向,监管统一、执法严明、多方参与的环境治理体系,着力解决污染防治能力弱、监管职能交叉、权责不一致、违法成本过低等问题。构建更多运用经济杠杆进行环境治理和生态保护的市场体系,着力解决市场主体和市场体系发育滞后、社会参与度不高等问题。构建充分反映资源消耗、环境损害和生态效益的生态文明绩效评价考核和责任追究制度,着力解决发展绩效评价不全面、责任落实不到位、损害责任追究缺失等问题。