Бас бет> Экологиялық Өркениет

Ортақ, бірақ парықты жауапкершілік қағидаты

(Экологиялық Өркениет)

09-01-2023 | russian.china.org.cn

Ортақ, бірақ парықты жауапкершілік қағидаты

Ортақ, бірақ парықты жауапкершілік қағидаты климатты жаһандық басқарудың ірге тасы болып табылады. Жердің экожүйелік тұтастығына және жаһандық экологияның нашарлауын әртүрлі факторларға байланысты елдердің жаһандық экологиялық ортаны қорғау бойынша ортақ, бірақ парықты жауапкершілігі бар. Олардың ішінде ортақ жауапкершілік үлкен немесе кіші, бай немесе кедей, күшті немесе әлсіз, барлық елдердің жаһандық экологиялық ортаны қорғауға міндетті екенін білдіреді; парықты жауапкершілік ортақ жауапкершілікті ондан әрі нақтылау және шектеу. Осы ортақ жауапкершіліктің тең емес, қайта сөз жоқ, парықты болуын білдіреді. Дамыған және дамушы елдердің Жер шарының экологиялық ортасына әртүрлі тарихи және ағымдағы залалдары мен қысымдары ұқсамайды, климаттың өзгеруіне байланысты тарихи жауапкершіліктері әртүрлі және даму қажеттіліктері мен мүмкіндіктері де әртүрлі. Жалпы алғанда, дамыған елдер дамушы елдерге қарағанда зор жауапкершілік арқалауы керек.

Қытай барлық елдің ортақ, бірақ парықты жауапкершілік қағидатын ұстануын дәріптейді, әділ, әділетті болудан, тең игіліктенуден таймайды, мемлекет жағдайы мен қабілетіне қарай, әрекетті ең зор дәрежеде күшейтіп, әркім қабілетіне қарай Жер шары климатын жөнге салудың жаңа жүйесін қалыптастырды. Қазіргі уақытта дамушы елдер індетпен күресу, экономиканы дамыту және климаттың өзгеруіне төтеп беру сияқты көптеген қиындықтарға тап болуда. Дамыған елдер анағұрлым үлкен амбиция мен әрекетті көрсетуі керек, шығарындыларды азайту мәселесінде үлгі көрсетуі керек, сонымен бірге дамушы елдердің ерекше қиындықтары мен көңіл бөліп отырған мәселелеріне толық мән беруі, дамушы елдерге капитал, технология және әлеуетті арттыру тұрғысынан қолдау көрсетуі, жасыл сауда кедергілерін орнатудан аулақ болуы, жасыл, төмен көміртектілікке трансформация жасауды бірге жеделдетуі керек.

Ортақ, бірақ парықты жауапкершілік қағидаты жаһандық экологиялық ортаны жөнге салудың жалпыға танылған негізгі қағидаты болып табылады. Ол Қытай бастаған қалың дамушы елдердің ұзақ мерзімді табанды күресі, ақылға жүгінуінің нәтижесі, халықаралық қауымдастықтың дамушы елдердің ерекше жағдайлары мен қажеттіліктерін ескеру, халықаралық ынтымақтастықты жебеу, Оңтүстік пен Солтүстіктің мүддесін теңгеру жағында жасаған әділ талғамы.


共同但有区别的责任原则

共同但有区别的责任原则是全球气候治理的基石。由于地球生态系统的整体性和导致全球环境退化的各种不同因素,各国对保护全球环境负共同但有区别的责任。其中,共同的责任意味着各国无论大小、贫富、能力强弱,都对保护全球环境负有一份责任;有区别的责任是对共同责任的进一步细化和限定,表明这种共同责任的承担不是平均的,而应当有所区别。发达国家和发展中国家在历史上和当前对地球生态环境造成的破坏和压力不同,对造成气候变化的历史责任不同,发展需求和能力也存在差异。总体上,发达国家应承担比发展中国家更大的责任。

中国倡导各国遵循共同但有区别的责任原则,坚持公平公正惠益分享,根据国情和能力,最大程度强化行动,形成各尽所能的全球气候治理新体系。当前,发展中国家面临抗击疫情、发展经济、应对气候变化等多重挑战。发达国家应该展现更大雄心和行动,在减排问题上作出表率,同时充分照顾发展中国家的特殊困难和关切,在资金、技术、能力建设等方面为发展中国家提供支持,避免设置绿色贸易壁垒,共同加速绿色低碳转型。

共同但有区别的责任原则是全球生态环境治理中一项公认的基本原则,是以中国为首的广大发展中国家长期坚持斗争、据理力争的结果,集中反映了国际社会在考虑发展中国家的特殊情况和需要、促进国际合作、平衡南北利益方面作出的公正抉择。