Климат өзгерісіне төтеп беру
Климат өзгерісі бүкіл адамзаттың ортақ тағдырына саяды, әлемдік мәселе ретінде халықаралық қауымдастықтың қол ұстаса төтеп беруін қажет етеді. Қытай климат өзгерісі мәселесіне ежелден баса мән беріп келеді, климат өзгерісіне белсене төтеп беруді мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік дамуындағы келелі стратегия, жасыл, төмен көміртекті дамуды экологиялық өркениет құрылысының маңызды мазмұны етіп, бірқатар шаралар мен әрекеттер арқылы әлемдік климат өзгерісіне төтеп беруге маңызды үлес қосты.
2012 жылдан бері Қытай ілгерінді-кейінді «Мемлекеттің климат өзгерісіне төтеп беру жобасын(2014 – 2020 ж.ж.)», «Мемлекеттің климат өзгерісіне бейімделу стратегиясын», «“XIII бесжылдық” парник газы шығарындыларын тізгіндеу қызмет жобасы» сияқты құжаттарды жасап жарялап, түзіліс механизмі, өндіріс тәсілі, тұтыну үлгісі, экономикалық саясат, технологиялық инновация, халықаралық ынтымақтастық сияқты тараптарда саясат пен шараларды күшейтіп, экономикалық, әлеуметтік дамудың жаппай жасыл трансформациясын жебеді. Қытай жаңа даму ұстанымын жетекші етіп, экологияға басымдық беру, жасыл, төмен көміртекті даму жолымен жүруден таймады, мемлекеттің дербес үлес қосу тебінін үздіксіз жоғарылатты, 2030 жылдан бұрын көміртегі шығарындыларының өркеш мәніне жеткеннен кейін, 2060 жылдан бұрын көміртек бейтараптығы нысанасын жүзеге асыруға уәде берді. Қытай ортақ, бірақ парықты жауапкершілік қағидатынан таймай, климат өзгерісі жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты үздіксіз тереңдетіп, «Париж келісімінің» жасалуы мен атқарылуын белсене ілгерілетіп, түрлі формадағы Оңтүстік-Оңтүстік нақты ынтымақтастығын ілгерілетіп, дамушы елдердің климат өзгерісіне төтеп беру қабілетін жоғарылатуына мүмкіндіктің барынша көмектесіп, жаһандық климатты жөнге салуға құдіретті қозғаушы күш қосты.
应对气候变化
气候变化关乎全人类的共同命运,作为全球性问题,需要国际社会携手应对。中国一贯高度重视气候变化问题,把积极应对气候变化作为国家经济社会发展的重大战略,把绿色低碳发展作为生态文明建设的重要内容,采取了一系列措施和行动,为应对全球气候变化作出重要贡献。
2012年以来,中国先后制定发布《国家应对气候变化规划(2014—2020年)》《国家适应气候变化战略》《“十三五”控制温室气体排放工作方案》等文件,在体制机制、生产方式、消费模式、经济政策、科技创新、国际合作等方面采取强化政策和措施,促进经济社会发展全面绿色转型。中国以新发展理念为引领,坚持走生态优先、绿色低碳的发展道路,不断提高国家自主贡献力度,承诺力争2030年前实现碳达峰、2060年前实现碳中和目标。中国坚持共同但有区别的责任原则,不断深化气候变化国际合作,积极推动《巴黎协定》的达成与实施,推动多种形式的南南务实合作,尽己所能帮助发展中国家提高应对气候变化能力,为全球气候治理注入强大动力。