Бас бет> Экологиялық Өркениет

Апаттан сақтану, апаттарды азайту, апаттан құтқару жүйесі

(Экологиялық Өркениет)

09-01-2023 | russian.china.org.cn

Апаттан сақтану, апаттарды азайту, апаттан құтқару жүйесі

Адамзаттың табиғат заңдылығын тануында шек болмайды, апаттан сақтану, апаттарды азайту, апатқа қарсы тұрып, апаттан құтқару адамзаттың өмір сүруі мен дамуының мәңгілік тақырыбы. Қытай дүние жүзіндегі табиғи апаттар ең ауыр елдердің бірі, апаттың түрлері көп, таралу кеңдігі, жиілігі жоғары, шығыны көп. Сондықтан апаттан сақтану, апаттарды азайту, апаттан құтқару жүйесін күшейту шұғыл әрі ұзақ мерзімді міндет.

ҚКП XVIII құрылтайынан бері, Си Цзиньпин жолдасты ұйтқы еткен ҚКП ОК апаттан сақтану, апаттарды азайту, апаттан құтқару қызметіне өскелең мән беріп, апаттан сақтану, апаттарды азайту, апаттан құтқаруды мемлекетті басқару жүйесі мен басқару әлеуетін модернизациялаудың маңызды мазмұны етіп, келелі инженериялық құрылыстар мен түзіліс механизмі реформасын біртұтас орналастырып, апат тәуекелдерін жөнге салу әлеуетін үнемі жетілдіріп отырды. Қытай жаңа дәуірдегі төтенше жағдайларға төтеп беруді басқару ұстанымын жасампаздықпен дамытып, апаттан сақтануды негіз етуге, апаттан сақтануды, апаттармен шайқасуды, апаттан құтқаруды өзара ұштастыруға табанды болды, апаттан жан-жақты сақтану қабілетін жаппай жоғарылатып, халықтың өмірі мен мүлкінің қауіпсіздігін берік кепілмен қамдады.

2016 жылы желтоқсанда ҚКП ОК, Мемлекеттік кеңес «Апаттан сақтану, апаттарды азайту, апаттан құтқару түзіліс механизмі реформасын ілгерілету жөніндегі пікірді» басып таратып, тұтас қоғамның табиғи апаттарға төтеп беру жалпылық сақтану қабілетін жаппай жоғарылатуға жетекшілік етті. 2017 жылы қазанда ҚКП XIX құрылтайының баяндамасында қауіпсіз даму ұстанымын орнатып, өмірді бәрінен жоғары қою, қауіпсіздікті бірінші орынға қою идеясын жетілдіру, әлеуметтік қауіпсіздік жүйесін ақаусыздандыру, өндіріс қауіпсіздігі жауапкершілік жүйесін кемелдендіру, ауыр, ерекше ауыр қауіпсіздік шырғалаңдарын батыл тежеп, апаттан сақтану, апаттарды азайту, апаттан құтқару қабілетін жоғарылату керек деп атап көрсетілді. 2018 жылы сәуірде Мемлекеттік төтенше жағдайлар министрлігі құрылып, апаттан сақтануды, апаттарды азайтуды, апаттан құтқаруды төтенше жағдайларға төтеп беруді басқару қызметіне енгізіп, табиғи апаттардан сақтанудың жоғары өнімді, ғылыми жүйесін жедел орнатты, жаңа дәуірдегі мемлекеттің төтенше жағдайларға төтеп беру, құтқару жүйесін құрып, апаттан жан-жақты сақтану қабілетін жаппай жоғарылатты, халық бұқарасының өмірі мен мүлкінің қауіпсіздігін және мемлекет қауіпсіздігін қорғауды қарқынды қамтамасыз етті.


防灾减灾救灾体系

人类对自然规律的认知没有止境,防灾减灾、抗灾救灾是人类生存发展的永恒课题。中国是世界上自然灾害最严重的国家之一,灾害种类多、分布地域广、发生频率高、造成损失重。因此,加强防灾减灾救灾体系建设,既是一项紧迫任务,又是一项长期任务。

中共十八大以来,以习近平同志为核心的中共中央高度重视防灾减灾救灾工作,将防灾减灾救灾作为国家治理体系和治理能力现代化的重要内容,统筹部署重大工程建设和体制机制改革,推动灾害风险治理能力不断提升。中国创新发展新时代应急管理理念,坚持以防为主、防灾抗灾救灾相结合,全面提升综合防灾能力,为人民生命财产安全提供坚实保障。

2016年12月,中共中央、国务院印发《关于推进防灾减灾救灾体制机制改革的意见》,为全面提升全社会抵御自然灾害的综合防范能力作出指导。2017年10月,中共十九大报告指出,要树立安全发展理念,弘扬生命至上、安全第一的思想,健全公共安全体系,完善安全生产责任制,坚决遏制重特大安全事故,提升防灾减灾救灾能力。2018年4月,国家应急管理部成立,将防灾减灾救灾纳入应急管理工作,加快建立高效科学的自然灾害防治体系,构建新时代国家应急救援体系,全面提升综合防灾能力,为保护人民群众生命财产安全和国家安全提供有力保障。