Биоәртүрлілікті қорғау инженериясы
Биоәртүрлілік Жер шарындағы тіршілік қауымдастығының қан тамыры мен іргетасы, адамзатты әртүрлі өндірістік және тұрмыстық қажеттіліктермен, салауатты және қауіпсіз экологиялық ортамен және бірегей ландшафттық мәдениетпен қамтамасыз етеді. Биоәртүрлілікті қорғауды күшейту Қытайдың экологиялық өркениет құрылысының маңызды мазмұны әрі халықаралық қауымдастықтың кең көлемді уағдаластығы болып табылады.
Дүние жүзіндегі ең бай биоәртүрлілікке ие елдердің бірі ретінде Қытай биоәртүрлілікті қорғауға өскелең мән беруде, оны экологиялық өркениет құрылысының маңызды мазмұны ретінде жүйелі орналастырды, биоәртүрлілікті қорғаудың Қытай үлгісіндегі жолымен жүрді. Қытай тау-өзендер, орман-тоғайлар, егінжайлар, көлдер, жайылымдар тіршіліктің қауымдастығы деген ұстаным бойынша, даму барысында қорғауға табанды болды, қорғау барысында дамытты, заң шығару қарқынын тездетті, экологияны қорғаудың қызыл сызығын белгіледі, биоәртүрлілікті қорғаудың келелі инженериясын атқарды, биоәртүрлілікті зерттеуді, бақылау және бағалауды жеделдетті, жабайы хайуанаттар мен өсімдіктер байлығын қорғауды тыңғылықты өрістетті, мемлекеттік саябақтарды тірек, табиғи қорықтарды негіз, түрлі табиғи парктерді қосымша ету сынды табиғи қорықтарды басқару жүйесін құрды, биоәртүрлілікті қорғаудың әлеуметтік қатысу дәрежесі мен әлеуметтік танымды үздіксіз жоғарылатты, үкімет жетекшілік ететін, жалпы халық ат салысатын, көп жақты жөнге салатын, ынтымақтаса тең игіліктенетін механизм қалыптастырды. Бұл биоәртүрлілікті сақтауда жаңа жетістіктерге үздіксіз қол жеткізуге ықпал етті және жаһандық биоәртүрлілік мәселелерін шешуге жаңа үлес қосты.
Қытай биоәртүрлілікті қорғауды мемлекеттік стратегия деңгейіне көтерді, биоәртүрлілікті қорғау әрқайсы аймақтар мен салалардың орта, ұзақ мерзімдік жоспарларына енгізілді, биоәртүрлілікті қорғау бойынша саясат, заң-ереже жүйесі үздіксіз орнатылды және кемелдендірілді, «Экологиялық өркениет түзілісі реформасының жалпылық жоспары», «Қытайдың биоәртүрлілікті қорғау стратегиясы мен іс-шаралар жоспары(2011 – 2030 жж.)», «Биоәртүрлілікті қорғауды анағұрлым күшейту жөніндегі пікір» мен “БҰҰ-ның биоәртүрліліктің онжылдығына арналған Қытай іс-қимыл жоспары” сияқты саясаттар мен құжаттар жарияланды, «Қытай Халық Республикасының биологиялық қауіпсіздік туралы заңы» мен жаңадан қайта қаралған «Қытай Халық Республикасының жануарлар індетінің алдын алу туралы заңы» сияқты заң-ережелер жаряланды, кеңістіктік меңгеру, қорғау және пайдалану, қорғау және өтемақы беру сияқты тараптарда жоғары деңгейде жобалау күшейтілді, сондай-ақ биоәртүрлілікті қорғау және басқару үшін институционалдық кепілдіктермен қамтамасыз етілді.
Қытайдың биоәртүрлілікті қорғау қызметі тынбай құлшынудың нәтижесінде оң нәтиже берді: соңғы 10 жылда орман ресурстарының ауданы 70 миллион гектардан астамға артып, әлемде бірінші орынға шықты. Шөлейттенуді, құмайттануды ұзақ уақыт, кең көлемде жөнге салды, саздарды өнімді қорғады және қалпына келтірді, биологиялық-генетикалық ресурстарды жинау және сақтау дүние жүзінде алдыңғы қатарға өтті. Өсімдіктер түрлері мен жердегі экожүйелердің 90%-ы, жоғары сатыдағы өсімдіктер қауымдастығының 65%-ы және негізгі қорғалатын жабайы табиғат популяцияларының 85%-ы тиімді қорғалды. Юньнань жабайы пілінің “туризм тобы” солтүстікті аралады, алып пандалардың қауіп деңгейі “қауіп төнген” күйден“қауіп төмен” деңгейге дейін төмендетілді, “күлімсіреген періште” Чанцзян аққаптал делфин жиі бой көрсетуде, Саньцзянюань ұлттық саябағында және басқа жерлерде қар барысы жиі пайда болды, ал Цинхай-Тибет үстіртінде Тибет бөкендерінің саны 70 000-нан 300 000-ға дейін өсті деген жылы лебіздер ыстық ізденістерден жиі бой көрсететін болды.
Қытай табиғи жолымен күллі тіршілікті асырауды, табиғатты қорғау барысында даму орайын қарастыруды, табиғатты қорғау барысында даму орайын іздеуді дәріптеп, экологиялық ортаны қорғау мен жоғары сапалы экономикалық дамуда бірдей табысқа қол жеткізді. БҰҰ-ның «Биоәртүрлілік туралы конвенциясына» ең ерте қатынасқан елдердің бірі ретінде, Қытай қатысты шарттар бойынша өз міндеттемелерін адал орындап, дүние жүзінде биоәртүрлілікті қорғау жөніндегі мемлекеттік комитет құруға мұрындық болды әрі 2020 жылы табиғи қорық құруға қатысты нысаналарды алдын ала орындады. Қытай 2021 жылы «Биоәртүрлілік туралы конвенцияның» 15-ші конференциясын өткізді әрі барлық тараптармен биоәртүрлілікті жаһандық басқарудың жаңа стратегиясын талқылап, жер бетіндегі тіршілік қауымдастығын құруды жоспарлады.
生物多样性保护工程
生物多样性是地球生命共同体的血脉和根基,为人类提供了丰富多样的生产生活必需品、健康安全的生态环境和独特别致的景观文化。加强生物多样性保护,是中国生态文明建设的重要内容,也是国际社会的广泛共识。
作为世界上生物多样性最丰富的国家之一,中国高度重视生物多样性保护,将其作为生态文明建设的重要内容进行系统部署,走出了一条中国特色生物多样性保护之路。中国按照山水林田湖草是生命共同体理念,坚持在发展中保护、在保护中发展,加快立法步伐,划定生态保护红线,实施生物多样性保护重大工程,推进生物多样性调查、监测、评估,扎实做好野生动植物资源保护,推动建立以国家公园为主体、自然保护区为基础、各类自然公园为补充的自然保护地管理体系,不断提高生物多样性保护的社会参与度和公众意识,形成了政府主导、全民参与,多边治理、合作共赢的机制,推动中国生物多样性保护不断取得新成效,为应对全球生物多样性挑战作出新贡献。
中国将生物多样性保护上升为国家战略,把生物多样性保护纳入各地区、各领域中长期规划,不断建立健全生物多样性保护政策法规体系,发布实施《生态文明体制改革总体方案》《中国生物多样性保护战略与行动计划(2011—2030年)》《关于进一步加强生物多样性保护的意见》和“联合国生物多样性十年中国行动方案”等政策文件,颁布施行《中华人民共和国生物安全法》和新修订的《中华人民共和国动物防疫法》等法律法规,从空间管控、保护与利用、保护与补偿等方面强化顶层设计,为生物多样性保护和管理提供制度保障。
经过不懈努力,中国生物多样性保护工作取得积极进展:森林资源在过去10年内增长面积超过7000万公顷,居全球首位。长时间、大规模治理沙化、荒漠化,有效保护修复湿地,生物遗传资源收集保藏量位居世界前列。90%的植被类型和陆地生态系统、65%的高等植物群落、85%的重点保护野生动物种群得到有效保护。云南野象“旅游团”北巡,大熊猫受威胁程度等级从“濒危”降为“易危”,“微笑天使”长江江豚频繁亮相,三江源国家公园等地的雪豹频繁现身,青藏高原藏羚羊种群数量从7万头增加到30万头等暖心消息频频登上热搜。
中国主张以自然之道,养万物之生,从保护自然中寻找发展机遇,实现生态环境保护和经济高质量发展双赢。作为最早加入联合国《生物多样性公约》的国家之一,中国切实履行相关条约义务,在国际上率先成立了生物多样性保护国家委员会,并提前完成2020年设立自然保护区相关目标。中国于2021年承办《生物多样性公约》第十五次缔约方大会,同各方共商全球生物多样性治理新战略,共建地球生命共同体。