Бас бет> Экологиялық Өркениет

Қатты қалдықтарды азайту, байлыққа айналдыру, залалсыздандыру

(Экоцивилизация)

09-01-2023 | russian.china.org.cn

Қатты қалдықтарды азайту, байлыққа айналдыру, залалсыздандыру

Қатты қалдықтардың қоршаған ортаны ластауынан сақтану және оны жөнге салу – ластанудан сақтану және оны жөнге салудан қамал алу шайқасын ішкерілей ойдағыдай жүргізудің маңызды мазмұны, қоршаған орта сапасын жақсартудың, қоршаған орта тәуекелдерінен сақтанудың және оны тізгіндеудің, экологиялық қауіпсіздікті қорғаудың, адам денсаулығын қамтамасыз етудің маңызды шарасы әрі көрікті Қытай құрылысы нысанасын жүзеге асырудың маңызды аспектiсi. ҚКП XVIII құрылтайынан бері, ҚКП ОК, Мемлекеттік кеңес атмосфераның, судың, топырақтың ластануынан сақтану және оны жөнге салу іс-шаралар жоспарын ішкерілей атқарып, шетел қоқыстарының шекарадан кіруіне тиым салуды экологиялық өркениет құрылысының нышандық шарасы етіп, қатты қалдықтарды импорттауды басқару жүйесін реформалауды үздіксіз ілгерілетіп, қоқыстарды бір жақты ету құрылғы құрылысын жеделдетіп, тұрмыстық қоқыстарды жіктеу жүйесін атқарып, қатты қалдықтарды басқару қызметінде нық қадам тастады.

2020 жылы 1 қыркүйекте жаңадан өзгеріс енгізілген «Қытай Халық Республикасының қатты қалдықтардың қоршаған ортаны ластауынан сақтану және оны жөнге салу заңы» ресми атқарылды. Онда мөлшерін азайту, байлыққа айналдыру және залалсыздандыру қағидаты айқын ортаға қойылып, әрқандай орын мен жеке шаралар қолданып, қатты қалдықтардың шығарылу мөлшерін азайтуы, қатты қалдықтардың жан-жақты пайдаланылуын жебеуі, қатты қалдықтардың залалын төмендетуі керек деп белгіленді. “XIV бесжылдық” мезгілінде Қытай қатты қалдықтардың мөлшерін азайту, байлыққа айналдыру, залалсыздандыру қағидатынан таймай, қауіпті қалдықтарды жөнге салуды көрнектілендіріп, шетел қоқыстарының шекарадан кіруіне жаппай тиым салды, тұрмыстық қоқыстарды жіктеудің баянды механизмін жедел орнатып, медициналық қалдықтарды бір жақты ету құрылғылары мен құзірет құрылысын күшейтті, бұқараның денсаулығы мен қоршаған ортаның қауіпсіздігіне шынайы кепілдік етті.


固体废物减量化资源化无害化

固体废物污染防治是深入打好污染防治攻坚战的重要内容,是改善环境质量、防控环境风险、维护生态安全、保障人体健康的重要举措,也是实现美丽中国建设目标的重要方面。中共十八大以来,中共中央、国务院深入实施大气、水、土壤污染防治行动计划,把禁止洋垃圾入境作为生态文明建设标志性举措,持续推进固体废物进口管理制度改革,加快垃圾处理设施建设,实施生活垃圾分类制度,固体废物管理工作迈出坚实步伐。

2020年9月1日,新修订的《中华人民共和国固体废物污染环境防治法》正式实施,明确提出减量化、资源化和无害化的原则,规定任何单位和个人都应当采取措施,减少固体废物的产生量,促进固体废物的综合利用,降低固体废物的危害性。“十四五”时期,中国将继续坚持减量化、资源化、无害化原则,突出危险废物治理,全面禁止洋垃圾入境,加快构建生活垃圾分类长效机制,加强医疗废物处置设施和能力建设,确保公众健康和环境安全。