Ауыл-қыстақты көркейту
ҚКП XIX құрылтайы ауыл-қыстақты көркейту стратегиясын атқару жөнінде келелі шешім қабылдап, социалистік жаңаша ауыл-қыстақ құру негізінде, “шаруашылығы шалқыған, экологиясы жанға жайлы, ауыл салты өркениетті, басқаруы өнімді, тұрмысы баяшатты болудай” жалпы талапты айқын алға қойды, ауыл-қыстақтарды дамытудың мәнін жан-жақты жоғарылатты.
Экологиясы жанға жайлы болу ауыл-қыстақты көркейтудің ішкі қажеттілігі. Экологиялық өркениет құрылысы тұрғысынан ауыл-қыстақ экологиялық ортаның негізгі аймағы, экология ауыл-қыстақтың ең үлкен даму басымдығы болып табылады. Экологияны индустрияландыру арқылы ауыл-қыстақ тұрғындарының табыстарын арттыру, олардың баюына жетекшілік ету, ауыл шаруашылығының жасыл дамуы мен ауыл-қыстақтардың экологиялық ортасын жақсартуды жебеу арқылы ауыл шаруашылығын анағұрлым экологияландыру, ауыл-қыстақты анағұрлым жанға жайлы ету ауыл-қыстақ экологиялық өркениет құрылысын жүзеге асырудың тетігі. Ауыл-қыстақтарды көркейту стратегиясын атқаруда, жасыл даму тәсілі мен өмір салтын жалпыластыруда ауыл-қыстақтағы көрнекті қоршаған орта мәселелерін жан-жақты жөнге салу қызметін жандандыру, ауыл шаруашылық экологиялық өнімдерімен және қызмет өтеумен қамдауды молықтыру, ауыл-қыстақтардың ресурстық ортасын қорғауды, ауыл шаруашылығының көлемдік ластануының алдын алу және оны оңауды күшейту, ауыспалы егістіктер мен тыңайтпалы егістіктердің пилоттық түйінін кеңейту, тау-өзендерді, орман-тоғайларды, егінжайларды, көлдерді, жайылымдарды жан-жақты оңап, мөлдір су, жасыл тау мен таза да кіршіксіз ауыл көрінісін ойдағыдай қорғау керек.
乡村振兴
中共十九大作出了实施乡村振兴战略的重大决策,在建设社会主义新农村的基础上,明确提出“产业兴旺、生态宜居、乡风文明、治理有效、生活富裕”的总要求,全面提升农村发展的内涵。
生态宜居是乡村振兴的内在要求。从生态文明建设的角度看,乡村是生态环境的主体区域,生态是乡村最大的发展优势。以生态产业化带动乡村居民增收致富,推动农业绿色发展和农村环境改善,使农业更生态化、农村更宜居,是实现乡村生态文明建设的关键。实施乡村振兴战略,推行绿色发展方式和生活方式,要加强农村突出环境问题的综合治理,增加农业生态产品和服务供给,加强农村资源环境保护,强化农业面源污染防治,扩大耕地轮作休耕试点,实施山水林田湖草综合治理,保护好绿水青山和清新清净的田园风光。