Бас бет> Экологиялық Өркениет

Жасыл қаржы

(Экологиялық Өркениет)

09-01-2023 | russian.china.org.cn

Жасыл қаржы

Жасыл қаржыны дамыту жасыл дамуды жүзеге асырудың маңызды шарасы әрі ұсыным жағындағы құрылымдық реформаның маңызды мазмұны. 2016 жылы тамызда Қытай халық банкі сияқты 7 министрлік, комитет «Жасыл қаржы жүйесін құру жөніндегі жетекші пікірді» басып таратып, жасыл қаржының мәні қоршаған ортаның жақсаруын қолдау, климат өзгерісіне төтеп беру және ресурстарды үнемдеу, олардан жоғары өнімді пайдалану сынды экономикалық қимылдарды, яғни экологиялық ортаны қорғау, энергияны үнемдеу, таза энергия, жасыл көлік, жасыл құрылыс сияқты салалардағы нысандарға инвестиция салу, операциялар мен тәуекелдерді басқару сияқтыларға қаржылық қызмет өтеуді айқындады. ҚКП XIX құрылтайының баяндамасында жасыл қаржыны дамыту жасыл дамуды ілгерілетудің тәсілдемелерінің бірі ретінде қарастырылды. Жасыл қаржы жүйесін қалыптастыру мемлекет экономикасының жасыл трансформациясын жеделдетумен бірге, экологиялық ортаны қорғау, жаңа энергия, энергияны үнемдеу салаларындағы технологиялық алғабасарлықты жебеп, экономиканың жаңа өсу нүктелерін жедел жетілдіріп, экономиканың өсуінің көмескі күшін жоғарылатуға да тиімді.

Қытай біршама кемелді жасыл қаржылық саясат жүйесін құрған әлемдегі бірінші экономикалық тұлға. Соңғы жылдары Қытайдың жасыл қаржысы қарқынды дамып, ынталандыру шаралары, жергілікті пилоттық жобалар, жасыл облигациялар, жасыл өнеркәсіп қорлары, қоршаған ортаны стресстік тестілеу, жасыл бағалау және сертификаттау салаларында әлемде көш бастады. 2012 жылдан қазірге дейін Қытай банктік бақылау комитеті, Қытай халық банкі, Мемлекеттік даму және реформа комитеті, Шаңхай-Шэньчжэнь қор биржалары сияқты көптеген тараулар жасыл несие, жасыл облигациялар шығару, жасыл корпоративтік облигациялар, жасыл қаржы жүйесі туралы құжаттар пакетін ілгерінді-кейінді шығарды. Чжэцзян, Цзянси, Гуандун, Гуйчжоу, Синьцзян, Ганьсу сияқты 6 өлкенің (автономиялы регионның) ішінара өңірлері өзіндік екпін мен сипаттамаларға ие жасыл қаржы реформасы мен инновациялық пилоттық аймақтар құру жөнінде рұқсат алып, түзілістік механизм тарапында көшіріп қолдануға, жалпыластыруға болатын пайдалы тәжірибелерді қарастырды. 


绿色金融

发展绿色金融,是实现绿色发展的重要措施,也是供给侧结构性改革的重要内容。2016年8月,中国人民银行等7部委联合印发《关于构建绿色金融体系的指导意见》,明确绿色金融的内涵为支持环境改善、应对气候变化和资源节约高效利用的经济活动,即对环保、节能、清洁能源、绿色交通、绿色建筑等领域的项目投融资、运营和风险管理等提供的金融服务。中共十九大报告进一步将发展绿色金融作为推进绿色发展的路径之一。构建绿色金融体系,不仅有助于加快国家经济向绿色化转型,也有利于促进环保、新能源、节能等领域的技术进步,加快培育新的经济增长点,提升经济增长潜力。

中国是全球首个建立比较完整的绿色金融政策体系的经济体。近年来,中国绿色金融发展迅速,在激励措施、地方试点、绿色债券、绿色产业基金、环境压力测试、绿色评估与认证等领域走在世界前列。2012年至今,中国银监会、中国人民银行、国家发展改革委、沪深交易所等多个部门先后发布了关于绿色信贷、绿色债券发行、绿色公司债、绿色金融体系等一揽子文件。浙江、江西、广东、贵州、新疆、甘肃等6省(区)部分地区获批建设各有侧重、各具特色的绿色金融改革创新试验区,在体制机制上探索出可复制可推广的有益经验。