Бас бет> Экологиялық Өркениет

Жасыл жеткізілім тізбегі

(Экологиялық Өркениет)

09-01-2023 | russian.china.org.cn

Жасыл жеткізілім тізбегі

Жасыл жеткізілім тізбегі жасыл өндіріс пен жеткізілім тізбегін басқару теориясына негізделген, экологиялық ортаны қорғауды шикізат алу, өңдеу, қораптау, сақтау, тасымалдау, пайдалану, керектен шығару және жиіп алып қайта өңдеудің тұтас тіршілік цикліне енгізеді, өнім ортасын басқаруды күшейтеді, қоршаған ортаға жасайтын ықпалды барынша азайтуға, байлық өнімділігін барынша арттыруға талпынады. Ол жеткізушінің, өндірушінің, сатушының және тұтынушының жасыл басқару ұстанымына, әрекет бағдарнамасына және трансформация бағытына саяды.

ҚКП ОК, Мемлекеттік кеңес заманауи жеткізілім тізбегінде жаңалық аша дамуға айрықша мән берді. ҚКП XIX құрылтайында заманауи жеткізілім тізбегі сияқты салаларда жаңа өсу нүктелерін жетілдіру, жаңа қозғаушы күш қалыптастыру алға қойылды. 2018 жылы сәуірде жасыл жеткізілім тізбегін қалыптастыруды түйін ету, жергілікті орындар мен кәсіпорындарға жасыл даму ұстанымын тәжірибеге енгізуге жетекшілік ету, бүкіл барыста, барлық буындарда жасыл жеткізілім тізбегі жүйесін дамыту, экологиялық ортаның сапасын жақсартуды жебеу үшін Сауда министрлігі сияқты 8 тарау бірлесіп «Жеткізілім тізбегіндегі инновациялар және оларды пилоттық түйіндерде қолдану жөніндегі хабарламаны» таратты.

Жасыл жеткізілім тізбегінің қалыптасуы үкімет пен нарықтың жасыл дамуға қызмет ету және оған қолдау көрсету рөлін тиімді атқаратын болады. Бір жағынан, жергілікті үкіметтер алдымен үлгі көрсетіп, үкіметтің жасыл сатып алу сияқты әрекеттерін күшейтумен бірге, жарғы-тәртіптерді орнатып, жасыл жеткізілім тізбегін институционалдық кепілмен қамдап, ең соңында қоршаған ортаны жөнге салудың қысымын, жасыл дамудың қозғаушы күшін кәсіп тізбегіндегі әрбір кәсіпорынға жеткізуі керек. Енді бір жағынан, жасыл жеткізілім тізбегіндегі әрбір кәсіпорын, мейлі ол жеткізуші немесе сатып алушы болсын, қоршаған ортаны басқарудың негізгі жауапкершілігін толығымен орындауы, экологиялық өзіндік құнды үйлесімді бөліп арқалауы, қоршаған орта тәуекелдерінен жалпы беттік алдын алуды және бақылауды жүзеге асырып, тұтынушылар мен бұқараның қолдауына ие болуы, тұрақты, ұзақ мерзімді, баянды нарықтық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуі керек.


绿色供应链

绿色供应链以绿色制造和供应链管理理论为基础,将环境保护纳入物料获取、加工、包装、仓储、运输、使用、报废和回收处理的全生命周期中,加强产品环境管理,追求环境影响最小化、资源效率最大化,是涉及供应商、生产厂、销售商和用户的绿色管理理念、行动指南和转型方向。

中共中央、国务院高度重视现代供应链创新发展。中共十九大提出要在现代供应链等领域培育新增长点、形成新动能。2018年4月,商务部等8部门联合下发《关于开展供应链创新与应用试点的通知》,以构建绿色供应链为重点,引导地方和企业践行绿色发展理念,发展全过程全环节的绿色供应链体系,促进生态环境质量改善。

绿色供应链的构建,将有效发挥政府和市场作用,服务和支撑绿色发展。一方面,地方政府既要率先垂范,强化政府绿色采购等行为,又要建章立制,为绿色供应链提供制度保障,最终将治理环境的压力、绿色发展的动力传导到产业链条上的每家企业。另一方面,绿色供应链上的每家企业,无论是供应商还是采购商,都要全面履行环境治理主体责任,实现环境成本合理分担、环境风险整体防控,争取消费者和公众支持,从而获得更为稳定、长久、可持续的市场竞争力。