Көрікті Қытай
Көрікті Қытай экологиялық өркениет құрылысының маңызды нысанасы әрі Чжунхуа ұлтының ұлы көркеюі сынды Қытай арманын жүзеге асырудың маңызды мазмұны. ҚКП XVIII құрылтайында экологиялық өркениет құрылысы Қытай үлгісіндегі социализм істерінің “бесті біртұлғаландыру” жалпыламалық орналастырымына енді. Онда экологиялық өркениет құрылысын белсене алға жылжыту, көрікті Қытай құруға құлшыну, Чжунхуа ұлтының баянды дамуын жүзеге асыру айқын ұсынылды. Бұл ҚКП-ның Қытай үлгісіндегі социализмнің заңдылығы жөніндегі танымының одан әрі тереңдегенін, ҚКП-ның экологиялық өркениет құрылысын күшейтудегі күшті ерік-жігері мен мызғымас сенімін әйгіледі. ҚКП XIX құрылтайында: экологиялық өркениет құрылысы Чжунхуа ұлтының мәңгілік дамуының бас арқауы, 2035 жылдан үстіміздегі ғасырдың орта шеніне дейін модернизацияны негізінен жүзеге асыру негізінде тағы 15 жыл күрес жасау арқылы елімізді бай да құдіретті, демократиялы, өркениетті, жарасымды, көрікті социалистік модернизациялы қуатты мемлекет етіп құрып шығамыз деп айқын ортаға қойылды.
Нақтырақ айтқанда, көрікті Қытай құруда табиғатқа құрмет ету, табиғатқа бойсұну, табиғатты қорғау қағидаты бойынша, “баға жетпес байлық та, мөлдір су мен жасыл тау да керек”, “мөлдір су, жасыл тау – баға жетпес байлық” деген ұстаным бойынша, ресурстарды үнемдеу мен қоршаған ортаны қорғау сынды негізгі мемлекеттік саясатты дәйектілендіріп, жасыл дамуды, айналмалы дамуды, төмен көміртекті дамуды анағұрлым саналы ілгерілету керек; табиғатқа көбірек қалпына келтіру кеңістігін, ауыл шаруашылығына көбірек құнарлы егінжай, ұрпақтарға аспаны көк, жері жасыл, суы мөлдір өндіріс, тұрмыс ортасын қалдыру керек.
ҚКП XVIII құрылтайынан бері, ҚКП ОК экологиялық ауқымды жұмыстарда өркениет құрылысын көрнекті орнына қойып, экологиялық өркениет құрылысын жан-жақты күшейтті, бірқатар іргелі, жасампаздық сипатты, ұзақ мерзімдік қызметтерді өрістетіп, ластанудан сақтану және оны жөнге салу шайқасының жеңісіне батыл қол жеткізді, тау-өзендерді, орман-тоғайларды, егінжайларды, көлдерді, жайылымдарды, құмды жүйелі жөнге салуды біртұтас жоспарлап, ластануды жөнге салудың қарқындылығы, жүйені енгізу жиілігінің тығыздығы, қадағалау, құқық қорғау өлшемдерінің қатаңдығы, қоршаған ортаның сапасының жылдам жақсаруы тараптарында бұрын болмаған деңгейде қарқынды жұмыстар жасалды, экологиялық өркениет құрылысында танымнан практикаға дейін тарихи сипатты, бұрылыстық сипатты, жан-жақты өзгерістер жарыққа шықты. Мысалы, тау-өзендердің, орман-тоғайлардың, егінжайлардың, көлдердің, жайылымдардың экологиясын біртұлғаландыра қорғау және қалпына келтіру, мемлекет жерін жасылдандыру науқаны, жалпы халықтық жасыл әрекет өрістетуі, Чанцзян экономикалық белдеуінің, Сары өзен алабының жасыл дамуын ілгерілету, Юньнаньдағы Эрхайды жөнге салудың қадамын ілгерілету, Цинхайдағы үш өзеннің қайнарын қорғау, қоқысты түрге айырудың салтқа айналуын жебеу, ең қатаң түзім атқару, экологиялық ортаны ең қатаң заңмен жөнге салу, т. б.
Қытай арманының жүзеге асуы экологияның есебінен емес, керісінше, экономиканы дамытумен бірге, экологиялық ортаны ойдағыдай қорғау болып табылады. Көрікті Қытай құру Қытайдың ұзақ болашақтық дамуына тиімді, сондай-ақ дүниежүзінің тиянақты дамуына да дем береді, адамзаттың ортақ арманы – көрікті Жер шарын қорғауға, жасыл мекен құруға барынша тиімді.
美丽中国
美丽中国是生态文明建设的重要目标,也是实现中华民族伟大复兴中国梦的重要内容。中共十八大把生态文明建设纳入中国特色社会主义事业“五位一体”总体布局,明确提出大力推进生态文明建设,努力建设美丽中国,实现中华民族永续发展。这标志着中国共产党对中国特色社会主义规律认识的进一步深化,表明了中国共产党加强生态文明建设的坚定意志和坚强决心。中共十九大深刻指出,生态文明建设是关系中华民族永续发展的根本大计,明确提出从2035年到本世纪中叶,在基本实现现代化的基础上,再奋斗15年,把中国建成富强民主文明和谐美丽的社会主义现代化强国。
具体而言,建设美丽中国就是要按照尊重自然、顺应自然、保护自然的原则,秉持“既要金山银山,又要绿水青山”“绿水青山就是金山银山”的理念,贯彻节约资源和保护环境的基本国策,更加自觉地推动绿色发展、循环发展、低碳发展;就是要给自然留下更多修复空间,给农业留下更多良田,为子孙后代留下天蓝、地绿、水清的生产生活环境。
中共十八大以来,中共中央把生态文明建设摆在全局工作的突出位置,全面加强生态文明建设,开展了一系列根本性、开创性、长远性工作,坚决打赢打好污染防治攻坚战,统筹山水林田湖草沙治理,污染治理力度之大、制度出台频度之密、监管执法尺度之严、环境质量改善速度之快前所未有,生态文明建设从认识到实践都发生了历史性、转折性、全局性的变化。例如,实施山水林田湖草一体化生态保护和修复,开展国土绿化行动、全民绿色行动,推动长江经济带、黄河流域绿色发展,推进云南洱海治理、青海三江源保护,促进垃圾分类蔚然成风,实行最严格制度、最严密法治保护生态环境等。
中国梦的实现不以牺牲环境为代价,在发展经济的同时,保护好生态环境。建设美丽中国,有利于中国的长远发展,也将助推全球可持续发展,更有助于实现人类共同的梦想——保护美丽地球、建设绿色家园。