Бас бет> Экологиялық Өркениет

Төмен көміртекті даму

(Экоцивилизация)

09-01-2023 | russian.china.org.cn

Төмен көміртекті даму

Төмен көміртекті даму – экономика мен қоғамның баянды дамуында маңызды мән алатын энергияны аз тұтынумен, төмен ластанумен, төмен шығарындылармен сипатталатын баянды даму үлгісі. Ол энергетикалық революцияны ілгерілетуді, энергияны өндіру мен тұтыну құрылымын оңтайландыруды, энергияны үнемдеуге басымдық беру бағытын тиянақтандыруды, жаңа энергия мен туындамалы энергияны дамытуды, таза, төмен көміртекті, қауіпсіз, жоғары өнімді энергия жүйесін құруды, көміртек диоксиді сияқты парниктік газ шығарындыларын үздіксіз төмендетуді талап етеді.

ҚКП XVIII құрылтайынан бері, Қытай ағымдағы мен ұзақ мерзімділікті ескере отырып, жеңілдету мен бейімделуді жан-жақты ілгерілетті, төмен көміртекті даму жолын қарастыру арқылы, климат өзгеруіне төзімділікті жоғарылатты, жауапкершілікпен қарайтын ірі елдік имиджін қалыптастырды. Біріншіден, парниктік газдардың шығарындыларын тізгіндеді, энергия құрылымын оңтайландырды, энергияны үнемдеу және энергия өнімділігін жоғарылатты, ормандағы, жайылымдағы, саздағы, теңіз-мұхиттағы көміртек қамбасын арттырды, энергетика, өнеркәсіп, егін, мал шаруашылығы сияқты салалардағы көміртек диоксиді, метан, гидрофторкөміртек, перфторкөміртек, күкірт гексафториді сияқты парниктік газдардың шығарылуын тізгіндеді. Екіншіден, сәйкесу қабілетін, әсіресе, ерекше ауа райы құбылыстарымен күресу қабілетін арттырды, бақылауды, ертерек ескертуді және алдын алуды күшейтті, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, су ресурстары сияқты түйінді салалар мен экологиялық осал аймақтардың климат өзгерісіне бейімделу деңгейін жоғарылатты. Үшіншіден, өлкелерде, автономиялы региондарда, қалаларда, қалашықтарда, өнеркәсіп парктерінде және әлеуметтік аумақтарда төмен көміртекті дамудың пилоттық жобаларын  ілгерілетті, төмен көміртекті қоғам құруға ұмтылды. Төртіншіден, климат өзгерісі жөніндегі халықаралық келіссөзге қатысуда ортақ, бірақ парықты жауапкершілік қағидатынан, әділдік қағидатынан, өздік құзіреттілік қағидатынан таймай, климат өзгерісіне төтеп беру жөніндегі халықаралық келіссөздерге сындарлы қатысты, климат өзгерісіне төтеп берудің әділ де үйлесімді жаһандық жағдайын орнатудың қадамын ілгерілетті.

“XIV бесжылдық” мезгілінде Қытайдың экологиялық өркениет құрылысы көмірқышқыл газын азайтуды түйін еткен стратегиялық беталысқа ден қойды, ластану мен көмірқышқыл газын азайту синергетикасын ілгерілетті, экономикалық, әлеуметтік дамудың жан-жақты жасыл трансформациясын жебеді, экологиялық ортаның сапасын жақсартуда саннан сапаға өзгертудің шешуші кезеңіне қадам тастады. Қытай экологияға басымдық беруден, жасыл, төмен көміртекті, жоғары сапалы даму жолынан бұлжымайды, жасыл, төмен көміртекті дамуды табанды атқарады. Қытай 2030 жылға қарай көміртегі шығарындыларының өркеш мәніне жеткен соң, 2060 жылға дейін көміртек бейтараптығына қол жеткізеді, бұл Си Цзиньпин жолдасты ұйтқы еткен ҚКП ОК-нің терең толғану арқылы жасаған келелі стратегиялық шешімі әрі Қытайдың дүние жүзіне берген айбынды уәдесі.


低碳发展

低碳发展,就是一种以低耗能、低污染、低排放为特征的可持续发展模式,对经济和社会的可持续发展具有重要意义。它要求推进能源革命,优化能源生产消费结构,落实节能优先方针,发展新能源和可再生能源,构建清洁低碳、安全高效的能源体系,不断降低二氧化碳等温室气体排放强度。

中共十八大以来,中国坚持当前和长远兼顾、减缓和适应全面推进,探索低碳发展道路,提高气候变化应对能力,树立负责任大国形象。一是控制温室气体排放,优化能源结构,节约能源和提高能效,增加森林、草原、湿地、海洋碳汇,控制能源、工业、农牧业等领域二氧化碳、甲烷、氢氟碳化物、全氟化碳、六氟化硫等温室气体排放。二是提高适应能力,特别是应对极端天气事件的能力,加强监测、预警和预防,提高农业、林业、水资源等重点领域和生态脆弱地区适应气候变化水平。三是推动低碳发展试点,推进省区、城市、城镇、产业园区、社区试点,努力建设低碳社会。四是参与气候变化国际谈判,坚持共同但有区别的责任原则、公平原则、各自能力原则,建设性地参与应对气候变化国际谈判,推动建立公平合理的全球应对气候变化格局。

“十四五”时期,中国生态文明建设进入了以降碳为重点战略方向、推动减污降碳协同增效、促进经济社会发展全面绿色转型、实现生态环境质量改善由量变到质变的关键时期。中国将坚定不移走生态优先、绿色低碳的高质量发展道路,坚持不懈推动绿色低碳发展。中国力争2030年前实现碳达峰,2060年前实现碳中和,是以习近平同志为核心的中共中央经过深思熟虑作出的重大战略决策,也是中国向世界作出的庄严承诺。