Жасыл даму
Жасыл түс тіршіліктің символы, ұлы табиғаттың түсі. Жасыл даму тәсілі мен өмір салтының қалыптасуын жебеу – даму көзқарасындағы терең революция. Си Цзиньпин былай деп атап көрсетті: жасыл дамудың өзекті түйіндемесі адамның табиғатпен жарасымды қатар өмір сүру мәселесін ойдағыдай шешу. Бұл терең революция өндіріс тәсіліндегі, өмір салтындағы, ойлау тәсілі мен құн көзқарасындағы жалпы бағытты, революциялық сипатты өзгеріс. Ол ескі даму ой желісін, даму ұстанымын, даму үлгісін бұзып, жаратылыстық заңдылық пен экономиканың, қоғамның баянды дамуының жалпы заңдылығын терең игерді.
Жасыл дамудың шын мәні – “алуда өлшемнен асырмау, үнемшілдікпен пайдалану”, атап айтқанда, адамның әрекетін реттеу, адамның қате әрекетін түзету, табиғаттан көрсоқыр пайдаланудан, табиғатты бойсұндырудан, табиғатты өзгертуден табиғатқа құрмет етуге, табиғатқа бойсұнуға, табиғатты қорғауға қарай бұрылыс жасау, ұзақ уақыттан бері қалыптасқан “жаппай өндіру, жаппай сарып ету, жаппай ығыстыру” сынды өндіріс үлгісі мен тұтыну үлгісін өзгертіп, экономикалық қимылды, адамның әрекетін жаратылыстық байлық пен экологиялық ортаның көтерімділік шегінде тежеп, табиғи экологияның қалпына келуі үшін уақыт пен кеңістік қалдыру. Жасыл – дамудың ерекшелігін белгілейді, экономикалық даму ендігәрі жай ғана ЖІӨ-тің өсу қарқынымен санаспайды, қайта адамның табиғатпен жарасымды дамуын біртұтас жоспарлау талабы бойынша, өсу “болды ма” дегеннен, дамуы “жақсы ма”, сапасы “жоғары ма” дегенге бұрылыс жасап, жасыл дамуға, көркеюге талпынады.
“XIII Бесжылдық” мезгілінде жасыл даму тұңғыш рет мемлекеттің бесжылдық жоспарына енгізіліп, ластанудан сақтану және оны жөнге салудың тебіні артты, ресурстардан пайдалану өнімділігі айтарлықтай жоғарылады, экологиялық орта көрнекті жақсарды. Жаңа даму кезеңіне қадам тастаған “XIII Бесжылдық” жоспардың «бағдарламасында» жасыл дамудың мемлекеттік модернизацияның жалпы жағдайындағы стратегиялық орны тағы бір мәрте дәріптеліп, даму тәсілінің жасыл трансформациясын ресурстардан пайдаланудың өнімділігі, пайдалану жүйесі, жасыл экономика, саясат жүйесі сынды 4 тараптан жеделдету жөнінде байымдалды.
Табиғатқа бойсұну, экологияны қорғаудай жасыл даму адамзаттың жарқын болашағын әйгілейді. Жасыл мекен құру әр ел халқының ортақ арманы әрі жаһандық баянды дамудың жалпы беталысы. Қытай әлемдік экологиялық өркениет құрылысының маңызды қатысушысы, үлес қосушысы, көшбасшысы ретінде табиғатқа құрмет ететін, жасыл дамитын экология жүйесін, таза да көрікті әлемді бірге қалыптастырудың қадамын жеделдетуді қуаттайды. Қытай дүние жүзіндегі әр елмен бірге Жер шары мекенін ойдағыдай қорғайды, экологиялық өркениеттің іргесін бірге қалайды, жасыл даму жолымен бірге жүреді, ұрпақтарға мол материалдық байлықтар қалдырумен бірге, жұлдызы аспанды, жасыл тауларды, гүлдердің хош иісін сыйлайды.
绿色发展
绿色是生命的象征,是大自然的底色。推动形成绿色发展方式和生活方式,是发展观的一场深刻革命。习近平指出,绿色发展,就其要义来讲,是要解决好人与自然和谐共生问题。这场深刻革命是对生产方式、生活方式、思维方式和价值观念的全方位、革命性变革。它突破了旧有发展思维、发展理念和发展模式,是对自然规律和经济社会可持续发展一般规律的深刻把握。
绿色发展的真谛是“取之有度,用之有节”,就是要调整人的行为、纠正人的错误行为,从一味地利用自然、征服自然、改造自然向尊重自然、顺应自然、保护自然转变,改变长期以来“大量生产、大量消耗、大量排放”的生产模式和消费模式,把经济活动、人的行为限制在自然资源和生态环境能够承受的限度内,给自然生态留下休养生息的时间和空间。绿色决定发展的成色,经济发展不再简单以国内生产总值增长率论英雄,而是按照统筹人与自然和谐发展的要求,从“有没有”转向发展“好不好”、质量“高不高”,追求绿色发展繁荣。
“十三五”期间,绿色发展被首次写入国家五年规划,污染防治力度加大,资源利用效率显著提升,生态环境明显改善。进入新发展阶段,“十四五”规划《纲要》再次强调了绿色发展在国家现代化建设全局中的战略地位,从资源利用效率、利用体系、绿色经济、政策体系等4个方面对加快发展方式绿色转型作出阐述。
顺应自然、保护生态的绿色发展昭示着人类的美好未来。建设绿色家园是各国人民的共同梦想,也是全球可持续发展的大势所趋。中国作为全球生态文明建设的重要参与者、贡献者、引领者,主张加快构筑尊崇自然、绿色发展的生态体系,共建清洁美丽世界。中国愿与世界各国共同呵护好地球家园,同筑生态文明之基,同走绿色发展之路,让子孙后代既能享有丰富的物质财富,又能遥望星空、看见青山、闻到花香。