Мемлекеттің ресурстарды үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау негізгі саясаты
XX ғасырдың сексенінші-тоқсаныншы жылдарында қоршаған ортаны қорғау мен ресурстарды үнемдеу ілгерінді-кейінді Қытайдың негізгі мемлекеттік саясатына айналды. ҚКП XVIII құрылтайынан бері, Си Цзиньпин жолдасты ұйтқы еткен ҚКП ОК ресурстарды үнемдеу мен қоршаған ортаны қорғау сынды негізгі мемлекеттік саясатты пәрменді атқарып, ластанудан сақтану және оны жөнге салудан қамал алу шайқасының жеңісіне жетуге бел байлады. 2013 жылы мамырда шақырылған ҚКП ОК-нің саяси бюросының экологиялық өркениет құрылысын пәрменді ілгерілету жөніндегі арнаулы ұжымдық үйренуінде Си Цзиньпин мыналарды баса дәріптеді: экологиялық ортаны қорғаудың түбірлі шарасы – ресурстарды үнемдеу. Ресурстарды барынша үнемдеу, оларды ұтымды пайдалану, ресурстардан пайдаланудың тәсілінде түбірлі бұрылыс жасау, тұтас барыста үнемдеу мен басқаруды күшейту, энергияның, судың, жердің сарып болу күшемелілігін барынша төмендету, айналмалы экономиканы қарқынды дамыту, ресурстардың өндірістің, айналымның, тұтынудың тұтас барысындағы мөлшерін азайтуды, қайталай пайдалануды, байлыққа айналдыруды жебеу керек. Тамаша экологиялық орта – адам мен қоғамның баянды дамуының түбірлі негізі. Қоршаған ортаны қорғау мен жөнге салуда халықтың денсаулығына залалды көрнекті экологиялық мәселелерді шешуге баса мән беру, сақтануды негіз етуден, жан-жақты жөнге салудан ауытқымау, судың, атмосфераның, топырақтың және басқа да ластанулардың алдын алу мен жөнге салуды күшейту, түйінді ағарлар мен өңірлерде судың ластануынан сақтануды және оны жөнге салуды пәрменді ілгерілету, түйінді салалар мен түйінді өңірлердің атмосферасының ластануын жөнге салуды пәрменді ілгерілету керек.
节约资源和保护环境的基本国策
20世纪80年代和90年代,保护环境和节约资源先后成为中国的基本国策。中共十八大以来,以习近平同志为核心的中共中央,不断加大节约资源和保护环境基本国策的实施力度,坚决打赢打好污染防治攻坚战。2013年5月,中共中央政治局就大力推进生态文明建设专门进行了集体学习。习近平强调,节约资源是保护生态环境的根本之策。要大力节约集约利用资源,推动资源利用方式根本转变,加强全过程节约管理,大幅降低能源、水、土地消耗强度,大力发展循环经济,促进生产、流通、消费过程的减量化、再利用、资源化。良好生态环境是人和社会持续发展的根本基础。环境保护和治理要以解决损害群众健康突出的环境问题为重点,坚持预防为主、综合治理,强化水、大气、土壤等污染防治,着力推进重点流域和区域水污染防治,着力推进重点行业和重点区域大气污染治理。