Жаңа дәуірде экологиялық өркениет құрылысын ілгерілетудің “алты қағидаты”
2018 жылы мамырда Си Цзиньпин экологиялық ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік жиналыста жаңа дәуірде экологиялық өркениет құрылысын ілгерілетуде ауытқымауға тиісті 6 негізгі қағидатты ұсынды: Бірінші, адамның табиғатпен жарасымды қатар өмір сүруінен таймай, экологиялық ортаны көзіміздің қарашығындай қорғауымыз, экологиялық ортаға өміріміздей мәміле жасауымыз керек, бұл адамның табиғатқа қатынасын ғылыми игерудің және оны дұрыс шешудің түбірлі өлшемі. Екінші, мөлдір су, жасыл тау – баға жетпес байлық ұстанымынан таймай, жоғары сапалы модернизациялы экономикалық жүйе орнатып, ресурстарды үнемдейтін және қоршаған ортаны қорғайтын кеңістік жүйесін, шаруашылық құрылымын, өндіріс-тұрмыс тәсілін жедел қалыптастыру керек. Үшінші, тамаша экологиялық орта халық тұрмысындағы жалпыға тиімді ырыс-құт, халыққа экологиялық орта арқылы тиімділік жасау, экологиялық орта арқылы пайда жеткізу, экологиялық ортаны халық үшін жақсарту ұстанымынан таймай, халықтың экологиялық орта жөніндегі күн сайын артып отырған тамаша қажеттіліктерін тынбай қанағаттандыру керек. Төртінші, тау-өзендер, орман-тоғайлар, егінжайлар, көлдер, жайылымдар тіршіліктің қауымдастығы деген ұстанымнан таймай, экологиялық өркениет құрылысын жалпы бағыт, барлық өңір, тұтас үдерісте өрістетіп, адамның табиғатпен жарасымды дамитын модернизацияның жаңа жағдайының қалыптасуын жебеу керек. Бесінші, экологиялық ортаны ең қатал тәртіптеме, ең қатаң заңмен жөнге салу арқылы қорғаудан таймай, тәртіптемені бұлжымас тежем мен соқтығуға болмайтын жоғары кернеулі желіге айналдыру, лауазымды билікті де, шенеуніктерді де тәртіптеме арқылы жөнге салу, көкті қорғап, жасылды көбейту керек. Алтыншы, әлемдік экологиялық өркениет құрылысын бірге кеңесуден таймай, әлемдік қоршаған ортаны жөнге салуға ішкерілей ат салысып, климат өзгерісіне қарсы халықаралық ынтымақтастыққа бағыт-бағдар беру, дүние жүзіндегі әр елмен бірге Жер шары мекенін ойдағыдай қорғау керек.
“Алты қағидат” экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғаудың қатынасын терең ашып, өндірісі дамыған, тұрмысы баяшат, экологиясы тамаша өркениетті даму жолымен жүруге өзара тығыз байланысты, органикалы бірлікке келген жүйе қалыптастырудың негізгі өлшемін әзірледі.
新时代推进生态文明建设的“六项原则”
2018年5月,习近平在全国生态环境保护大会上提出了新时代推进生态文明建设必须坚持的六项主要原则:一是坚持人与自然和谐共生,要像保护眼睛一样保护生态环境,像对待生命一样对待生态环境,这是科学把握和正确处理人与自然关系的根本遵循。二是坚持绿水青山就是金山银山,构建高质量现代化经济体系,加快形成节约资源和保护环境的空间格局、产业结构、生产方式、生活方式。三是坚持良好生态环境是最普惠的民生福祉,坚持生态惠民、生态利民、生态为民,不断满足人民日益增长的优美生态环境需要。四是坚持山水林田湖草是生命共同体,全方位、全地域、全过程开展生态文明建设,推动形成人与自然和谐发展现代化建设新格局。五是坚持用最严格制度最严密法治保护生态环境,让制度成为刚性的约束和不可触碰的高压线,用制度管权治吏、护蓝增绿。六是坚持共谋全球生态文明建设,深度参与全球环境治理,引导应对气候变化国际合作,与世界各国共同呵护好地球家园。
“六项原则”构成了一个紧密联系、有机统一的体系,深刻揭示了经济发展和环境保护的关系,为走生产发展、生活富裕、生态良好的文明发展道路提供了基本遵循。