Бас бет> Экологиялық Өркениет

“Бесті біртұлғаландыру” жалпыламалық орналастырымы

(Экологиялық Өркениет)

09-01-2023 | russian.china.org.cn

“Бесті біртұлғаландыру” жалпыламалық орналастырымы

“Бесті біртұлғаландыру” жалпыламалық орналастырымы 2012 жылы шақырылған ҚКП XVIII құрылтайында қалыптасты. Ол экономикалық құрылысты өзек етуге табанды болумен бірге, экономикалық құрылысты, саяси құрылысты, мәдениет құрылысын, әлеуметтік құрылысты, экологиялық өркениет құрылысын жан-жақты ілгерілетіп, модернизацияланудың әрбір буынының, әрбір тараптарының селбесе дамуын жебейді.

2017 жылы шақырылған ҚКП XIX құрылтайы тәжірибелерді жан-жақты қорытындылау, жағдайға ішкерілей талдау жасау негізінде, Қытайдың социалистік модернизациясына жаңа стратегиялық орналастыру жасады, “Бесті біртұлғаландыру” жалпыламалық орналастырымы арқылы Қытай үлгісіндегі социализм істерін алға ілгерілетіп, экономика, саяси, мәдениет, қоғам, экологиялық өркениет сынды 5 тараптан жаңа дәуірде “Бесті біртұлғаландыру” жалпыламалық орналастырымын біртұтас жебеудің стратегиялық нысанасын белгіледі. Бұл жаңа дәуірде Қытай үлгісіндегі социализм істерін ілгерілетудің жол картасы, адамның жан-жақты дамуын, қоғамның жаппай алға басуын анағұрлым ойдағыдай ілгерілетудің міндетнамасы .

“Бесті біртұлғаландыру” жалпыламалық орналастырымы органикалық тұтастыққа ие. Мұның ішінде, экономикалық құрылыс – іргетас, саяси құрылыс – кепіл, мәдениет құрылысы – рух, әлеуметтік құрылыс – шарт, экологиялық өркениет құрылысы – негіз. Ол мемлекеттің материалдық өркениетін, саяси өркениетін, рухани өркениетін, әлеуметтік өркениетін, экологиялық өркениетін жан-жақты жоғарылату, бай да құдіретті, демократиялы, өркениетті, жарасымды, көрікті социалистік модернизациялы қуатты мемлекет құру нысанасымен бір арнада тоғысады.

“Бесті біртұлғаландыру” жалпыламалық орналастырымының алға қойылуы ҚКП-ның селбесе дамудың заңдылығы жөніндегі танымының үздіксіз тереңдегенін, Қытай үлгісіндегі социализмнің заңдылығы жөніндегі танымының үздіксіз тереңдегендігін әйгіледі, халықтың түбірлі мүддесі мен ортақ тілегін білдірді.


“五位一体”总体布局

“五位一体”总体布局形成于2012年召开的中共十八大,它要求在坚持以经济建设为中心的同时,全面推进经济建设、政治建设、文化建设、社会建设、生态文明建设,促进现代化建设各个环节、各个方面协调发展。

2017年召开的中共十九大在全面总结经验、深入分析形势的基础上,对中国社会主义现代化作出新的战略部署,明确以“五位一体”总体布局推进中国特色社会主义事业,从经济、政治、文化、社会、生态文明五个方面,制定了新时代统筹推进“五位一体”总体布局的战略目标。这是新时代推进中国特色社会主义事业的路线图,是更好推动人的全面发展、社会全面进步的任务书。

“五位一体”总体布局是一个有机整体。其中,经济建设是根本,政治建设是保障,文化建设是灵魂,社会建设是条件,生态文明建设是基础,共同致力于全面提升国家物质文明、政治文明、精神文明、社会文明、生态文明,统一于建成富强民主文明和谐美丽的社会主义现代化强国的目标。

“五位一体”总体布局的提出,体现了中国共产党对协调发展的规律性认识不断深化,对中国特色社会主义的规律性认识不断深化,代表了人民群众的根本利益和共同愿望。