Бас бет> Экологиялық Өркениет

Адамның табиғатпен жарасымды қатар өмір сүруі

(Экологиялық Өркениет)

09-01-2023 | russian.china.org.cn

Адамның табиғатпен жарасымды қатар өмір сүруі

Табиғат – тіршіліктің анасы, адамзаттың өмір сүруі мен дамуының негізі. Адам мен табиғат тіршіліктің бірлігі. Адамзат табиғатты арқау етуі, табиғатты қастерлеуі, табиғатты құрметтеуі, табиғатқа бойсұнуы, табиғатты қорғауы керек. Жаратылыстық ортаны қорғау – адамзатты қорғау, экологиялық өркениет құру – адамзатқа бақыт жарату.

Экология көркейсе, өркениет өркендейді, экология құлдыраса, өркениет құриды. Экологиялық ортаның өзгерісі өркениеттің көркеюі мен құлдырауына тікелей ықпал жасайды. Тарихи тағылымдар даму үдерісінде тек алуды ғана дәріптеп, қосылымды дәріптемеуге, дамуды ғана дәріптеп, қорғауды дәріптемеуге, пайдалануды ғана дәріптеп, қалпына келтіруді дәріптемеуге болмайтынын көрсеткен. Адамзат табиғаттың заңдылығына бойсұнғанда ғана, табиғатты ашуда, пайдалануда бұраң жолға түсіп кетуден ұтымды сақтана алады, табиғатты ойрандау түбінде адамзаттың өзін ойрандауы саналады. Бұл ешкім де қарсы келе алмайтын заңдылық. 

ҚКП XIX құрылтайы “адамның табиғатпен жарасымды қатар өмір сүруінен таймауды” жаңа дәуір Қытай үлгісіндегі социализмнен ауытқымаудың және оны дамытудың негізгі жалпы жобасы етіп, үнемшілдікті, қорғауды маңдай алды орынға қоюдан, табиғатты қалпына келтіруді негіз етуден таймауды ұсынып, ресурстарды үнемдейтін, қоршаған ортаны қорғайтын кеңістік жүйесін, шаруашылық құрылымын, өндіріс-тұрмыс тәсілін қалыптастырып, табиғаттың тыныштығын, жарасымдылығын, көркемдігін қалпына келтіреді. Қытай табиғат пен экологиялық ортаны көздің қарашығындай қорғауды, адамның табиғатпен жарасымды қатар өмір сүруі сынды жаңа жағдайдың қалыптасуын жебеуді дәріптейді.

Адамның табиғатпен жарасымды қатар өмір сүруі Марксизмнің адамның табиғатқа қатынасы жөніндегі идеясына мұрагерлік ету мен оны дамыту, жаңа дәуірдегі экологиялық өркениет құрылысының маңызды нысанасы әрі Қытайдың социалистік модернизациясының маңызды ерекшелігі болып табылады.


人与自然和谐共生

自然是生命之母,是人类赖以生存和发展的根基。人与自然是生命共同体。人类应该以自然为根,敬畏自然、尊重自然、顺应自然、保护自然。保护自然环境就是保护人类,建设生态文明就是造福人类。

生态兴则文明兴,生态衰则文明衰。生态环境变化直接影响文明兴衰演替。历史教训表明,在整个发展过程中,不能只讲索取不讲投入,不能只讲发展不讲保护,不能只讲利用不讲修复。人类只有遵循自然规律才能有效防止在开发利用自然上走弯路,人类对大自然的伤害最终会伤及人类自身,这是无法抗拒的规律。

中共十九大将“坚持人与自然和谐共生”作为新时代坚持和发展中国特色社会主义的一个基本方略,提出坚持节约优先、保护优先、自然恢复为主的方针,形成节约资源和保护环境的空间格局、产业结构、生产方式、生活方式,还自然以宁静、和谐、美丽。中国主张要像保护眼睛一样保护自然和生态环境,推动形成人与自然和谐共生新格局。

人与自然和谐共生,是对马克思主义关于人与自然关系思想的继承和发展,是新时代生态文明建设的一个重要目标,也是中国建设社会主义现代化的一个重要特征。