Бас бет> Экологиялық Өркениет

Мөлдір су, жасыл тау — баға жетпес байлық

(Экологиялық Өркениет)

09-01-2023 | russian.china.org.cn

Мөлдір су, жасыл тау — баға жетпес байлық

“Мөлдір су, жасыл тау – баға жетпес байлық” дейтін ұстаным жаңа дәуірдегі Қытайдың маңызды даму ұстанымы, модернизацияны ілгерілетудің маңызды қағидаты болып табылады. 2005 жылы тамызда, сол кездегі ҚКП Чжэцзян өлкелік комитетінің хатшысы Си Цзиньпин Чжэцзян өлкесі Аньцзиюй қыстағында тұңғыш рет “Мөлдір су, жасыл тау – баға жетпес байлық” дейтін осы бір өркениеттің өркендеуі мен құлдырауына, халықтың ырыс-құтына саятын даму ұстанымын алға қойып, адамның табиғатпен жарасымды қатар өмір сүруіне, экономика мен қоғамның жарасымдылығына талпынуды талап етті. Өйткені, тұнық су мен жасыл тау “адамның бейорганикалық денесі”, тек мөлдір су, жасыл тау болғанда ғана, адамзат өзін қорғай алады, мөлдір су, жасыл тау бүлдірілсе, соңғы есепте адамзаттың өзі де құрдымға құлайды. Адамның табиғатпен жарасымды қатар өмір сүруінен таймай, мөлдір су, жасыл тауды ойдағыдай қорғағанда ғана, тұнық су мен жасыл тауды мәңгілік игіліктене аламыз.

2013 жылдың 7 қыркүйегінде Си Цзиньпин Қазақстандағы студенттердің сұрауына жауап ретінде Қытай экологиялық ортаны қорғауды анағұрлым көрнекті орынға қояды, тұнық су да, жасыл тау да, баға жетпес байлық та керек; баға жетпес байлықтан гөрі тұнық су мен жасыл тау маңызды әрі мөлдір су, жасыл тау – баға жетпес байлық. Қытай әсте экологиялық ортаны құрбандыққа шалмайды. Экологиялық өркениет құру, көрікті Қытай құру стратегиялық тапсырмасының мақсаты ұрпақтарға аспаны көк, жері жасыл, суы тұнық көрікті мекен қалдыру деп атап көрсетті.

Мөлдір су, жасыл тау – баға жетпес байлық. Ол экологиялық ортаны қорғау мен экономикалық дамудың көрнекі көрінісі. Екеу ара бір-біріне қарама-қайшы емес, қайта өзара диалектикалық бірлікке ие. Бір жағынан, мөлдір су, жасыл тау – табиғи байлық, экологиялық байлық қана емес, сонымен қатар қоғамдық байлық, экономикалық байлық. Тамаша экологияның өзінде үздіксіз туындайтын әмбебап өнімділіктері арқылы экономикалық және әлеуметтік дамуды баянды жүзеге асыратын шексіз экономикалық құн қамтылады. Енді бір жағынан, халықты бақытты өмірге кенелтудің маңызды мазмұны саналатын мөлдір су, жасыл тау баға жетпес байлықтан да қымбат. Тамаша экологиялық орта халықтың ортақ байлығы, ең әділ әлеуметтік өнім, халық тұрмысындағы жалпыға тиімді ырыс-құт. 

Мөлдір су, жасыл тау – баға жетпес байлық дейтін даму көзқарасы “жаратылыс пен адам біртұлға” Чжунхуа ұлтының экологиялық ақыл-парасатына мұрагерлік етті, адамның табиғатпен жарасымды қатар өмір сүруінің мәндік талабын әйгіледі, экономикалық даму мен экологиялық ортаны қорғаудың қатынасын байымдады, экологиялық ортаны қорғау өндіргіш күшті қорғау екенін, экологиялық ортаны жақсарту өндіргіш күшті дамыту екенін ашық аңғартты, даму мен қорғаудың сәйкесе қатар өмір сүруінің тың жолын айқын көрсетті.


绿水青山就是金山银山

绿水青山就是金山银山,是新时代中国重要的发展理念,是推进现代化建设的重大原则。2005年8月,时任中共浙江省委书记习近平在浙江省安吉余村首次提出了“绿水青山就是金山银山”这一关系文明兴衰、人民福祉的发展理念,要求追求人与自然的和谐、经济与社会的和谐,既要绿水青山,又要金山银山。因为,绿水青山是“人的无机的身体”,只有留得绿水青山在,才能保护人类自身,破坏了绿水青山,最终会殃及人类自身。而只要坚持人与自然和谐共生,守望好绿水青山,就能永恒拥有绿水青山。

2013年9月7日,习近平在哈萨克斯坦回答学生提问时指出,中国明确把生态环境保护摆在更加突出的位置,既要绿水青山,也要金山银山;宁要绿水青山,不要金山银山,而且绿水青山就是金山银山。中国绝不以牺牲生态环境为代价换取经济的一时发展。建设生态文明、建设美丽中国的战略任务,就是为了给子孙留下天蓝、地绿、水净的美好家园。

绿水青山和金山银山,是对生态环境保护和经济发展的形象化表达,这两者不是矛盾对立的关系,而是辩证统一的关系。一方面,绿水青山既是自然财富、生态财富,又是社会财富、经济财富。良好生态本身蕴含无穷的经济价值,能够源源不断创造综合效益,实现经济社会可持续发展。另一方面,绿水青山是人民幸福生活的重要内容,胜过金山银山。良好生态环境是人民群众的共有财富,是最公平的公共产品、最普惠的民生福祉。

绿水青山就是金山银山的发展观,继承了“天人合一”的中华民族生态智慧,体现了人与自然和谐共生的本质要求,阐述了经济发展和生态环境保护的关系,揭示了保护生态环境就是保护生产力、改善生态环境就是发展生产力的道理,指明了实现发展和保护协同共生的新路径。