Бас бет> Экологиялық Өркениет

Ежелгі Қытайдың экологиялық парасаты

(Экологиялық Өркениет)

09-01-2023 | russian.china.org.cn

Ежелгі Қытайдың экологиялық парасаты

Әрқашан табиғатты қастерлейтін, сүйетін Чжунхуа ұлты адамның табиғатпен жарасымды қатар өмір сүруін көздеген. 5000 жылдан астам тариққа ие Чжунхуа өркениеті бай экологиялық даналықты, экологиялық мәдениетті жинақтаған. “жаратылыс пен адам бір тұлға”, “жаратылыстың өзі қағида” дейтін философиялық идеяда, “аспан райына, жер жағдайына баққанда аз еңбекпен мол табыс табуға болады” дейтін егіншілік-малшылық тәжірибелерінде, “атпа мырзам, торғайды, балапаны сорлайды” деген классикалық өлең жолдарында, “бір үзім нан мен бір сабақ жіп табу оңай емес, әрқашан материалдық ресурстардың тапшылығын қаперде ұста” дейтін отбасын жөнге салуға арналған ақылияларға қарапайым да парасатты табиғат танымы сіңірілген.

Мысалы, Қытайдың дәстүрлі философиясында барша заттектердің табиғат заңдылығына бойсұнуын “аспан райы” мен “жер бедері” деп атаса, Лао Цзыда: “адам жерге, жер көкке, көк Даоға(философиялық ағым), Дао табиғатқа бағынады” делінеді, мұндағы “табиғат” табиғат заңдылығын көрсетеді. Қазіргі Қытай табиғатқа бойсұнудан, табиғатты қалпына келтіруді негіз етуден таймайды, адами бүлдірулерді азайтады, биологиялық, агротехникалық шараларды инженериялық шаралармен ұштастырады, тұнбаларды аршиды, іргетасты бекемдейді, өзен ағарларының экологиялық ортасын қалпына келтіреді және т.б. Бұл Қытайдың әлмисақтан бергі табиғатқа бойсұну көзқарасынан тұжырымдалған шара болып табылады.

Тағы бір мысал, ежелгі Қытай философиясында ағын суды үнемдеу, қайнарларды ашу, ресурстарды қорғау мен экономиканы дамытудың қатынасы жиі тілге тиек болады, жаратылыстық байлықтарды үйлесімді пайдалану, үйлесімді ашу дәріптеледі. Табиғаттан өз қажеттіліктерін алуда мезгіл-мезгілінде алу, өлшемнен асырмау идеясы бүгінгі Қытайдың адамның табиғатпен жарасымды қатар өмір сүру мәселесін ойдағыдай шешуде терең реал мәнге ие. Чжунхуаның дәстүрлі өркениетінің нәрі заманымыздағы Қытайға табиғатқа құрмет ететін, болашаққа бет алатын парасат қақпасын ашты.


中国古代生态智慧

中华民族向来尊重自然、热爱自然,追求人与自然和谐共生。绵延5000多年的中华文明积淀着丰富的生态智慧和生态文化。“天人合一”“道法自然”的哲理思想,“顺天时,量地利,则用力少而成功多”的农牧经验,“劝君莫打枝头鸟,子在巢中望母归”的经典诗句,“一粥一饭,当思来处不易;半丝半缕,恒念物力维艰”的治家格言,都蕴含着质朴睿智的自然观。

比如,中国传统哲学中以万物顺应自然规律生长为“天文”“地文”,《老子》中的名言:“人法地,地法天,天法道,道法自然”,这个“自然”,就是指自然规律。当代中国顺应自然,坚持自然修复为主,减少人为扰动,把生物措施、农艺措施与工程措施结合起来,袪滞化淤,固本培元,恢复河流生态环境等,就是从中国自古以来顺应自然的观念中提升出来的举措。

再比如,中国古代哲学中常常谈到节流开源、保护资源与经济发展的关系,主张合理利用、合理开发自然资源。这种对自然取之以时、取之有度的思想,对当今中国解决好人与自然和谐共生的问题具有深刻的现实意义。中华传统文明的滋养,为当代中国开启了尊重自然、面向未来的智慧之门。