Социалистік экологиялық өркениет көзқарасы
Адамның табиғатқа қатынасы адамзат қоғамындағы ең негізгі қатынас. Марксизм адам табиғатпен өмір сүреді деп қарайды. Адамзат табиғатпен қарым-қатынас барысында өндіріспен шұғылданады, өмір сүреді және дамиды. Аспан, жер, адам үшеуінің бірлігін дәріптейтін Чжунхуа өркениеті табиғат заңдылығы бойынша әрекеттенуді, табиғаттан өз қажеттіліктерін алуда мезгіл-мезгілінде алуды, пайдалануда өлшемнен асырмауды баса дәріптейді. Социалистік экологиялық өркениет көзқарасының қалыптасуы мен дамуы таңдаулы дәстүрлі мәдениеттен бастау алумен бірге, ҚКП мен Қытай халқының ұзақ уақыттық практикалық ізденісінен келген. Ол адамның табиғатқа қатынасы жөніндегі танымның жоғарылауы, Марксизмнің Қытайға бағытталуы мен Қытай үлгісіндегі социализм практикасының органикалы тоғысуы болып табылады.
ҚКП экологиялық өркениет құрылысына әрқашан өскелең мән беріп келеді. Жаңа Қытай құрылғаннан бері, социализмнің алғашқы сатысы сынды негізгі жағдайды тиянақ еткен ҚКП ОК-нің басшылық ұжымы Қытай халқын кедейліктен құтылуға бастау, экономиканы дамыту, модернизацияны жүзеге асыру сынды тарихи үдерісте, адамзат қоғамының даму заңдылықтарын терең игеріп, адамның табиғатқа қатынасына үздіксіз мән берді, экологиялық ортаны қорғау мен экологиялық өркениет құрылысы істерін пәрменді ілгерілетті: мемлекет құрылған алғашқы мезгілде орман отырғызуды, су шаруашылығын дамытуды негіз еткен “отанды жасылдандырудың” ұлы жорығын бастады; реформа, ашық есіктен кейін, ресурстарды үнемдеу мен экологиялық ортаны қорғау сынды негізгі мемлекеттік саясат белгіленіп, экологиялық ортаны қорғаудың заң жүйесі орнады, баянды даму стратегиясын халық шаруашылығы мен әлеуметтік дамудың ұзақ мерзімдік жоспарына енгізіп, экономикалық дамудың халық санымен, ресурстармен, қоршаған ортамен сәйкесуін жебеді; XXI ғасырға қадам тастағаннан кейін, ҚКП XVII құрылтайы тұңғыш рет “экологиялық өркениетті” партия құрылтайының баяндамасына жазып, экологиялық өркениет құрылысы нысанасын ұсынды. ҚКП XVIII құрылтайынан бері, экологиялық өркениет құрылысын арқау еткен ҚКП бірқатар жаңа ұстаным, жаңа идея, жаңа стратегияны алға қойып, экологиялық өркениет құрылысын “бесті біртұлғаландыру” жалпыламалық орналастырымы мен “төртті жаппай орындау” стратегиялық орналастырымын сәйкесті ілгерілетудің маңызды мазмұны етті, “мөлдір су, жасыл тау – баға жетпес байлық” ұстанымын ҚКП XIX құрылтайының баяндамасы мен «ҚКП-ның жарғысына» енгізді.
Экологиялық өркениет құрылысы Чжунхуа ұлтының үздіксіз дамуына қатысты түбірлі ұлы жоспар. Қытай құрмақшы болған модернизация – адамның табиғатпен жарасымды қатар өмір сүретін модернизация, ол әрі халықтың күн сайын артып отырған тамаша тұрмысқа қажеттіліктерін молырақ материалдық байлық пен рухани байлық жасау арқылы қанағаттандырады, әрі халықтың күн сайын артып отырған тамаша экологиялық ортаға қажеттіліктерін көбірек сапалы экологиялық өнімдермен қанағаттандырады. Қытай адамның табиғатпен жарасымды қатар өмір сүруін ұстанады, мөлдір су, жасыл тау – баға жетпес байлық дейтін ұстанымды орнатады және оны практикада әйгілейді, мемлекеттің ресурстарды үнемдеу мен экологиялық ортаны қорғау сынды негізгі саясатынан таймайды, үнемшілдікті, қорғауды маңдай алды орынға қою, табиғи қалпына келтіруді негіз ету бағытын ұстанады, өндірісі дамыған, тұрмысы бақуатты, экологиясы тынысты, өркениетті даму жолынан жазбайды, экологиялық өркениеттің институциональдық жүйесінен таймайды және оны кемелдендіреді, жасыл даму әдістері мен өмір салтын қалыптастырудың қадамын ілгерілетеді, тау-өзендерді, орман-тоғайларды, егінжайларды, көлдерді, жайылымдарды жүйелі жөнге салуды біртұтас жоспарлап, экологиялық ортаны қорғаудың ең қатаң тәртіптемесін атқарады, таулары көздің жауын алатын, сулары көз тартатын, ауылы сағындыратын көрікті Қытай құрады, халыққа тамаша өндіріс, тұрмыс ортасын әзірлеп, дүниежүзінің экологиялық қауіпсіздігіне үлес қосады.
社会主义生态文明观
人与自然的关系是人类社会最基本的关系。马克思主义认为,人靠自然界生活。人类在同自然的互动中生产、生活、发展。中华文明强调要把天地人统一起来,按照大自然规律活动,取之有时,用之有度。社会主义生态文明观的形成和发展,不仅根植于优良的传统文化,也基于中国共产党和中国人民的长期实践探索,是对人与自然关系的认识升华,是马克思主义中国化和中国特色社会主义实践的有机融合。
中国共产党一贯高度重视生态文明建设。新中国成立以来,中共中央历代领导集体立足社会主义初级阶段基本国情,在领导中国人民摆脱贫困、发展经济、建设现代化的历史进程中,深刻把握人类社会发展规律,持续关注人与自然关系,大力推进环境保护和生态文明建设事业:建国之初,以植树造林、兴修水利为主,开启“绿化祖国”的伟大征程;改革开放后,确立节约资源和保护环境的基本国策,建立生态环境保护法律体系,将可持续发展战略纳入国民经济和社会发展长远规划,促进经济发展同人口、资源、环境相协调;进入21世纪,中共十七大首次将“生态文明”写入党代会报告,提出了生态文明的建设目标。中共十八大以来,中国共产党围绕生态文明建设提出了一系列新理念新思想新战略,将生态文明建设作为统筹推进“五位一体”总体布局和协调推进“四个全面”战略布局的重要内容,将“绿水青山就是金山银山”理念写入中共十九大报告和《中国共产党章程》。
生态文明建设是关系中华民族永续发展的根本大计。中国要建设的现代化是人与自然和谐共生的现代化,既要创造更多物质财富和精神财富以满足人民日益增长的美好生活需要,也要提供更多优质生态产品以满足人民日益增长的优美生态环境需要。中国坚持人与自然和谐共生,树立和践行绿水青山就是金山银山的理念,坚持节约资源和保护环境的基本国策,坚持节约优先、保护优先、自然恢复为主的方针,坚持走生产发展、生活富裕、生态良好的文明发展道路,坚持和完善生态文明制度体系,推动形成绿色发展方式和生活方式,统筹山水林田湖草系统治理,实行最严格的生态环境保护制度,建设“望得见山、看得见水、记得住乡愁”的美丽中国,为人民创造良好生产生活环境,为全球生态安全作出贡献。