Бас бет> Экологиялық Өркениет

Си Цзиньпиннің экологиялық өркениет идеясы

(Экологиялық Өркениет)

09-01-2023 | russian.china.org.cn

Си Цзиньпиннің экологиялық өркениет идеясы

Си Цзиньпин жаңа дәуір Қытай үлгісіндегі социализм идеясының маңызды құрамдас бөлігі болған Си Цзиньпиннің экологиялық өркениет идеясы экологиялық өркениетті неліктен құрамыз, қандай экологиялық өркениет құрамыз, экологиялық өркениетті қалай құрамыз деген келелі теориялық және практикалық мәселелерге жауап берді, Марксизмнің адамның табиғатқа қатынасы жөніндегі идеясын байытты және дамытты, ҚКП-ның социалистік құрылыстың заңдылығы жөніндегі танымын тереңдетті, ҚКП-ның миссиясы мен мақсатын, билік жүргізу ұстанымын, жауапкершілікпен қарайтынын әйгіледі. Ол жаңа дәуірде экологиялық ортаны қорғауды күшейтуде, Қытайдың экологиялық өркениет құрылысын тың деңгейге көтеруде келелі бағыттаушы мәнге ие, көрікті Қытай құрылысын жебеуге, Чжунхуа ұлтының баянды дамуын жүзеге асыруға түбірлі өлшем әзірледі.

2018 жылы мамырда шақырылған экологиялық ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік жиналыста Си Цзиньпиннің экологиялық өркениет идеясы қорытындыланды әрі байымдалды. Си Цзиньпин жиналыста жаңа дәуірде экологиялық өркениет құрылысын жебеудің басты қағидатын ұсынды әрі экологиялық құндылықтарды өлшем еткен экологиялық мәдениет жүйесі, өнеркәсіптік экология мен экологиялық өнеркәсіптенуге негізделген экологиялық экономика жүйесі, экологиялық ортаның сапасын жақсартуды өзек еткен нысаналық жауапкершілік жүйесі, басқару жүйесі мен басқару әлеуетін модернизациялаумен кепілдендірілген экологиялық өркениеттің институционалдық жүйесі, экологиялық жүйенің тамаша айналымы мен қоршаған орта тәуекелдерінен өнімді сақтануды түйін еткен экологиялық қауіпсіздік жүйесі сынды экологиялық өркениет жүйесін жедел құруды алғаш рет ұсынды. Аталған “бес жүйеде” экологиялық өркениет жүйесінің негізгі сұлбасы белгіленіп, экологиялық өркениет құрылысының идеялық кепілі, материалдық негізі, жүйелік кепілдігі, сондай-ақ жауапкершілігі мен төменгі шегі атап көрсетілді. “Бес жүйе” көрікті Қытай құрудың әрекет бағдарнамасын ғана емес, адамзаттың тағдырлас ортақ тұлғасын қалыптастыруға экологиялық өркениет ұстанымы мен практикасын арнайтын Қытай жобасын да ұсынды.


习近平生态文明思想

习近平生态文明思想,是习近平新时代中国特色社会主义思想的重要组成部分,深刻回答了为什么建设生态文明、建设什么样的生态文明、怎样建设生态文明的重大理论和实践问题,丰富和发展了马克思主义关于人与自然关系的思想,深化了中国共产党对社会主义建设规律的认识,体现了中国共产党的使命宗旨、执政理念、责任担当,对新时代加强生态环境保护,推动中国生态文明建设迈入新境界具有重大的指导意义,为推进美丽中国建设、实现中华民族永续发展提供了根本遵循。

2018年5月,全国生态环境保护大会总结并阐释了习近平生态文明思想。习近平在大会上提出了新时代推进生态文明建设的主要原则,并首次提出加快构建生态文明体系,即以生态价值观念为准则的生态文化体系,以产业生态化和生态产业化为主体的生态经济体系,以改善生态环境质量为核心的目标责任体系,以治理体系和治理能力现代化为保障的生态文明制度体系,以生态系统良性循环和环境风险有效防控为重点的生态安全体系。“五个体系”系统界定了生态文明体系的基本框架,指出了生态文明建设的思想保证、物质基础、制度保障以及责任和底线。“五个体系”不仅是建设美丽中国的行动指南,也为构建人类命运共同体贡献了生态文明理念和实践的“中国方案”。