Бас бет> «Өркениет ұстанымы» бөлімі

«Жалғыз тал гүл ашылса, көктем келді демегін, барша гүлдер көктемнің келтіреді кемелін»

(«Өркениет ұстанымы» бөлімі)

21-10-2022 | russian.china.org.cn

«Жалғыз тал гүл ашылса, көктем келді демегін, барша гүлдер көктемнің келтіреді кемелін»

«Жалғыз тал гүл ашылса, көктем келді демегін, барша гүлдер көктемнің келтіреді кемелін» деген сөз «Ежелгі және қазіргі шешендік сөздерден» алынған. Мағынасы: бір ғана гүлдің шешектеуі көктемнің келуі емес, барша гүл ашылғанда ғана бау-бақшада көктем лебі еседі. Ауыспалы мағынасы – әлемде тек бір түрлі ғана гүл болса, ол қаншалықты әдемі болғанымен де қызықсыз. Бұл ұстаным терең философиялық қағидаларға толы болуымен кең тараған: біріншіден, бүтін мен бөліктің диалектикалық байланысын ашып көрсетеді, «бір гүл» – бөлік, «барша гүл» – бүтін, бөліктің функциясы кішірек, бөлікке бүтін қозғаушы болу керек; екіншіден, құбылыстар арасындағы байланыстың көзқарасын көрсету, байланыс жалпылық сипат алады, «бір гүл» мен «барша гүл» өзара байланысты, сондықтан мәдениеттердің әралуандығын құрметтеуіміз керек; үшіншіден, құбылыстардың дамуы мен өзгеруінің объективті екенін көрсету, «барша гүлдің ашылуы» сөзсіз, сондықтан біз тарихи үрдіске бойсұнуымыз керек.

Си Цзиньпин өркениеттердің ауыс-түйісі, өзара үлгі алу мен жаһандық бірге даму туралы сөйлегенде: «Жалғыз тал гүл ашылса, көктем келді демегін, барша гүлдер көктемнің келтіреді кемелін» деген дәйексөзді көп мәрте айтты. 2018 жылы қарашада Си Цзиньпин бірінші кезекті Қытай халықаралық импорт экспосының ашылу салтында сөйлеген сөзінде осы ескі тәмсілді айту арқылы экономиканың жаһандануы терең дамыған бүгінгі таңда, күшті әлсізді жалмау, жеңгені бәріне ие болу – барған сайын тығырыққа тірейтін тұйық жол екенін, ал кеңпейіл, жалпыға тиімді болу, өзара тиімділік жасау, тең игіліктену ғана адамзаттың жүрген сайын даңғылдана түсетін дұрыс жолы екенін атап көрсетті. Шын мәнінде жаңа дәуірдегі Қытай теңдік, өзара үлгі алу, диалог пен кеңпейіл өркениет танымы мен кең ауқымды бірге ақылдасу, бірге орнату, тең игіліктенудей жаһандық басқару танымын ұстанады, анағұрлым ашық бейнемен әлеммен қауышады, анағұрлым серпінді жетістіктерімен дүниежүзіне өз үлесін қосады. Міне бұл осы ұстанымның әйгіленуі мен жүзеге асуы. 



一花独放不是春,百花齐放春满园

“一花独放不是春,百花齐放春满园”,出自《古今贤文》,意为只有一支花朵开放,不能算是春天来临,而到了百花齐放的时候,才是真正的春色满园。引申为如果世界上只有一种花朵,那么就算这种花朵再美,也是单调的。这一理念之所以广为流传,就是因为其中饱含着深刻的哲理:一是阐述了整体和部分的辩证关系,“一花”是部分,“百花”是整体,部分的功能是较小的,必须以整体带动局部;二是体现了事物联系的观点,联系具有普遍性,“一花”和“百花”是相互联系的,因此要尊重文化的多样性;三是说明了事物的发展变化是客观的,“百花齐放”是必然的,因此要顺应历史潮流。

习近平在论述文明交流互鉴和全球共同发展时,多次引用“一花独放不是春,百花齐放春满园”。2018年11月,习近平在第一届中国国际进口博览会开幕式上的主旨演讲中引用这一古语,指出在经济全球化深入发展的今天,弱肉强食、赢者通吃是一条越走越窄的死胡同,包容普惠、互利共赢才是越走越宽的人间正道。事实上,新时代的中国秉持平等、互鉴、对话、包容的文明观和共商共建共享的全球治理观,以更加开放的姿态拥抱世界,以更有活力的文明成就贡献世界,就是对这一理念的弘扬和践行。