Бас бет> «Өркениет ұстанымы» бөлімі

Өзара үйрену, өзара үлгі алу

(«Өркениет ұстанымы» бөлімі)

21-10-2022 | russian.china.org.cn

Өзара үйрену, өзара үлгі алу

Өзара үйрену, өзара үлгі алу өркениеттердің әртүрлілігін, жолдардың әртүрлілігін және біркелкі емес даму деңгейін құрметтеу негізінде өзгенің артықшылығымен өз олқылығыңды толықтау, бірге өсуді білдіреді. Ауыс-түйіс пен өзара үлгі алу өркениеттер дамуының түбірлі талабы, өркениеттер ауыс-түйісі мен өзара үлгі алуы барабар, терезесі тең, көпнегізді, көпбағытты болуы,  мәжбүри, зорлықты, жалаң, бірбағытты болмауы керек. Әрқайсы ел құшағын кең жая мәдениеттер ара ауыс-түйістердегі кедергілерді аластап, бәрін де тең қабылдау сынды көзқараспен өзге өркениеттердің құнарын қабылдап, өркениеттердің ауыс-түйісі мен өзара үлгі алу барысында бірге алға басуы керек.

2019 жылы сәуірде Си Цзиньпин «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық жоғары дәрежелілер форумының ашылу салтанатындағы бас тақырыптық баяндамасында өркениеттер арасындағы өзара үйрену, өзара үлгі алудың маңыздылығын атап өтті. Ол өркениеттер арасында өзара үйрену, өзара үлгі алудың көпірін белсенді түрде құру, білім, ғылым, мәдениет, спорт, туризм, денсаулық сақтау, археология және басқа да салаларда терең гуманитарлық ынтымақтастықты жүзеге асыру, парламенттер, саяси партиялар, халықтық ұйымдардың барыс-келісін күшейту, әйелдер, жастар, мүмкіндігі шектеулілер және басқа да топтардың қарым-қатынасын күшейту, көпнегізді ықпалдастыққа ие гуманитарлық ауыс-түйісті қалыптастыру деп көрсетті. 



互学互鉴

互学互鉴是指在尊重文明多样性、道路多样化和发展水平不平衡等差异的基础上相互学习、相互借鉴,取长补短、共同提高。交流互鉴是文明发展的本质要求,文明交流互鉴应该是对等的、平等的,多元的、多向的,而不应该是强制的、强迫的,单一的、单向的。各国应该以宽广的胸怀打破文化交往的壁垒,以兼收并蓄的态度汲取其他文明的养分,促进文明在交流互鉴中共同前进。

2019年4月,习近平在第二届“一带一路”国际合作高峰论坛开幕式上的主旨演讲中强调了加强文明互学互鉴的重要性。他指出,我们要积极架设不同文明互学互鉴的桥梁,深入开展教育、科学、文化、体育、旅游、卫生、考古等各领域人文合作,加强议会、政党、民间组织往来,密切妇女、青年、残疾人等群体交流,形成多元互动的人文交流格局。