Бас бет> «Өркениет ұстанымы» бөлімі

Өзіңе тілеместі өзгеге жасама

(«Өркениет ұстанымы» бөлімі)

21-10-2022 | russian.china.org.cn

Өзіңе тілеместі өзгеге жасама

«Өзіңе тілеместі өзгеге жасама» деген сөз «Луньюйден» алынған. Мағынасы: өзіңе ұнамайтынды өзгеге таңба. Бұл нақылда өзіндей ойлау мен өзгедей ойлау баса дәріптеліп, адамдар өз қимылына тұтқан көзқарасын өлшем ете отырып өзгелерге мәміле жасауы, өзгелерге кең пейіл, кешірімшіл болуы керек деп есептейді. Егер өзіңе ұнамайтынды өзгелерге таңсаң, қарым-қатынасты бұзумен қоймай, істі насырға шаптырады. Бұл Конфуцийшілдіктің адам мен адам арасындағы қатынастарға қатысты маңызды қағидасы, ол құрмет, ізгілік, теңдік, кешірімшілдік сынды негізгі рухты қамтиды.

Си Цзиньпиннің 2013 жылғы маусымда Мексика сенатында, 2014 жылы наурызда Германиядағы Кольбер қорында, 2017 жылы қаңтарда Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтері мен 2021 жылғы Қытай-АСЕАН диалогының 30 жылдық саммитінде сөйлеген сөздері сияқты түрлі орталарда «Өзіңе тілеместі өзгеге жасама» деген нақылды айту арқылы Қытайдың бейбіт даму жолын ұстанады, мәңгі гегемондыққа бармайды, мәңгі ірге кеңейтпейді, ықпал көлемін көздемейді деп байымдады. 

    

己所不欲,勿施于人

“己所不欲,勿施于人”,出自《论语》,意为自己不喜欢的,也不要强加给对方。这一箴言强调设身处地、换位思考,认为人应该以对待自身行为的态度为参照物来对待他人,要宽宏大量,宽恕待人。倘若把自己不喜欢的硬推给他人,不仅会破坏彼此关系,还会让事情变得僵持而不可收拾。这是儒家处理人与人关系的重要原则,体现了尊重、仁爱、平等和宽容的基本精神。

习近平于2013年6月在墨西哥参议院的演讲、2014年3月在德国科尔伯基金会的演讲、2017年1月在联合国日内瓦总部的演讲、2021年在中国—东盟建立对话关系30周年纪念峰会上的讲话等多个场合,均引用了“己所不欲,勿施于人”这一箴言,阐明中国坚持和平发展道路,永不称霸、永不扩张、永不谋求势力范围。