Бас бет> «Өркениет ұстанымы» бөлімі

Ұлы Дао қарапайымдықта

(«Өркениет ұстанымы» бөлімі)

21-10-2022 | russian.china.org.cn

Ұлы Дао қарапайымдықта

«Ұлы Дао қарапайымдықта» деген сөз «Даодэцзин» мен «Луньюйден» қорытындыланған. Мағынасы: ұлы Даоды (негізгі қағидатты, әдіс пен заңдылықты) аса қарапайым, тіпті бір сөйлем сөзбен де түсіндіруге болады. «Дао» Қытай философиясындағы маңызды ұғым. «Ұлы Дао» табиғат пен қоғамның жалпылық заңдылығы, сондай-ақ адамдардың табиғатпен қарым-қатынасы мен қоғамды басқаруының негізгі қағидасын білдіреді; «Қарапайым» – оңай, ықшам, қолайлы деген мағыналарда. Бұл ұғым ел басқару мен әлеуметтік басқаруда кеңінен қолданылады, екі негізгі мағынаға ие: біріншіден, неғұрлым жалпылық, іргелі жүйе неғұрлым оңай,  неғұрлым ықшам, адамдардың түсінуіне, іс жүзінде қолдануына қол жетімді болуы керек; екіншіден, «Ұлы Дао» адамзат дүниесінен алшақ асқақ қағида емес. Керісінше, оның жүйесі мен атқаратын қызметтері адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасқан. Түрлі үстірт құбылыстардан өтіп, қайнар көзін іздеген сайын, заттардың мәні мен заңдылығын түсіне, игере алғанда ғана қарапайымдылықпен күрделілікті тізгіндейміз.

2017 жылы қаңтарда Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде сөйлеген сөзінде Си Цзиньпин «Ұлы Дао қарапайымдықта, іскерлік аса маңызды» деген дәйексөз арқылы, адамзаттың тағдырлас ортақ тұлғасын қалыптастырудың кілті – әрекетте, халықаралық қауымдастық серіктестік қатынас, қауіпсіздік жағдай, экономикалық даму, өркениет ауыс-түйісі, эколог Ұ иялық құрылыс тараптарынан талпынуы керек деді.  


大道至简

“大道至简”是从《道德经》和《论语》的名句中凝炼而成的,意为大道理(基本原理、方法和规律)是极其简单的,简单到一两句话就能说明白。“道”在中国哲学中,是一个重要的概念,“大道”即自然、社会的普遍法则以及人们对待自然、治理社会的根本原则;“简”即浅易、简明、便利。这一观念被广泛用于治国理政及社会管理等方面,主要有两层含义:其一,越普遍、越根本的道理就应该越简明浅易,便于人们掌握并付诸实施;其二,“大道”并不是远离人世间的高高在上的原理,相反,它的道理、功用就蕴含在人们的伦常日用之中,只要透过纷繁的表层现象,寻流讨源,就可以抓住事物的本质和规律,以简驭繁。

2017年1月,习近平在联合国日内瓦总部的演讲中引用“大道至简,实干为要”,指出构建人类命运共同体关键在行动,国际社会要从伙伴关系、安全格局、经济发展、文明交流、生态建设等方面作出努力。