Ел бейбіт болса, халық бейғам болады
«Ел бейбіт болса, халық бейғам болады» деген сөз «Мэнлянлудан» алынған. Мағынасы: Мемлекет бейбіт болса, қоғам жарасымды, халық бақытты өмір сүреді. Бұл бағзы заманнан бері әрбір әділ билеуші ұмтылып келе жатқан ел басқарудың мақсаты мен ел басқарудың жағдайын, сонымен қатар әрбір қарапайым адамның өмірлік талпынысын да көрсетеді. Мұндағы өзекті түйін «бейбіт болу» мен «бейғам» деген сөзде жатыр, яғни қамсыздық пен бейбітшілік ел мен халықтың ортақ игілігі деп бағаланып, Қытай халқының бейбітшілік пен тұрақтылықты жақтау рухын көрсетеді.
Си Цзиньпин 2021 және 2022 жылдарға арналған жаңа жылдық құттықтауларында «Ел бейбіт болса, халық бейғам болады» деп аяқтап, жаңа сапарға аттану мен жаңа ауқым қалыптастыруға деген ізгі үмітін, сондай-ақ Қытай халқына деген шынайылығын, бүкіл ел халқының алаңсыз тіршілік етуіне деген шын ықыласты тілегін бейнеледі. Бұл оның отбасыға, атамекенге, аспан астына деген жүрегінің жарқын бейнесі деп айтуға болады.
国泰民安
“国泰民安”出自《梦粱录》,意为国家太平无事,社会和谐安定,人民生活幸福。这是自古以来每一位正直的执政者所努力追求的治理目标和治理状态,也是每一个普通百姓所抱持的生活愿景。其关键在于“泰”与“安”,即安定、平和被认为是国家和人民的共同福祉,体现了中国人崇尚和平安定的精神。
习近平在发表二〇二一年及二〇二二年新年贺词时,都以“国泰民安”作为祝福结束语,表达了对开启新征程、开创新格局的美好希冀,也表达了对全国人民安居乐业的诚挚祝愿。可以说,这是他心系家国、情牵天下的生动写照。