Бас бет> «Өркениет ұстанымы» бөлімі

Саясат тиянақты болса, адамдар берекелі болады

(«Өркениет ұстанымы» бөлімі)

21-10-2022 | russian.china.org.cn

Саясат тиянақты болса, адамдар берекелі болады  

«Саясат тиянақты болса, адамдар берекелі болады» деген сөз «Юе-ян сарайындағы естеліктерден» алынған. Мағынасы: Саясат тиянақтанса, халық тату-тәтті болды. «Саясаттың тиянақты болуы» мемлекеттің саясаттарының, заңдарының толық дәйекті атқарылғанын, саяси істердің іркіліссіз, ұтымды жүргізілуін білдіреді; «адамдардың берекелі болуы» әркім өз қалауын табу, жұдырықтай жұмылу, бірлік пен жарастықты сақтауды көрсетеді. Тамаша басқару жағдайы ретінде ол «Ел бейбіт болса, халық бейғам болады» дегенмен мәндес, алайда онда «адам» түрткіжайты баса дәріптелген әрі «саясаттың тиянақты болуы» мен «адамдардың берекелі болуының» себеп-салдарлық байланысын көрсетеді.

2017 жылы наурызда Си Цзиньпин XII кезекті Мемлекеттік халық құрылтайының  бесінші жиналысында Ляонин делегациясының талқысына қатысқан кезде: саясат тиянақты, адамдар берекелі болу, тұрақтылық пен тәртіп орнату үшін жақсы саяси экология әзірлеу керек деп атап көрсетті. Қазіргі Қытайда реформа, даму және тұрақтылық міндеті ауыр, қайшылықтар, қатерлер мен сайыстар көп, ел  басқарудың қиындықтары бұрын-соңды болмаған деңгейде ауыр. Тек партияны жаппай қатаң жөнге салудан, кіршіксіз де әділ тамаша саяси экология қалыптастырудан таймағанда ғана, тілек пен білекті біріктіріп, қызмет пен кәсіп ашуға ішкі қозғаушы күш пен сыртқы шарт-жағдайлар жасаймыз.   


政通人和

“政通人和”语出《岳阳楼记》,意为政事通达,人民和顺。“政通”即国家政策、法令等能够全面贯彻落实,政治事务运转顺畅有效;“人和”即人人各得其宜、上下一心、团结融洽。作为良好的治理状态,它与“国泰民安”相近,但更加强调“人”的因素,并凸显“政通”与“人和”互为因果的关系。

2017年3月,习近平参加十二届全国人大五次会议辽宁代表团审议时指出,一个地方要实现政通人和、安定有序,必须有良好政治生态。当代中国改革发展稳定任务之重、矛盾风险挑战之多、治国理政考验之大都前所未有,只有坚持全面从严治党,营造风清气正的良好政治生态,才能更好凝心聚力,为干事创业激发内在动力、创造外部条件。