Мезгіл, мекен, адам мүмкіндігі
«Мезгіл, мекен, адам мүмкіндігі» деген сөз «Мэнцзыдан» алынған. Мағынасы: «Мезгіл мүмкіндігі мекен мүмкіндігіне, мекен мүмкіндігі адам мүмкіндігіне жетпейді». Бұдан тыс, «Сунь Биннің әскери айласында» да: «Мезгіл, мекен, адам мүмкіндігінің үшеуінен бірі кем болса, соғыста жеңгенмен зобалаң әкеледі» делінген. Бұл тұжырымдамада табиғи климаттық жағдайлар, географиялық орта, халықтың қолдау-қолдамауы сияқты түрткіжайттарды терең толғану керектігі баса дәріптелген. «Мезгіл мүмкіндігі» бастапқыда соғыс кезіндегі қолайлы климатты білдірген, әдетте ауа-райы, сәт сағаты, орайлы кез қамтыған түрлі тиімді жағдайларды меңзейді. «Мекен мүмкіндігі» бастапқыда соғыс кезіндегі қолайлы жер бедерін білдірген, яғни жалпы кеңістіктегі түрлі тиімді жағдайларды, соның ішінде жер бедерін, жер түзілісін, орналасуын көрсетеді; «Адам мүмкіндігі» адамдардың қолдауы, жоғары мен төменнің бірауыздығы, бірлікті көрсетеді, жалпы алғанда адами мүмкіндіктерді меңзейді. Ежелгі адамдар жеңіс пен жеңілістің ең маңызды үш түрткіжайтының біріншісін «Адам мүмкіндігі» деп санаған. Бұл көзқарас Қытайлықтардың мәселелерді шешудегі үш негізгі өлшемін – уақт (сәт сағат), кеңістік (қоршаған орта) және адамды көрсетеді. Мұнан «адамды негіз ету» сынды негізгі ұстаным көрнектіленген.
2013 жылы маусым айында Си Цзиньпин Қытай-Мексика кәсіпкерлерінің жиналысына қатысқан кезде, Қытай мен Мексиканың экономика-сауда ынтымақтастығының мезгіл, мекен, адам мүмкіндігі аса тиімді, даму болашағының ауқымды екенін атап көрсетті. Екі елдің барлық салаларындағы адамдар қол ұстасып, әрқашан бір-бірінің дамуын өз дамуының маңызды мүмкіндігі ретінде қарастырып, дамуға ұмтылу, тең игіліктену арқылы Қытай-Мексика қарым-қатынасының жарқын болашағын жасайды деп үміттенемін деді.
天时地利人和
“天时地利人和”出自《孟子》:“天时不如地利,地利不如人和。”此外,《孙膑兵法》也提到:“天时、地利、人和,三者不得,虽胜有殃。”这一观念强调作战时的自然气候条件、地理环境和人心向背等因素均应予以深思熟虑。“天时”本指作战时的有利气候,泛指时间上的各种有利条件,包括天气、时机、机遇等;“地利”本指作战时的有利地形,泛指空间上的各种有利条件,包括地形、地势、区位等;“人和”本指得到人们拥护,上下同心、团结一致,泛指人的优势。古人认为,它们是事关成败的三种最重要的因素,其中首要的是“人和”。这一观念反映了中国人考虑问题的三个基本向度——时间(时机)、空间(环境)和人,体现了“以人为本”的基本理念。
2013年6月,习近平在出席中墨企业家会议时指出,中墨经贸合作具有天时地利人和,发展前景广阔。希望两国各界携起手来,始终将对方发展视为自身发展的重要机遇,图发展、谋共赢,为中墨关系开创更加美好未来。