Дегдарлық қарым-қатынас судай тұнық
«Дегдарлық қарым-қатынас судай тұнық» деген сөз «Чжуанцзыдан» алынған. Мағынасы: дегдарлар арасындағы достық кісілік-әділдік негізінде қалыптасқан, жайсаң да кіршіксіз, судай тұнық деген мағынада. Дегдарлар арасындағы қарым-қатынас «тоғышарлар арасындағы қарым-қатынасқа» қарама-қайшы. «Дегдарлар» – ұлағатты кісілік қасиетке ие. Олардың арасындағы өзара қарым-қатынас пікірлестікке байланысты судай тұнық, шын мәнінде терең достық пен мейірімділікке толы болады; «Тоғышарлар» – моральдық қасиеті төмен адамдар. Олардың арасындағы қарым-қатынас бас пайданы ғана көздейтіндіктен, қарамаққа бал жаласқандай сезілгенімен, шын мәнінде пайдасы сарқылса, мейірі суалады. «Дегдарлық қарым-қатынасты» Қытайлықтар ежелден қадір тұтқан, онда кісілік-әділдікті ардақтау, бас пайдаға салынбау, дегдарларды мақтау, тоғышарларды даттау сынды құндылықтар қамтылған.
2013 жылы наурызда Си Цзиньпин XII кезекті Мемлекеттік халық құрылтайының бірінші жиналысында Цзянсу делегациясының талқысына қатысқан кезде, қазіргі қоғамда билік төңірегінде азғырулар мен тұзақтар тым көп. Шытырман материалдық мүдделер алдында дегдарлық қарым-қатынас судай тұнық дегенді орындай алу керек, «шенеунік» пен «іскерлік» байланыстар мораль шеңберінен шықпауы, бірін бірі қабағат қадірлеуі керек, алайда құшақтарын жазыспайтын, араларынан қыл өтпейтін болып алмауы, араларына жалпынікі мен жекенікін айыратын шекара тартылуы керек деп баса дәріптеді.
君子之交淡如水
“君子之交淡如水”出自《庄子》,意为君子之间的交情建立在道义基础之上,高雅纯净,清淡如水。君子之间的交往,与“小人之交”相对。“君子”是品德高尚的人,他们之间的交往是因为志同道合,看似平淡如水,实则情深义重;“小人”是品德低下的人,他们之间的交往是为了谋取私利,看似表面亲密,实则利尽义绝。“君子之交”自古为中国人所崇尚,其中蕴含着重道义、轻私利,褒君子、贬小人的价值观念。
2013年3月,习近平在参加十二届全国人大一次会议江苏代表团审议时强调,现在的社会,诱惑太多,围绕权力的陷阱太多。面对纷繁的物质利益,要做到君子之交淡如水,“官”“商”交往要有道,相敬如宾,而不要勾肩搭背、不分彼此,要划出公私分明的界限。