Өткенді әспеттей отырып, жаңаның мәнісін ұғыну
«Өткенді әспеттей отырып, жаңаның мәнісін ұғыну» деген сөз «Луньюйден» алынған. Мағынасы: ескі білімді пысықтау әрі одан жаңаша аңғарым мен ұғыным қалыптастыру дегенді білдіреді. Бұрынғыларда «Өткенді әспеттей отырып, жаңаның мәнісін ұғыну» жөнінде екі негізгі түсінік қалыптасқан: біріншіден, олар «өткенді әспеттеу» мен «жаңаның мәнісін ұғыну» екі параллель аспекті, «өткенді әспеттеу» барысында бірте-бірте жаңаша таным қалыптасады, ал «жаңаның мәнін ұғыну» «өткенді әспеттеу» процесінде жүзеге асады, деп түсінген. Екіншіден, «өткенді әспеттеуді» «жаңаның мәнін ұғынудың» алғышарты мен негізі, «өткенді әспеттемейінше» «жаңаның мәнін ұғыну» мүмкін емес, ал «жаңа» «өткенді» одан әрі дамыту деп есептейді әрі ондағы қасаң ойлардан баз кешеді. Бүгінгі таңда «өткенді әспеттей отырып, жаңаның мәнісін ұғыну» жалпы оқыту әдістерінің шеңберінен шығып, жеке адамдардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың, тіпті елдің өзіндік өсуінің негізгі тетігі ретінде қарастырылуда, ескі мен жаңа, ежелгі мен қазіргі, белгілі мен белгісіз, мұрагерлік ету мен жаңалық ашу сынды диалектикалық идеяларды қамтыды.
2014 жылы қыркүйекте Си Цзиньпин Конфуцийдің 2565 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми конференция мен Халықаралық конфуцийшілдік федерациясының бесінші бас ассамблеясының ашылу отырысында «өткенді әспеттей отырып, жаңаның мәнісін ұғыну» дегенді айту арқылы бұрынғылар мұраға қалдырған білім адамдардың адам, қоғам және табиғат арасындағы қарым-қатынастар туралы маңызды танымдары мен тәжірибелерін жинақтады, қазіргілер жасаған білім адамдардың заманалық мәселелер жөніндегі парасаты мен ізденістерін қалыптастырады. Білімнің бұл екі аспектісі алдыңғыларға мұрагер, кейінгілерге бұйдагер болуда аса маңызды мән алады деп атап көрсетті.
温故而知新
“温故而知新”出自《论语》,意为温习旧有的知识,并获得新的理解与体会。前人对“温故而知新”的理解主要有两种:其一,将“温故”与“知新”理解为并列的两方面,认为在“温故”的同时就逐步获得新知,“知新”在“温故”的过程中得以实现。其二,将“温故”理解为“知新”的前提与基础,认为没有“温故”,就不可能“知新”,“新”是“故”的进一步发展,并且摒弃了其中陈腐的旧见。在今天,“温故而知新”已经超出一般学习方法的范畴,被视作个体、企业、组织甚至一个国家自我成长的基本机理,涵盖旧与新、古与今、已知与未知、继承与创新等辩证思想。
2014年9月,习近平在纪念孔子诞辰2565周年国际学术研讨会暨国际儒学联合会第五届会员大会开幕会上引用“温故而知新”,强调前人传承的知识积累了人们历史上对处理人、社会、自然三者关系的重要认知和经验,今人创造的知识形成了人们应对时代问题的智慧和探索,这两方面的知识对人类继往开来都十分重要。