Бас бет> «Өркениет ұстанымы» бөлімі

Білімпаздың ұлық болуы неғайбіл, алайда ұлық сөзсіз білімпаз болуы керек

(«Өркениет ұстанымы» бөлімі)

21-10-2022 | russian.china.org.cn

Білімпаздың ұлық болуы неғайбіл, алайда ұлық сөзсіз білімпаз болуы керек

«Білімпаздың ұлық болуы неғайбіл, алайда ұлық сөзсіз білімпаз болуы керек» деген сөз «Шюньцзыдан» алынған, түпнұсқа мәтінде былай делінген: «дегдар  монархтың абыройын арттырып, халықтың мұңын мұңдайды. Талантсыз қызмет атқару – қулық, ешкімге пайдасы тимей, жоғары жалақы алу – ұрлық. Білімпаздың ұлық болуы неғайбіл, алайда ұлық сөзсіз білімпаз болуы керек. Конфуций сияқты, Шюньцзы да «білімпаздықтың» «ұлық болудың» алғышарты мен негізі екенін атап көрсетті. Ұлық болу мен билікке араласу үйренудің бірден-бір мақсаты емес, бірақ ұлық болғандар өз мақсатына жеткеннен кейін «үйренуді» тоқтатамын деп ойламауы керек, керісінше, ұдайы үйренгенде, өзін баулығанда ғана «отбасын түзеу, ел басқару, аспан астын орнықтыру» сынды мұратты жүзеге асыра алады. Дарынсыз бола тұра, мол жалақы алу – алдаумен, ұрлықпен пара-пар.

Си Цзиньпин «Білімпаздың ұлық болуы неғайбіл, алайда ұлық сөзсіз білімпаз болуы керек» дегенде жетекші кадрлардан үйренуді күшейтудің, жұмыстың деңгейі мен сапасын үздіксіз жақсартудың маңыздылығын атап көрсету үшін болып табылады. 2013 жылдың наурыз айында Орталық партия мектебінің құрылғанына 80 жыл толуы мен 2013 жылдың көктемгі семестрінің ашылу салтанатында осы бір ескі сөзді айту арқылы, жетекші кадрлардың үйрену-үйренбеуі, қабілеті-қабілетсіздігі тек өзінің ғана ісі емес, қайта партия мен мемлекеттің дамуына қатысты ірі іс екенін дәріптеді. 



学者非必为仕,而仕者必为学

“学者非必为仕,而仕者必为学”,出自《荀子》,原文为“君子进则能益上之誉而损下之忧。不能而居之,诬也;无益而厚受之,窃也。学者非必为仕,而仕者必如学。”荀子和孔子一样,强调“学”是“仕”的前提和基础。为官从政不是为学的唯一目标,但是为官者却不能认为达到了目的就可以停止“为学”,反而要继续学习、提高修养,才能实现“齐家治国平天下”的理想。如果才学不胜而享厚俸,则无异于行骗盗窃。

习近平引用“学者非必为仕,而仕者必为学”,就是强调领导干部加强学习,不断提高工作水平和质量的重要性。2013年3月,他在中央党校建校80周年庆祝大会暨2013年春季学期开学典礼上引用这一古语,指出领导干部学习不学习不仅仅是自己的事情,本领大小也不仅仅是自己的事情,而是关乎党和国家事业发展的大事情。