Ізгілік судан тұнық
«Ізгілік судан тұнық» деген сөз «Даодэцзиннен» алынған, яғни ең жоғары құлық пен ізгілік бейне дүниедегі барша заттекті үнсіз, талассыз қоректендіретін су секілді болуы, жеңіске ұмтылмауы керек дегенді аңғартқан. Лаоцзы судың жұмсақтық қасиетін ізгілікке ұмтылған билеушінің асыл қасиетімен шендестірген. Халықты билеген билеуші бейне судың барша заттекті нәрлендіргені секілді халыққа көмектесуі, олармен керіспеуі керек. Кейінірек бұл сөз басқалармен қарым-қатынас жасағанда барша заттекті нәрлендіретін судай ізгі болуды, өзінде бар мүмкіндігімен өзгелерге көмектесуді, жалған атақ пен пайдаға ұмтылмауды, немесе қиыншылыққа төзімді, кішіпейіл мінез қалыптастыруды көрсеткен.
2014 жылы қарашада Си Цзиньпин Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭЫ) іскерлік көшбасшылар саммитін қарсы алу қонағасында бұдан 2000 жылдан астам уақыт бұрын Лаоцзы: «Ізгілік судан тұнық, су барша заттекті талассыз нәрлендіреді» деп атап көрсетті. Оның мағынасы: ізгілік бейне сыңғырлы бұлақ сияқты, барша заттекті ылғалына бөлейді. АТЭЫ-ны Тынық мұхитының суы қауыштырған, біз Тынық мұхитты бейбітшілік, достық және ынтымақтастық мұхитына айналдыруға міндеттіміз, Азия-Тынық мұхиты аймағының бейбітшілігінің, дамуының, гүлденуі мен ілгерілеуінің куәгері боламыз.
上善若水
“上善若水”语出《道德经》,意指至高的善德善举就如同水的品性,默默滋养世间万物而不争强斗胜。老子以水的柔弱之性比喻至善的执政者应有的品德。执政者面对百姓,应该像水之于万物,辅助、成就百姓而不与其相争,后多指为人处事时能像水一样滋润万物,尽己所能帮助他人却从不争名逐利,或者具有坚忍负重、谦卑居下的品格。
2014年11月,习近平在亚太经合组织工商领导人峰会欢迎宴会上指出,2000多年前,老子说:“上善若水,水利万物而不争”,意思就是说最高境界的善行就像水一样涓涓细流,泽被万物。亚太经合组织以太平洋之水结缘,我们有责任使太平洋成为太平之洋,友谊之洋,合作之洋,见证亚太地区和平、发展、繁荣、进步。