Бас бет> «Өркениет ұстанымы» бөлімі

​Өзін баулу, отбасын түзеу, ел басқару, аспан астын орнықтыру

(«Өркениет ұстанымы» бөлімі)

21-10-2022 | russian.china.org.cn

Өзін баулу, отбасын түзеу, ел басқару, аспан астын орнықтыру

«Өзін баулу, отбасын түзеу, ел басқару, аспан астын орнықтыру» «Шахналық оқу» деген кітаптан алынған. Оның мағынасы адам өзін баулу негізінде алдымен отбасын жақсы басқаруы, содан кейін елді ізгілікпен, моральмен басқаруды жүзеге асыруы, мемлекетті жақсы жөнге салуы, онан кейін аспан астындағы халықты орнықтыруы, ең соңында қой үстіне боз торғай жұмыртқалайтын заман орнатуды көрсетеді. Осындай қат-қабат кеңею үдерісінде жекенің ізгілігі мен өзін баулуы саяси мұраттастықпен тығыз байланысты. Бұл ежелгі Қытай конфуцийлік философиясы мен саяси мұраттастықтың маңызды тақырыбы. Ол «Шахналық оқу жолының» қорытындысы болып табылады әрі конфуцийшілдіктің жеке адамнан отбасына, одан елге, аспан астына дейінгі прогрессивті моральдық-саяси көзқарасын көрсетеді.

ҚКП XVIII құрылтайынан бері Си Цзиньпин Қытай зиялыларының «өзін баулу, отбасын түзеу, ел басқару, аспан астын орнықтыру» сынды күшті отаншылдық сезімі туралы көп мәрте айтты. 2014 жылы мамырда Си Цзиньпин Бейжің университетінің оқытушы-студенттерімен сұхбаттында осы классикалық ұстанымнан үзінді келтіріп, асыл адамгершілік пен адамилық қасиетке қалай жетуге болатынын әрі қайткенде елге, адамзатқа үлес қосатын дарынды болуға болатынын баяндады. 


修身、齐家、治国、平天下

“修身、齐家、治国、平天下”,出自《大学》,意指以个人自身修养为基础,先治理好家庭,进而实行仁政德治,治理好国家,更进而安抚和治理天下百姓,最终求得天下太平。在这一层层扩展的过程中,个人的德性和修养与不同层面的政治抱负息息相关。这是中国古代儒家哲学和政治抱负的重要命题,是对“大学之道”的概括,体现了儒家思想由个人到家庭再到邦国进而到天下的逐步递进的道德政治观。

中共十八大以来,习近平多次在讲话中谈及中国知识分子“修身、齐家、治国、平天下”的家国情怀。2014年5月,习近平在北京大学和师生座谈时便引用了这一经典理念,论述如何成就崇高德性和人格,怎样成为经国济世的人才。