Жаңа демократия теориясы
Жаңа демократия теориясы―Мао Цзэдун жолдасты негізгі өкіл еткен Марксизм-Ленинизмді Қытай революциясының нақты жағдайымен ұштастырған Қытай коммунистерінің теория тарапында ұдайы жаңалық ашу арқылы қалыптасқан Қытай революциясы жөніндегі жасампаздық сипатты теория, Марксизмнің Қытайлануындағы ұлы секіріс.
1939 жылы қазаннан 1940 жылы қаңтарға дейін, Мао Цзэдун арт-артынан жариялаған «‹Коммунист› журналына алғысөз», «Қытай революциясы мен Қытай Коммунистік Партиясы», «Жаңа демократия жөнінде» деген маңызды шығармаларында жаңа демократия теориясын жүйелі, кемел ортаға қойып, бүкіл партия мен бүкіл ел халқына Қытай революциясы мен Қытайдың болашағы жөніндегі бірсыпыра сауалдарға түйінді жауап берді. Негізінен: Қытайдың жартылай отар, жартылай феодалдық қоғамын шығар түйін етіп, Қытай революциясының сипаты, міндеті, объектісі, қозғаушы күші, одақтас армия, басшылық билік пен революцияның басқыштары, сондай-ақ өзгеру мәселелерін терең толғаныспен талдады; Қытай революциясының ерекшелігі мен даму заңдылығы, пролетариат басшылық еткен жұмысшы-диқан одағын негіз еткен, халық бұқарасына тән, империализмге, феодализмге және бюрократ капитализмге қарсы тұратын жаңа демократиялық революцияның теориясын жасады; бірлікшеп, қарулы күрес, партия басшылығы сынды революцияның үш асылын қорытындылады; ауыл арқылы қаланы алу, ең соңында бүкіл мемлекетті алудай жеңісті жолдың жетекші принциптерін жасады; жаңа демократиялық революцияны дамытудың болашағы социализмде екенін алға қойды.
Мао Цзэдунды басты өкіл еткен Қытай коммунистері жаратқан жаңа демократия теориясы―Марксизм-Ленинизмнің Қытай революциясының нақты практикасымен ұштасуының жемісі, Қытай революциясы, өте-мөте партиямыз құрылғаннан бергі тарихи тәжірибе-сабақтардың жалпы беттік қорытындылануы, Мао Цзэдун идеясының Жапон шапқыншыларына қарсы соғыс мезгіліндегі ең маңызды теориялық табысы. Жаңа демократия теориясының ұсынылуы арқылы бүкіл партия мен бүкіл ел халқы Қытай революциясының даму заңдылығы мен болашағын айқын таныды, Жапон шапқыншыларына қарсы соғыс пен Қытай революциясының жеңісіне пәрменді жетекшілік етті.
新民主主义理论
新民主主义理论是以毛泽东为主要代表的中国共产党人,把马克思列宁主义与中国革命的具体实践相结合,不断进行理论创新,形成的具有独创性的关于中国革命的理论,是马克思主义中国化的一次飞跃。
从1939年10月到1940年1月,毛泽东相继发表了《〈共产党人〉发刊词》《中国革命和中国共产党》《新民主主义论》等重要著作,系统完整地提出了新民主主义理论,集中地向全党和全国人民回答了关于中国革命和中国前途的一系列基本问题。主要包括:从中国半殖民地半封建社会出发,深刻分析中国革命的性质、任务、对象、动力、同盟军、领导权和革命步骤及转变的问题;根据中国革命的特点和发展规律,创立无产阶级领导的以工农联盟为基础的,人民大众的,反对帝国主义、封建主义和官僚资本主义的新民主主义革命的理论;总结出统一战线、武装斗争、党的领导是革命的三大法宝;创造出一条以农村包围城市,最后夺取全国胜利道路的指导原则;提出新民主主义的发展前途是社会主义。
以毛泽东为主要代表的中国共产党人创立的新民主主义理论,是马克思列宁主义同中国革命实际相结合的产物,是中国革命特别是建党以来历史经验的全面总结,是毛泽东思想在抗战时期最重大的理论成果。新民主主义理论的提出,使全党和全国人民清楚地看到了中国革命的发展规律和前景,有力地指导和促进了抗日战争和中国革命的胜利发展。