Бас бет> ҚКП-ның 100 жылдығы

​“Үшке өкілдік ету” маңызды идеясы

(ҚКП-ның 100 жылдығы)

08-07-2022 | russian.china.org.cn

“Үшке өкілдік ету” маңызды идеясы

1989 жылы ҚКП XIII кезекті ОК-ның төртінші пленумынан соң, Цзян Цзэминь негізгі өкіл болған Қытай коммунистері Қытай үлгісіндегі социализм құру практикасында социализм деген не, социализмді қалай құру керек, қандай үлгідегі партия құру керек, партияны қалай құру керек деген танымдық мәселелерді ішкерілей түсінді, партияны, мемлекетті басқаруда жаңа құнды тәжірибелер жинақтап, “Үшке өкілдік ету” маңызды идеясын қалыптастырды.

Жаңа ғасырға беттеген тұста, ішкі және сыртқы жағдайды, партияның арқалаған тарихи міндеттерін, партиялық құрылыстың нақты жағдайын сергектікпен тану және дұрыс бағамдау негізінде, 2000 жылы ақпан айында Цзян Цзэминь Гуандунды тексерген тұста “Үшке өкілдік етуді” талап етті. Бұл партияның іші-сыртында, ел іші-сыртында күшті аңыс қозғады. 2001 жылы шілдеде, Цзян Цзэминь ҚКП құрылғанының 80 жылдығында сөйлеген маңызды сөзінде, ҚКП қашанда Қытайдың озық өндіргіш күшінің даму талабына, Қытайдың озық мәдениетінің алға басу бағытына, халықтың негізгі мүддесіне өкілдік ету сынды “Үш өкілдік ету” маңызды идеясының ғылыми мәні мен негізгі мазмұнын жүйелі түрде түсіндіріп берді. 2002 жылы қараша айында шақырылған ҚКП XVI құрылтайында “Үшке өкілдік ету” маңызды идеясы Марксизм-Ленинизм, Мао Цзэдун идеясы, Дэн Сяопин теориясымен қатар ҚКП-ның ұзақ уақыт ұстанатын жетекші идеясы мен әрекет бағдарнамасы ретінде тұрақтанып, партия жарғысына енді. 2004 жылы X кезекті МХҚ-ның екінші сессиясында “Үшке өкілдік ету” маңызды идеясы Қытай Конституциясына енгізілді.

“Үш өкілдік ету” маңызды идеясы экономика, саяси, мәдениет, әскери, дипломатия және партия құрылысы сияқты түрлі салаларға саяды, ол реформа, даму, тұрақтылық, ішкі саясат, дипломатия, қорғаныс, партияны, мемлекетті, армияны басқару тараптарындағы бірқатар жүйелі ғылыми теорияларды қамтиды. ҚКП қашанда Қытайдың озық өндіргіш күштерінің даму талабына өкілдік ету керек дегеніміз партиялық теория, саражол, тұғырнама, саяси шаралар мен түрлі қызметтерде өндіргіш күштердің даму заңдылығына сәйкесуге құлшына үйлесу, қоғамдық өндіргіш күштерді азат ету мен дамытудың талаптарын үздіксіз ілгерілетуде бейнелену, өндіргіш күштерді дамыту арқылы халық бұқарасының тұрмыс деңгейін көтеру болып табылады. ҚКП қашанда Қытайдың озық мәдениетінің алға басу бағытына өкілдік ету керек дегеніміз партиялық теория, саражол, тұғырнама, саяси шаралар мен түрлі қызметтерде модернизациялануға, дүниежүзіне, болашаққа бағыт алған ұлттық, ғылыми, бұқаралық сипат алған социалистік мәдениеттің даму талабын құлшына бейнелеуі, бүкіл ұлттың идеялық-моральдық сапасы ғылым-мәдениет сапасын үздіксіз өсіру, мемлекеттің экономикалық дамуы мен әлеуметтік алғабасарлық үшін рухани қозғаушы күш пен зияткерлік қолдау көрсету болып табылады. ҚКП қашанда Қытайдағы ең көп халықтың негізгі мүддесіне өкілдік ету керек дегеніміз партиялық теория, саражол, тұғырнама, саяси шаралар мен түрлі қызметтерде халықтың түбірлі мүддесін шығар түйін және тиянақ ету, халық бұқарасының белсенділігін, ырықтылығын, жасампаздығын толық сәулелендіру, қоғамның үздіксіз даму, алға басуы негізінде, халық бұқарасын экономикалық, саяси, мәдени мүддеден игіліктендіру болып табылады.

“Үшке өкілдік ету” маңызды идеясы бірқатар тығыз байланысты, өзара ұштасқан жаңа идеяларды, жаңа көзқарастарды, жаңа тұжырымдарды ұсынды. Ол негізінен: социалистік нарықтық экономика түзілісін орнату жөніндегі идеяларды; жалпылық меншік  басты тұлға болу, басқа да меншік түрлері қатар даму сынды Қытай социализмінің алғашқы сатысындағы негізгі экономикалық жүйе жөніндегі идеяларды; еңбегіне қарай бөлуді негіз еткен, көп түрлі бөліс тәсілдері қатар өмір сүру туралы идеяларды; жалпыбағыттық есік ашу стратегиясы жөніндегі идеяларды; социалистік материалдық өркениет, саяси өркениет пен рухани өркениетті сәйкесті дамыту жөніндегі идеяларды; даму партияның билік жүргізудегі, мемлекетті көркейтудегі маңдайалды маңызды қызмет екені жөніндегі идеяларды; реформа, даму, тұрақтылықтың өзара қатынасын дұрыс шешу жөніндегі идеяларды; заңмен басқарылатын социалистік мемлекет құру жөніндегі идеяларды; мемлекетті заңмен басқару мен мемлекетті моральмен басқаруды өзара тоғыстыру жөніндегі идеяларды; Қытай үлгісіндегі сарабдал қосын құру жөніндегі идеяларды; партияның таптық негізін бекемдеу мен партияның бұқаралық негізін бекемдеу жөніндегі идеяларды қамтиды. Бұл идеялар, көзқарастар мен тұжырымдамалар “Үшке өкілдік ету” маңызды идеясының басты мазмұндарын құрайды.

“Үшке өкілдік ету” маңызды идеясы қандай партия құру керек, партияны қалай құру керек деген сауалдарға жасампаздықпен жауап берді, партия құрылысы сынды ұлы инженерияны Қытай үлгісіндегі социализм ұлы істерімен тығыз ұштастырды, партияның сипатына, түбірлі мақсатына, жетекші идеясы мен міндеттеріне дәуірлік бай мазмұн жүктеді. “Үшке өкілдік ету” маңызды идеясы ― ҚКП-ның жетекші идеясындағы тағы бір реткі дәуір көшімен алға басуы, партия құрылысын нығайтуы мен жетілдіруі, социализмнің өзін-өзі кемелдендіруі мен дамытуын ілгерілететін қуатты теориялық қару, Қытай үлгісіндегі социализмнің теориялық жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі.


“三个代表”重要思想

1989年中共十三届四中全会以后,以江泽民为主要代表的中国共产党人,在建设中国特色社会主义的实践中,加深了对什么是社会主义、怎样建设社会主义和建设什么样的党、怎样建设党的认识,积累了治党治国新的宝贵经验,形成了“三个代表”重要思想。

面对新世纪,基于对国内外形势、党肩负的历史任务、党自身建设实际的清醒认识和准确把握,江泽民于2000年2月在广东考察期间提出“三个代表”的要求,在党内外、国内外引发强烈反响。2001年7月,江泽民在庆祝中国共产党成立80周年大会上发表重要讲话,系统阐述“三个代表”重要思想的科学内涵和基本内容,即中国共产党必须始终代表中国先进生产力的发展要求,代表中国先进文化的前进方向,代表中国最广大人民的根本利益。2002年11月,中共十六大把“三个代表”重要思想同马克思列宁主义、毛泽东思想、邓小平理论一道确立为中国共产党必须长期坚持的指导思想和行动指南,并写入党章。2004年,十届全国人大二次会议将“三个代表”重要思想载入中国宪法。

“三个代表”重要思想贯穿经济、政治、文化、军事、外交、党的建设等各个领域,涵盖改革发展稳定、内政外交国防、治党治国治军等各个方面,是一个系统的科学理论。中国共产党必须始终代表中国先进生产力的发展要求,就是党的理论、路线、纲领、方针、政策和各项工作,必须努力符合生产力发展的规律,体现不断推动社会生产力的解放和发展的要求,通过发展生产力不断提高人民群众的生活水平。中国共产党必须始终代表中国先进文化的前进方向,就是党的理论、路线、纲领、方针、政策和各项工作,必须努力体现面向现代化、面向世界、面向未来的,民族的科学的大众的社会主义文化的发展要求,促进全民族思想道德素质和科学文化素质的不断提高,为国家经济发展和社会进步提供精神动力和智力支持。中国共产党必须始终代表中国最广大人民的根本利益,就是党的理论、路线、纲领、方针、政策和各项工作,必须坚持把人民的根本利益作为出发点和归宿,充分发挥人民群众的积极性、主动性、创造性,在社会不断发展进步的基础上,使人民群众不断获得切实的经济、政治、文化利益。

“三个代表”重要思想提出了一系列紧密联系、相互贯通的新思想、新观点、新论断,主要包括:关于建立社会主义市场经济体制的思想;关于公有制为主体、多种所有制经济共同发展是中国社会主义初级阶段的基本经济制度的思想;关于按劳分配为主体、多种分配方式并存的思想;关于实行全方位对外开放战略的思想;关于社会主义物质文明、政治文明和精神文明协调发展的思想;关于发展是党执政兴国的第一要务的思想;关于正确处理改革发展稳定关系的思想;关于建设社会主义法治国家的思想;关于依法治国和以德治国相结合的思想;关于走中国特色的精兵之路的思想;关于巩固党的阶级基础和扩大党的群众基础的思想等。这些思想、观点和论断构成了“三个代表”重要思想的主要内容。

“三个代表”重要思想创造性地回答了建设什么样的党、怎样建设党的问题,把党的建设新的伟大工程同中国特色社会主义伟大事业紧密联系起来,赋予党的性质、宗旨、指导思想和任务以丰富的时代内容。“三个代表”重要思想是中国共产党指导思想的又一次与时俱进,是加强和改进党的建设、推进社会主义自我完善和发展的强大理论武器,是中国特色社会主义理论体系的重要组成部分。