Бас бет> ҚКП-ның 100 жылдығы

​Мао Цзэдун идеясы

(ҚКП-ның 100 жылдығы)

08-07-2022 | russian.china.org.cn

Мао Цзэдун идеясы

Марксизм-Ленинизмді жетекші еткен ҚКП құрылған күннен бастап шыт жаңа Қытай революциясын бастады. Алайда, жас ҚКП бір мезгіл Марксизм-Ленинизмнің пролетариат революциясы жөніндегі жалпы қағидаларын қаз-қалпында көшіріп қолданды, Ресейдегі қазан революциясының қалалардағы қарулы көтеріліс тәжірибелеріне еліктеді, Қытай революциясы ауыр сәтсіздіктерге ұшырады. Қытайдың айрықша әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай, Мао Цзэдунды өкіл еткен Қытай коммунистері Марксизм-Ленинизмнің жалпы қағидалары бойынша, Қытайдың нақты жағдайына сәйкес, Қытай революциясы мен құрылысының практикасы барысында бірқыдыру теориялар мен тұжырымдамаларды жарыққа шығарды, осылайша Қытайдың жағдайына сай келетін ғылыми жетекші идея ― Мао Цзэдун идеясы қалыптасты.

Мао Цзэдун идеясы XX ғасырдың жиырмасыншы жылдарының соңы мен отызыншы жылдардың бастапқы мезгілінде қалыптасты. Осы кезеңде, Мао Цзэдун негізгі өкіл болған Қытай коммунистері Қытайдың әлеуметтік жағдайы мен таптық құрамына терең талдау жасап, қызыл билікті орнатуға және оны дамытуға пайдалы теорияларды жарыққа шығарды, ауыл арқылы қаланы қоршауға алу, билікті қарумен тартып алу сынды революция жолын ашты, әрі армия құру мен партия құру мәселесінде, Қытайдың жағдайына үйлесетін бірқатар принциптерді тапқырлықпен ұсынды. “Солшылдық” қателіктерге қарсы қиян-кескі күресте Мао Цзэдун марксизмді Қытай революциясының нақты жағдайына үйлестіруге табанды болу принципін ұстанды, “тексеріп-зерттемегеннің сөйлеу құқығы жоқ” деген әйгілі тұжырымын алға тартты.

1935 жылы шақырылған Цзунь-и жиналысында Мао Цзэдунның бүкіл партиядағы көшбасшылық статусы тұрақтанды. Аграрлық революциялық соғыстың соңғы мезгілі мен Қытай халқының Жапон шапқыншыларына қарсы соғысы мезгілінде, Мао Цзэдун идеясы жүйелі қорытындылану мен көпқырлы даму арқылы кемелденді. Осы кездері, Мао Цзэдун бүкіл партияны Марксизм теорияларын үйренуге және зерттеуге бағыттады, идеялық азаттық сынды стиль дұрыстау қозғалысын өріс алдырды, Қытай революциясының тәжірибе-сабақтарын жүйелі қорытындылады, Қытай демократиялық революциясының заңдылықтарын дұрыс таныды, біршама жүйелі философиялық идея, әскери істер идеясы, бірлікшеп идеясы мен партия құрылысы идеясын қалыптастырды. Атап айтқанда, Мао Цзэдунның жаңа демократиялық революцияның негізгі теориясын, негізгі саражолы мен негізгі тұғырнамасын жүйелі, кемел түсіндіруі, партияның жаңа демократиялық революция мезгіліндегі саясаттары мен тактикаларын жан-жақты көрсетуі Қытай революциясына басшылық етуде келелі маңыз алды. 1945 жылы шақырылған ҚКП VII құрылтайында Мао Цзэдун идеясы ҚКП-ның жетекші идеясы ретінде тұрақтанды және партияның жарғысына енгізілді.

Азаттық соғысы мезгілінде және Қытай Халық Республикасы(ҚХР) құрылғаннан кейін, Мао Цзэдун идеясы үздіксіз дамыды. Ол қалыптасқан жаңа демократиялық революцияның теориясын байытып, жетілдіріп қана қоймай, сонымен қатар жаңа практикалар негізінде социалистік революция мен социалистік құрылыс жөніндегі дұрыс теориялық принциптер мен тәжірибе-қорытындыларды қалыптастырды. Оған негізінен мыналар қамтылды: социалистік өзгеріс жасау жөніндегі теория; халықтық демократиялық диктатура жөніндегі теория; екі түрлі қайшылық туралы ілім мен халық ішіндегі қайшылықтарды дұрыс шешу жөніндегі теория; Қытайдың әлеуметтік-экономикалық жағдайына үйлесетін экономикалық құрылыс жолын зерттеу туралы идея; билікші партияның құрылысы туралы идея; дербес, өз-өзіне қожайын болу, бейбіт қатар тұру сынды дипломатиялық саясат, т.б. ҚКП XI кезекті ОК-ның үшінші пленумынан соң, Дэн Сяопиннің басшылығымен ҚКП Мао Цзэдун жолдастың тарихи орны мен Мао Цзэдун идеясының ғылыми жүйесін дұрыс бағалау, жаңа жағдай мен тарихи тәжірибелер негізінде Қытайдың социалистік модернизациялануын жүзеге асырудың дұрыс жолын белгілеу сынды екі өзара байланысты маңызды тарихи тапсырманы орындады, сөйтіп партия мен мемлекеттің дамуы үшін дұрыс бағыт белгіледі. Жаңа тарихи жағдайда Мао Цзэдун идеясының ғылыми жүйесі үздіксіз байып, дамып отырды.

Мао Цзэдун идеясының жаны ― оған сіңірілген тұрғы, көзқарас, әдістеме, мұндағы үш негізгі аспекті: шындықты болмыстан іздеу, бұқаралық саражол, дербес, өз-өзіне қожайын болу. Шындықты болмыстан іздеу ― Марксизмнің негізгі көзқарасы, Қытай коммунистеріне қойылған әлемді түсіну және оны өзгертудегі негізгі талап, сондай-ақ ҚКП-ның басты идеялық әдістемесі, қызмет әдістемесі, басшылық ету әдістемесі. Шындықты болмыстан іздеу ― барлық істе шындықты шығар түйін етуге, теорияны практикамен ұштастыруға, ақиқатты практика барысында сыннан өткізуге және оны дамытуға табанды болу. Бұқаралық саражол – партияның жаны және түбірлі қызметінің саражолы, сондай-ақ партияның жалынды жастығы мен жауынгерлігін сақтауындағы маңызды асылы. Бұқаралық саражолда табанды болу ― барлық істе бұқараның қамын ойлауға, барлық істе бұқараға сүйенуге, бұқарадан алып, бұқараға қайтаруға, партияның дұрыс қуаттамаларын бұқараның саналы әрекетіне айналдыруға, бұқаралық саражолды мемлекетті басқарудың тұтас барысына сіңіруге табанды болу. Дербес, өз-өзіне қожайын болу – ҚКП-ның Қытайдың іс жүзіндігін негіз етіп, партия мен халықтың күшіне сүйеніп, революция, құрылыс, реформа жүргізуінің талассыз қорытындысы, ҚКП-ның партия болуының, ҚХР-ңың ел болуының маңызды принципі. Дербес, өз-өзіне қожайын болу―мемлекет пен ұлттың дамуын өз күшіміздің негізіне қою, ұлттық ар-намыс пен сенімге табанды болу, өз жолымыздан ауытқымай жүру. Осы тұрғы, көзқарас пен әдістемеде табанды болғаны үшін де ҚКП Марксизмді жасампаздықпен дамыта алды, Қытай қоғамының дамуы мен алға басуына үздіксіз ықпал ете алды.

Мао Цзэдун идеясы Қытай революциясының түпнұсқалық тәжірибелерінің қорытындысы, ҚКП-ның ұжымдық ақыл-парасатының жауһары, партияның көптеген әйгілі басшылары оның қалыптасуы мен дамуына маңызды үлестер қосты, Мао Цзэдунның ғылыми еңбектері оның шоғырлы қорытындысы. Бұл маңызды идея Марксизмді Қытайға бейімдеудің бірінші реткі тарихи шарықтауының теориялық жемісі, ҚКП мен Қытай халқының қиындықтарды еңсеру барысында қол жеткізген бағалы рухани байлығы, Қытай революциясы мен құрылысының ғылыми бағдарнамасы, Чжунхуа ұлтының рухани тірегі. 


毛泽东思想

中国共产党自成立起,就以马克思列宁主义为指导,开始了全新的中国革命。但是,一段时期内,年轻的中国共产党曾简单套用马克思列宁主义关于无产阶级革命的一般原理、照搬俄国十月革命城市武装起义的经验,中国革命遭受到严重挫折。面对中国的特殊国情,以毛泽东为主要代表的中国共产党人,根据马克思列宁主义基本原理,从中国实际出发,把中国革命和建设实践中的一系列独创性经验作了理论概括,形成了适合中国情况的科学指导思想——毛泽东思想。

毛泽东思想主要产生于20世纪20年代后期和30年代前期。在这期间,以毛泽东为主要代表的中国共产党人深刻分析中国社会形态和阶级状况,创造了善于建立和发展红色政权的理论,开辟了农村包围城市、武装夺取政权的革命道路,并在建军和建党等问题上,创造性地提出了一系列适合中国国情的原则。在同“左”倾错误的艰苦斗争中,毛泽东始终坚持马克思主义与中国革命实际相结合的原则,提出了“没有调查,就没有发言权”等著名论断。

1935年召开的遵义会议确立了毛泽东在全党的领导地位。在土地革命战争后期和中国人民抗日战争时期,毛泽东思想得到系统总结和多方面展开而达到成熟。在这期间,毛泽东引导全党学习和研究马克思主义理论,开展意在解放思想的整风运动,系统总结中国革命的经验教训,正确认识了中国民主革命的规律,形成了比较系统的哲学思想、军事思想、统一战线思想和党的建设思想。特别是毛泽东系统而完整阐述的新民主主义革命的基本理论、基本路线和基本纲领,精辟论证的党在民主革命时期的政策和策略,对指导中国革命具有特别重大的意义。1945年召开的中共七大将毛泽东思想确立为中国共产党的指导思想并写入党章。

解放战争时期和中华人民共和国成立以后,毛泽东思想继续发展,既有对已经形成的新民主主义革命理论的丰富和完善,更有在新的实践基础上形成的关于社会主义革命和社会主义建设的正确理论原则和经验总结。主要包括:关于社会主义改造的理论;关于人民民主专政的理论;关于两类矛盾学说和正确处理人民内部矛盾的理论;关于探索适合中国国情的经济建设道路的思想;关于加强执政党建设的思想;关于独立自主、和平共处的外交政策等。中共十一届三中全会后,在邓小平的领导下,中国共产党解决了正确评价毛泽东同志的历史地位和毛泽东思想科学体系、根据新的实际和历史经验确立中国实现社会主义现代化的正确道路这两个相互联系的重大历史课题,为党和国家发展确定了正确方向。在新的历史条件下,毛泽东思想的科学体系不断得到丰富和发展。

毛泽东思想活的灵魂是贯穿其中的立场、观点、方法,其三个基本方面就是实事求是、群众路线、独立自主。实事求是是马克思主义的根本观点,是中国共产党人认识世界、改造世界的根本要求,是中国共产党的基本思想方法、工作方法、领导方法。坚持实事求是,就是坚持一切从实际出发,理论联系实际,在实践中检验真理和发展真理。群众路线是中国共产党的生命线和根本工作路线,是党永葆青春活力和战斗力的重要传家宝。坚持群众路线,就是坚持一切为了群众,一切依靠群众,从群众中来,到群众中去,把党的正确主张变为群众的自觉行动,把群众路线贯彻到治国理政全部活动之中。独立自主是中国共产党从中国实际出发、依靠党和人民力量进行革命、建设、改革的必然结论,是中国共产党、中华人民共和国立党立国的重要原则。坚持独立自主,就是始终把国家和民族发展放在自己力量的基点上,坚持民族自尊心和自信心,坚定不移走自己的路。正是坚持了这些立场、观点和方法,中国共产党才能创造性地发展马克思主义,不断推动中国社会的发展进步。

毛泽东思想是中国革命独创性经验的总结,是中国共产党集体智慧的结晶,党的许多卓越领导人对它的形成和发展作出了重要贡献,毛泽东的科学著作是它的集中概括。这一重要思想是马克思主义中国化第一次历史性飞跃的理论成果,是中国共产党和中国人民历尽艰辛获得的宝贵的精神财富,是中国革命和建设的科学指南,是中华民族的精神支柱。