Бас бет> ҚКП-ның 100 жылдығы

​30 мамыр қозғалысы

(ҚКП-ның 100 жылдығы)

08-07-2022 | russian.china.org.cn

30 мамыр қозғалысы

Гоминьдан партиясы мен Компартияның бірінші реткі ынтымақтастығы орнаған соң, ҚКП бүкіл елдегі жұмысшылар мен бұқараның қозғалыстарына үздіксіз басшылық етті. 1925 жылы 1 мамырда, Мемлекеттік Бас жұмысшылар ұйымы Гуанчжоуда құрылды, коммунист Линь Вэйминь, Лю Шаоцилер жеке-жеке комитет төрағасы және төрағаның орынбасары болып сайланды. 15 мамырда, Шаңхайдағы Нэйвай жетінші мақта фабрикасындағы Жапониялық капиталист жұмысшылар өкілі, коммунист Гу Чжэнхунды атып өлтірді және он шақты жұмысшыны жаралады. ҚКП Орталық комитеті жалға берілген аумақта империализмге қарсы кең көлемді ереуіл өткізу жөнінде шешім қабылдады. 30 мамыр күні Шаңхай жұмысшылары мен студенттер көше-көшелерде үгіт жасап қыр көрсетті, жалға берілген аумақтағы Наньцзин көшесінде тұтқиыл оқ атқан Англия шарлаушылары 13 адамды атып өлтіріп және есепсіз адамды жарақаттап, бүкіл елді түршіктірген 30 мамыр аянышты оқиғасын тудырды. Осыдан соңғы бірнеше күнде, Шаңхай және басқа да қалаларда Англия, Жапония әскерлері мен полицейлерінің Қытайлықтарды атып өлтіру оқиғалары үртіс туылды.

Бұл оқиға бүкіл ел халқын ызаға булықтырды. ҚКП ОК Цюй Цюбай, Цай Хэсэнь, Ли Лисань, Лю Шаочи және Лю Хуалардан қимыл комитетін ұйымдастырып, бүкіл Шаңхайлық жұмысшыларды, студенттерді, саудагерлерді қарсылық ереуіліне шақыру жөнінде шешім қабылдады. ҚКП-ның басшылығы мен ықпалы арқылы 30 мамыр қозғалысы лезде бүкіл елге жайылды, шамамен 17 млн-ға таяу адам қозғалысқа тіке қатысты. Бұл бүкіл ел көлеміндегі империализмге қарсы тұрудың алауын тұтатты және халықаралық ықпалы кең болған империализмге қарсы тұру күресі болды.

30 мамыр қозғалысы ҚКП-ның бүкіл елдегі ықпалын кеңейтті, коммунистердің саны бір жылда он есеге молайды. Бұл қозғалыс 16 айға созылған, 250 000 адам қатысқан Гуанчжоу-Сянган зор ереуіліне мұрындық болды, ұлы революцияның жоғары өрлеуінің көтерілуіне маңызды рөл ойнады.


五卅运动

第一次国共合作建立后,中国共产党继续领导全国的工人和群众运动。1925年5月1日,中华全国总工会在广州正式成立,共产党员林伟民、刘少奇分别当选为正、副委员长。5月15日,上海内外棉七厂的日本资本家枪杀工人代表、共产党员顾正红,打伤工人10余人。中共中央决定在租界内举行大规模的反帝示威活动。5月30日,上海工人和学生举行街头宣传和示威游行,租界的英国巡捕在南京路上突然开枪,打死13人,伤者不计其数,制造了震惊全国的五卅惨案。此后几天,在上海和其他地方又连续发生英、日等国军警枪杀中国人的事件。

这些事件,激起了全国人民的极大愤怒。中共中央决定由瞿秋白、蔡和森、李立三、刘少奇和刘华等组成行动委员会,组织全上海工人罢工、学生罢课、商人罢市的抗议运动。在中国共产党的领导和推动下,五卅运动迅速席卷全国,约有1700万人直接参加了运动,形成了全国规模的反帝怒潮和具有广泛国际影响的反帝斗争。

五卅运动扩大了中国共产党在全国的影响,党员数量一年内增加了10倍。这一运动直接推动了历时16个月、25万人参加的省港大罢工的兴起,对大革命高潮的形成起到重要的推动作用。