Бас бет> ҚКП-ның 100 жылдығы

Қытай жұмысшылар қозғалысының бірінші өрлеуі

(ҚКП-ның 100 жылдығы)

08-07-2022 | russian.china.org.cn

Қытай жұмысшылар қозғалысының бірінші өрлеуі

ҚКП құрылғаннан кейін, Қытай еңбек бірлестігінің хатшылар бөлімі күшті шоғырландыра отырып жұмысшылар қозғалысымен шұғылданды. ҚКП-ның жетекшілігімен, Қытай жұмысшы табының санасы тез өсті, жұмысшылар қозғалысында жаңа өрлеу болды. 1922 жылы қаңтарда, Сянган теңізшілерінің ереуілін бастау еткен Қытай жұмысшылар қозғалысының бірінші мәрте өрлеуі келіп жетті. Ереуіл Сянган теңізшілерінің капиталистерден еңбекақыны жоғарылату мен жұмыспен қамту көлемін ұлғайту жөніндегі үйлесімді талаптары тойтарылғаннан кейін басталды, ереуілге 100 000-нан аса жұмысшы қатысты. 56 күнге ұласқан күрес арқылы Сянган теңізшілерінің ереуілі жеңіспен аяқталды.

1922 жылы қаңтардан 1923 жылы ақпанға дейін, бүкіл ел көлемінде үлкенді-кішілі жүзден аса ереуіл болды. Бұған 300 000-нан аса жұмысшы қатысты. 1923 жылы 4 ақпанда, Бейжің-Ханькоу теміржол жұмысшыларының зор көлемді ереуілі Қытай жұмысшылар қозғалысын өрлеудің шырқауына шығарды. Ереуіл империализм мен кертартпа миллитаристердің үрейін ұшырды. 7 ақпанда милитарист У Пэйфу әскерлер мен полицейлерді жіберіп Бейжің-Ханькоу теміржолы бойындағы ереуілші теміржолшыларды тағылықпен жаныштап, Қытай мен дүниежүзін түршіктірген 7 ақпан аянышты оқиғасын тудырды. Бейжің-Ханькоу теміржолы Бас жұмысшылар ұйымының Цзян-ань бөлімшесінің төрағасы, коммунист Линь Сянцянь мен Хубэй өлкелік Жұмысшылар бірлестігінің заң кеңесшісі, коммунист Ши Яндар өлтірілді.

Бейжің-Ханькоу теміржол жұмысшыларының зор ереуілі жұмысшылардың жиналыс шақыру, ұйым құру сынды еркіндік құқықтары үшін туындады, ол “еркіндік үшін, адам құқықтары үшін күресу” саяси ұранын алға қойды, Қытай жұмысшы табының күш-қуатын анағұрлым әйгіледі, ҚКП-ның бүкіл ел халқына ықпалын кеңейтті. Ереуіл сәтсіз аяқтағанымен жұмысшылардың жаны мен ыстық қаны Қытай халқын оятты, оларға Қытай халқының жауы империализм мен феодал миллитаристер екенін айқын танытты, олармен ақтық деміне дейін күрескенде ғана нағыз бостандық пен азаттыққа қол жеткізе алатындықтарын түсіндірді.


中国工人运动第一次高潮

中国共产党成立后,建立中国劳动组合书记部,集中力量从事工人运动。在中国共产党的领导下,中国工人阶级的觉悟很快得到提高,工人运动开始出现蓬勃兴起的局面,以1922年1月香港海员罢工为起点,掀起中国工人运动的第一次高潮。罢工是由香港海员要求资方增加工资和扩大就业等合理要求被拒绝后开始的,参加罢工的工人达10多万人。经过56天的不懈斗争,香港海员大罢工最终取得胜利。

从1922年1月到1923年2月,全国共发生大小罢工100多次,参加罢工人数达30万以上。1923年2月4日爆发的京汉铁路工人大罢工,将中国工人运动第一次高潮推向顶点。罢工引起了帝国主义和反动军阀的恐慌。2月7日,军阀吴佩孚调动军警在京汉铁路沿线血腥镇压罢工工人,制造了震惊中外的二七惨案。京汉铁路总工会江岸分会委员长、共产党员林祥谦与湖北省工团联合会法律顾问、共产党员施洋等被杀害。

京汉铁路工人大罢工是为争取工人集会、结社的自由权利而爆发的,它鲜明地提出了“为自由而战,为人权而战”的政治口号,进一步显示了中国工人阶级的力量,扩大了中国共产党在全国人民中的影响。罢工虽然遭到失败,但工人的生命和鲜血进一步唤醒了中国人民,使他们更加清楚地认识到帝国主义和封建军阀是中国人民的敌人,必须与之斗争到底,才能获得真正的自由和解放。