Бас бет> ҚКП-ның 100 жылдығы

​ҚКП-ның құрылуы

(ҚКП-ның 100 жылдығы)

08-07-2022 | russian.china.org.cn

ҚКП-ның құрылуы

ҚКП 1920 жылдары, Таяу заманғы Қытай қоғамы мен халықтық революциялық күрестің дамуындағы табиғи қажеттен туды. Ол Марксизм-Ленинизмнің Қытайдағы жұмысшылар қозғалысымен ұштасуының туындысы.

1920 жылдың басында, ҚКП-ның негізін қалаушы Ли Дачжао мен Чэнь Душю Бейжің, Шаңхай қалаларында жеке-жеке қимыл өрістетіп, ҚКП-ның құрылуына дайындықтар жасады. Наурыз айында, Ли Дачжаодың ұсынысымен Бейжің университетінде Марксизм іліми қоғамы құрылды. Бұл Қытайдағы ең ертеде құрылған Марксизмді үйрену, зерттеу қоғамы саналады. Мамыр айында, Чэнь Душю Шаңхайда Марксизм зерттеу қоғамын құрды. Осы негізде сол жылы маусымда, Чэнь Душю қатарлылар коммунистік партия ұйымын құру жөнінде шешім қабылдады. Партияның аты жөнінде Чэнь Душю Ли Дачжаодан кеңес сұрағанда, Ли Дачжао “коммунистік партия” деп атау керектігін дәріптеді, Чэнь Душю бүкілдей қолдайтынын білдірді.

Түрлі дайындықтар арқылы 1920 жылы тамызда, Шаңхайда коммунистік партияның бастапқы ұйымы ресми құрылып, “Қытай Коммунистік Партиясы” деп атала бастады, Бұл Қытайдағы бірінші коммунистік партия ұйымы саналады. Коммунистік партияның Бейжіңдегі алғашқы ұйымы 1920 жылы қазанда ресми құрылды, сол тұста “Коммунистік партия группасы” деп аталды. Осыдан соңыра Ухань, Чанша, Цзинань, Гуанчжоуларда да коммунистік партияның жергілікті ұйымдары арт-артынан құрылды. Еуропа мен Жапонияда Қытайлық студенттер мен эммигранттар арасындағы алғабасарлар тарапынан да коммунистік партияның алғашқы ұйымдары құрылды. Жер-жердегі коммунистік партияның алғашқы ұйымдарының құрылуы Марксизмнің таралуын және оның Қытай жұмысшылар қозғалысымен ұштасуын тездетті, Қытайда коммунистік партияның құрылуына шарт әзірледі.

1921 жылы 23 шілдеде, ҚКП I құрылтайы Шаңхайда шақырылды. Сыртқы күштердің кедергісімен, құрылтайдың ең соңғы күні делегаттар жиналысты Чжэцзян өлкесіндегі Цзясин Наньху көлінде қайықта өткізді. Құрылтайға мемлекеттің жер-жерінен және Жапониядан келген делегаттардан Ли Да, Ли Ханьцзюнь, Дун Би-у, Чэнь Таньцю, Мао Цзэдун, Хэ Шухэн, Ван Цзиньмэй, Дэн Эньмин, Чжан Готао, Лю Жэньцзин, Чэнь Гунбо, Чжоу Фохай, сондай-ақ Чэнь Душю көрсеткен делегат Бао Хуйцзэндар қатысты. Олар бүкіл мемлекеттегі 50 шақты коммуниске өкіл болды. Коммунистік Интернационалдың (Коминтерннің) өкілдері Маринмен Никольский сырттай қатысты. Құрылтайда «Қытай Коммунистік Партиясының тұғырнамасы» қабылданды, партияның аты “Қытай Коммунистік Партиясы” деп бекітілді. Партияның тұғырнамасында: революцияшыл армия пролетариатпен біріге отырып, капиталистік билікті аударып тастау; пролетариат диктатурасын таптық күрес аяқталғанға дейін мойындау, яғни қоғамның таптық айырмасын жою; капиталистердің жеке меншігін жою, машиналарды, жерді, зауыт үйлерін және жартылай өнімдер секілді өндіріс құралдарын тәркілеу, оларды әлеуметтік жалпы меншікке тәуелдеу; үшінші Коминтеринмен бірлесу деп белгіленді. Партия тұғырнамасында жұмысшыларды, диқандарды, әскерлерді ұйымдастыру, партияның түбірлі саяси мақсаты қоғамдық революция жасау екенін мойындау деп белгіленді. Партия тұғырнамасы жарғы сипатындағы құжаттарды да қамтыды, онда демократиялық орталықтандыру тәртіптемесі сынды ұйымдық принцип пен партиялық тәртіп белгіленді. Құрылтайда ҚКП құрылғаннан кейінгі өзекті міндет жұмысшылар қозғалысына жетекшілік ету әрі жұмысшылар қозғалысын өрістетудің ұйымдық және үгіттік қызметтері туралы нақты белгілемелерді қабылдау жөнінде қаулы қабылданды. Құрылтайда сайлау арқылы ҚКП-ның уақытша басшылық құрылымы ― Орталық бюро қалыптасты. Чэнь Душю бас хатшы болып сайланды, Чжан Готао ұйымдық қызметке, Ли Да үгіт қызметіне жауапты болды.

I құрылтай ҚКП-ның ресми құрылуын жариялады. Осыдан соң байырғы, мешеу Қытайда шыт жаңа, Марксизм-Ленинизмді әрекет бағдарламасы, Социализм мен Коммунизм құруды күрес нысанасы еткен, бірлікке келген, әрі бірден-бір пролетариаттық саяси партия өмірге келді. ҚКП құрылғаннан кейін Қытай революциясының бет-бейнесінде жаңару болды.

 


中国共产党诞生

中国共产党诞生于20世纪20年代,是近代中国社会及中国人民革命斗争发展的必然结果,是马克思列宁主义同中国工人运动相结合的产物。

1920年年初,中国共产党创始人李大钊与陈独秀在北京和上海分别活动,筹建中国共产党。3月,李大钊发起成立了北京大学马克思学说研究会,这是中国最早的学习和研究马克思主义的团体。5月,陈独秀在上海组织了马克思主义研究会。在此基础上,同年6月,陈独秀等决定建立共产党组织。关于党的名称,陈独秀征求李大钊的意见,李大钊主张定名为“共产党”,陈独秀表示完全同意。

经过酝酿和准备,1920年8月,上海的共产党早期组织正式成立,取名为“中国共产党”,这是中国的第一个共产党组织。北京的共产党早期组织于1920年10月正式成立,当时取名为“共产党小组”。此后,武汉、长沙、济南、广州等地先后建立起共产党的地方组织。在欧洲和日本,中国留学生和侨民中的先进分子也建立了共产党的早期组织。各地共产党早期组织的建立有力促进了马克思主义的进一步传播及其同中国工人运动的结合,为在中国建立共产党准备了条件。

1921年7月23日,中国共产党第一次全国代表大会在上海召开。因受外部干扰,最后一天的会议转移到浙江嘉兴南湖一艘游船上举行。参加大会的有国内各地及旅日早期党组织的代表李达、李汉俊、董必武、陈潭秋、毛泽东、何叔衡、王尽美、邓恩铭、张国焘、刘仁静、陈公博、周佛海,还有陈独秀指定的代表包惠僧。他们代表着全国50多名党员。共产国际代表马林和尼科尔斯基列席了这次大会。大会讨论并通过了《中国共产党纲领》,确定党的名称为“中国共产党”,规定党的纲领是:革命军队必须与无产阶级一起推翻资本家阶级的政权;承认无产阶级专政,直到阶级斗争结束,即直到消灭社会的阶级区分;消灭资本家私有制,没收机器、土地、厂房和半成品等生产资料,归社会公有;联合第三国际。党纲明确提出,把工人、农民和士兵组织起来,承认党的根本政治目的是实行社会革命。党纲还包含属于党章性质的一些条文,规定了民主集中制的组织原则和党的纪律。大会通过决议,确定中国共产党成立后的中心任务是领导工人运动,并对开展工人运动的组织和宣传等工作作了具体规定。大会选举产生了中国共产党中央临时领导机构——中央局,陈独秀为书记,张国焘负责组织工作,李达负责宣传工作。

中共一大正式宣告了中国共产党的成立。从此,在古老落后的中国出现了完全新式的、以马克思列宁主义为行动指南的、以实现社会主义和共产主义为奋斗目标的、统一的和唯一的无产阶级政党。这是近代以来中国社会进步和革命发展的客观要求,是中国历史上开天辟地的大事件。自从有了中国共产党,中国革命的面貌焕然一新。