Бас бет> ҚКП-ның 100 жылдығы

​ҚКП VI құрылтайы

(ҚКП-ның 100 жылдығы)

08-07-2022 | russian.china.org.cn

ҚКП VI құрылтайы

Ұлы революция жеңіліске ұшыраған соң, ҚКП революцияға дербес жетекшілік ету жолын таңдады. Қытай қоғамының, сондай-ақ революцияның сипаты, объектісі, қозғаушы күші, болашағы, т.б. секілді революцияның жеңіс-жеңілісіне саятын келелі мәселелер партияның мемлекеттік құрылтайын шақыру арқылы шешу керектігін шұғыл қажет етті.

 1928 жылы 18 маусымнан 11 шілдеге дейін, ҚКП ОК VI құрылтайы Мәскеуде құпия ашылды. Құрылтайға 142 делегат қатысты, мұның ішіндегі шешуші дауысқа ие ресми делегат 84 адам. Цюй Цюбай V кезекті ОК атынан «Қытай революциясы мен Қытай Коммунистік Партиясы» деген тақырыптағы саяси баяндаманы, Чжоу Эньлай ұйымдық баяндама мен әскери істер жөніндегі баяндаманы, Ли Лисань диқандар  мәселесі жөніндегі баяндаманы, Сян Чжунфа жұмысшы-қызметшілер қозғалысы жөніндегі баяндаманы жасады, Коминтерннің өкілі Н.И.Бухарин «Қытай революциясы мен Қытай Коммунистік Партиясының міндеттері» деген тақырыпта баяндама жасады.

ҚКП VI құрылтайында саяси, әскери істер, ұйымдастыру, кеңестік билік, диқандар, жер, жұмысшы-қызметшілер, үгіт, ұлт, әйелдер, жастар одағы, т.б. мәселелер жөнінде қаулы қабылданды, өзгерістер енгізілген «ҚКП-ның жарғысы» тексеріп мақұлданды. Құрылтайда жаңа кезекті ОК мен Орталық тексеру комитеті құрылды. Осыдан соңыра шақырылған ҚКП VI кезекті ОК-ның бірінші пленумында Орталық саяси бюро сайланды, әрі Су Чжаочжэн, Сян Чжунфа, Сян Ин, Чжоу Эньлай, Цай Хэсэньдар Орталық саяси бюроның тұрақты мүшесі, Ли Лисань, Ян Инь, Сюй Сигэньдер Орталық саяси бюро Тұрақты комитетінің кандидат мүшесі болып сайланды, Сян Чжунфа Орталық саяси бюроның төрағасы, қосымша Орталық саяси бюросы Тұрақты комитетінің төрағасы, Чжоу Эньлай Орталық саяси бюросы Тұрақты комитетінің бас секретары болып сайланды.

ҚКП VI құрылтайы ерекше тарихи жағдайда шақырылған аса маңызды мән алатын құрылтай. Құрылтайда ұлы революция жеңіліске ұшырағаннан бергі тәжірибе-сабақтар мұқият қорытындыланды, Қытай революциясының бірқыдыру түбірлі мәселелері жөніндегі берген жауабы негізінен дұрыс болды. Ол кезінде ҚКП-ны мазалаған екі ірі мәселені шоғырлы шешті: біріншісі, Қытай қоғамының сипаты мен революцияның сипаты мәселесінде кезектегі Қытай әлі де жартылай отар, жартылай феодалдық қоғамдағы мемлекет, Қытай революциясына мұрындық болатын басты қайшылықтардың біреуі де шешілмеді, кезектегі Қытай революциясы буржуазия сипатындық демократиялық революция. Екінші, революцияның сипаты мен партияның міндеті жөніндегі мәселеде революцияның бәсең күйде екенін, партияның бас саражолы бұқараны өзіне тарту, партияның өзекті қызметі түрлі жолдармен көтеріліс ұйымдастыру емес, қайта бұқаралық қызметті жанқиярлықпен істеу, күшті топтау. Тарихи дамудың шектемелігіне байланысты, ҚКП VI құрылтайының Қытай революциясының ерекшелігі, Қытай революциясының өзекті мәселелері, Қытай революциясының жауы, ҚКП қызметтерінің өзекті түйіні, т.б. мәселелер жөніндегі танымы жеткілікті болмады, алайда құрылтайдың қаулысы жеткізілген және дәйектіленгеннен кейін, негізінен бүкіл партияның идеясын бірлікке келтірді, революциялық қозғалыстардың дамуына белсенді рөл атқарды.


中国共产党第六次全国代表大会

大革命失败后,中国共产党开始走上了独立领导中国革命的道路。在关于中国社会性质以及革命性质、对象、动力、前途等关系革命成败的重大问题上,迫切需要召开一次党的全国代表大会认真加以解决。

1928年6月18日至7月11日,中国共产党第六次全国代表大会在莫斯科秘密召开。出席大会的代表共142人,其中有表决权的正式代表为84人。瞿秋白代表第五届中央委员会作《中国革命与共产党》的政治报告,周恩来作组织报告和军事报告,李立三作农民问题报告,向忠发作职工运动报告,共产国际代表布哈林作《中国革命与中国共产党的任务》的报告。

中共六大通过了关于政治、军事、组织、苏维埃政权、农民、土地、职工、宣传、民族、妇女、青年团等问题的决议,审议通过经修改的《中国共产党章程》。大会选举产生了新一届中央委员会和中央审查委员会。随后召开的中共六届一中全会选出中央政治局,并选举苏兆征、向忠发、项英、周恩来、蔡和森为中央政治局常委会委员,李立三、杨殷、徐锡根为中央政治局常委会候补委员,选举向忠发为中央政治局主席兼中央政治局常委会主席,周恩来为中央政治局常委会秘书长。

中共六大是在特定历史时期和历史条件下召开的具有重大历史意义的会议。大会认真总结了大革命失败以来的经验教训,在一系列有关中国革命的根本问题上作出了基本正确的回答。它集中解决了当时困扰中国共产党的两大问题:一是在中国社会性质和革命性质问题上,指出现阶段的中国仍然是半殖民地半封建社会的国家,引起中国革命的基本矛盾一个也没有解决,现阶段的中国革命是资产阶级性质的民主主义革命。二是在革命形势和党的任务问题上,明确了革命处于低潮,党的总路线是争取群众,党的中心工作不是千方百计地组织暴动,而是做艰苦的群众工作,积蓄力量。由于历史发展的局限性,中共六大对中国革命的特点、中国革命的中心问题、中国革命的敌人、中国共产党的工作重心等问题认识不足,但大会决议传达贯彻后,基本上统一了全党思想,对革命运动的发展产生了积极的作用。