Бас бет> ҚКП-ның 100 жылдығы

​Цзинган тауы революциялық базасы

(ҚКП-ның 100 жылдығы)

08-07-2022 | russian.china.org.cn

Цзинган тауы революциялық базасы

1927 жылы қазанда, Мао Цзэдун жетекшілік еткен Күзгі жиын-терім көтерілісші армиясы Цзянси өлкесінің Цзинган тауына келіп, ілгерінді-кейінді Цзинган ауданы, Юнсинь ауданы, Чалин ауданы, Суйчуань аудандарында қарулы күштер топтап, партизандық соғыс өрістетті, диқандарға жетекшілік етіп азулы алпауыттарға соққы берді, олардың егістіктерін бөліске салды, қызыл билік орнатып, жұмысшы-диқандардың қарулы тәуелсіз режімін қалыптастырды, ауыл революциялық базасын құрды.

1928 жылы сәуірдің соңында, Наньчан көтерілісші қосындарының қалдық күштері мен Оңтүстік Хунань көтерілісші диқандар армиясын бастап келген Чжу Дэ, Чэнь Илар Цзинган тауында Мао Цзэдун жетекшілік еткен жұмысшы-диқан революциялық армиясымен қауышып, жұмысшы-диқан революциялық армиясының 4 корпусы (кейінірек жұмысшы-диқан қызыл армиясының 4 корпусы деп аталды) болып жасақталды. Мао Цзэдун партия өкілі және әскери комитеттің хатшысы, Чжу Дэ корпус командирі болып тағайындалды. 20 мамырда, Мао Цзэдун Хунань мен Цзянсидің шекаралық өңірінің I құрылтайын шақырды. Құрылтайда Мао Цзэдун хатшы болған Хунань мен Цзянсидің шекаралық өңірінің арнайы комитеті құрылды. Қазанда Хунань мен Цзянсидің шекаралық өңірінің II құрылтайында Мао Цзэдун жазған қаулы қабылданып, Қытай қызыл билігінің қалыптасу және өмір сүру себептері талқыланды, “жұмысшы-диқан тәуелсіз режімінің” мәні мен тәжірибелері атап өтілді, партия мен армиядағы кейбіреулер алға қойған “қызыл туды қашанға дейін көтереміз” деген күмәнді сауалдарға: тек тоқтаусыз алға ілгерілейтін революциялық жағдай болғанда, ең жақсы партия болғанда әрі дұрыс саясат белгілей алғанда, ең жақсы бұқара болғанда, біршама мығым қызыл армия қарулы күштері болғанда, соғыс жүргізуге қолайлы жер жағдайы мен қамдай алатын жеткілікті экономикалық қуат болғанда ғана қызыл билік өмір сүре алады және дамиды деп жауап берді. Желтоқсанда Пэн Дэхуай, Тэн Дайюаньдар жетекшілік еткен қызыл 5 корпустың негізгі күштері Цзинган тауына келіп, қызыл 4 корпуспен қауышты. Осыдан соң, қызыл армия жаудың көп мәрте “қоршап жоюын” талқандап, революциялық базаны үздіксіз ұлғайтты, кемел шағында аталған база Нинган, Юнсинь, Ляньхуа аудандары мен Суйчуань, Цзи-ань, Аньфу аудандарының бір бөлігін қамтыды. 1929 жылы қаңтарда, Мао Цзэдун, Чжу Дэлер бастаған қызыл 4 корпустың негізгі күштері Оңтүстік Хунань мен Батыс Фуцзяньға енді, Пэн Дэхуай бастаған қызыл армияның бір бөлім қосындары Цзинган тауында қалып күресті жалғастырды.

Революцияның бәсең тұсында, ауыл революциялық базасын құру Қытай революциясының дұрыс бағытпен алға басуынан дерек берді, Қытай революциясының өзекті қызметін қаладан ауылға ауыстыру сынды ұлы стратегиялық ауысуды жүзеге асырды, “Ауыл арқылы қаланы қоршауға алу, билікті қарулы күшпен тартып алудай” жаңа жолға қадам қойды.


井冈山革命根据地

1927年10月,毛泽东率领秋收起义部队到达江西井冈山,先后在宁冈县、永新县、茶陵县、遂川县等地发展武装力量,开展游击战争,领导农民打土豪分田地,建立红色政权,实行工农武装割据,创建农村革命根据地。

1928年4月下旬,朱德、陈毅率领南昌起义保存下来的部队和湘南起义农军到达井冈山,与毛泽东领导的工农革命军会师,合编为工农革命军第四军(后改称工农红军第四军),毛泽东任党代表和军委书记,朱德任军长。5月20日,毛泽东主持召开中国共产党湘赣边界第一次代表大会,会上成立了以毛泽东为书记的湘赣边界特委。10月,中国共产党湘赣边界第二次代表大会通过了毛泽东起草的决议,分析了中国红色政权发生和存在的原因,指出实行“工农武装割据”的意义和经验,回答了党内和红军内部有人提出的“红旗到底打得多久”的疑问:只要有继续向前发展的革命形势,有很好的党并制定正确的政策,有很好的群众,有相当力量的红军,有便利于作战的地势和提供足够给养的经济力,红色政权就能够存在和发展。12月,彭德怀、滕代远率领红五军主力到达井冈山,与红四军会师。此后,红军粉碎了敌人多次“进剿”,根据地不断扩大,全盛时期包括宁冈县、永新县、莲花县和遂川县、吉安县、安福县部分等地。1929年1月,毛泽东、朱德率领红四军主力向赣南、闽西挺进后,彭德怀率一部红军留下坚持井冈山的斗争。

在革命低潮时期,农村革命根据地的创建,代表着中国革命发展的正确方向,为中国革命的中心工作完成从城市到农村的伟大战略转移,开辟了“农村包围城市,武装夺取政权”的新道路。